Ақ келін боп аттадың босағаны

Өз ойым /
Бір-ақ күнде қуантып қос ананы,
Ақ келін боп аттадың босағаны ©

Кеш.
Дала қараңғы. Жаңбыр біресе құйып, біресе саябырлайды.

Соңғы қалған бауырсақтарды пісіріп үлгере алмай әпкем екеуміз әуреміз. Кешелі бері ұйқы көрмей, тыным таппай жұмысқа жегілсек те езуімізде күлкі, көзде қуаныш. Бүгін жеңешем келетін күн.

Мамам қоңыраулатып пәлен деген жерде келе жатқандарын хабарлады. Үйдегі бала-шаға боп улап-шулап жүріп есікті айқара ашып тастадық. Баяу музыка ойнайды. Көп күттірмей үлкендер мінген машина келді. Келін мінген көлік әлі жолда екен. Дәл осы жерін жеткізе алмай жатырмын, әйтеуір келді ғой бір уақытта қиқулатып. Музыка әуенін күшейте түсті.

— Келін келді, келін келді…

Жеңешем қазақи көйлек пен сәукеле киіп келді. Бата беріп, басына орамал тағып, адыраспандатып… очм, ол уақытта түрін көре алмадық. Екі жағынан ұстаған екі жеңгем қолтықтап шымылдырықты отауға алып кетті. Далада жаңбырға қарамай биді ұрып жатыр үлкендер. Қыз артынан еріп келген екі жеңгесі, бір әпкесі, бір сіңлісі, бір құрбысы бар соларды күтіп әуре.

Арнайы жайылған ақ дастархан басында еріп келген құдаларды күтіп, ішкізіп, жегізіп. Билетіп, ойнатып, күлдіріп, сый-сыяпаттарын бергізіп болып ағам жолдастары түннің бір уағында кері апарып тастады.

Бір топ ағамның жолдастары қалды дастархан басында, ырду-дырдумен олар түнгі 3.тер шамасына дейін отырды. Ананы айтып, мынаны айтып әрең тарқасты-ау))) Ертеңгі беташарға таңертеңгісін тұрып дастархан жаю керекпіз, мына дастарханды жинап, ыдыстарды жуу керекпіз. Менің уайымым осы болды)))

Ертеңіне бес жерге дастархан жайып тастадық. 20 келі күрішпен палау басылды.
Тамақ желініп, жаңбыр саябырсып, күн көзі жылт еткенде беташар да басталды. Далаға жайылған кілем үстіне кеше киіп келген сәнді көйлегімен шығарылды жеңгем. Әр атаған сайын иіліп тұрып сәлем салынды:

Сәукеле үстінен кеше жапқан үкілі орамалды іліп қойыпты, тіпті қызық болды)) Бетін ашқанда тіпті ешкім түрін көре де алмады, көз тиеді дегізіп бір ашқан соң қайта жауып қойды онысын)))

Сонымен, ақша тасталып, көпшіліктің: «бақытты бол», "өркенің өссін, айналайын", "үбірлі-шүбірлі бол" деген тілегімен адыраспандап жеңешем үйге қайта кірді.

_________________________________________________________________________________

Құдалықтан қайтқан құдалар мақтап, ырза боп қайтты. Қанша қызықтарын айтса да өз көзіммен көріп, басы-қасында болмаған соң баяндау қызықсыз секілді.

Оданда суреттер сөйлесін. Мынау менің жеңешем көз тиіп кетпесін, түкіріп қойыңыздар))): (көрімдіктен дәмелімін)) )

Ағам, жағам, орманым, қорғаным:


Басқа суреттер қызық бола қоймайтын шығар. Не дейін басқа, түүү көктемде басталған "үйлену" жыры осылайша күздің соңғы айларында аяқталып еді.

Пы/сы: Жеңешемнің нағыз өз үйіндегі алғашқы күндері туралы жазу енді тым артық болып кететін секілді. Осымен аяқтайын. )))

Пы/сы/сы: Жұғыcты болсын. Бақытты болыңыздар!

74 пікір

Ak123
Жеңгеңіз әдемі екен))) Бақытты болсын, сіздің де бағыңыз ашылсын!
mairosh
Түнгі 3 тер шамасы дегенге қарағанда алып қашқан ба? )) Неге түнделетіп жасап жатыр?
Korkem
жоға, қызды үйінен ұзатқанда күн батқан болуға тиіс және күн шықпай тұрып үйге әкеліп қою керек емес пе? Құдалықпен бірге қызды ұзатып алып келді ғой түнде, ал ертеңіне беташар жасадық.
mairosh
Негізі Ордада деп айтпай ақ қойян, бірақ біз жақта қызды ұзатқанда түскі сағат 12ге дейін болады. Білмеймін не ырымы барын. Менің түсінігімше қыздын үйі сіздің үйңізден алыстау болса керек)))
didi0393
bakytty bolsyn inshallah)jengem sulu eken tfaitfai) sizderde betasharda sabau koimaima ne?
beko
Құтты болсеееееен! Ағаң денесі шамалы арықтау екен, шамалы. Ал, жишеңізге сөз жоқ.
AKA
Түүүүһ, құрметті де қадірменді Берікбол мырзаны сөйлеткен жазба болды-ау?! Браво, Көркем, жиірек жазсаңшы, бұ кісіні сөйлету анау-мынау адамның қолынан келмейді екен, ә?!
Korkem
муахахах кеЧ
qyrmyzy
ну, жазбаны да бағалапты. Уаще бағаламайтын
qyrmyzy
Ағаң денесі шамалы арықтау екен, шамалы.
жыртық тесікке айтып жатыр ма?
Korkem
кеЧі
qyrmyzy
өтірік деші??? Беко менің құшағыма сыпокойны © сияды. Қолым екі оралады
Korkem
менің құшағыма
ұжЫс
qyrmyzy
рас қой. Сенің көзіңше, сенің көзіңшесіз қаншама рет…
m170785
Ал Көркемжан, құтты болсын. Құдай қаласа айтаберліктермен кездесіп жатсақ, сіз бізге жуып шайып бересіз, ал біз көрімдікті айтаберлік болып берерміз )
Delfina
Тфә-тфә, жеңешен сұлу екен. Ағанмен бақытты болып, ұзақ ғұмыр кешсін.
Korkem
амин! айтқаныңыз келсін!
qyrmyzy
:(
m170785
Қырмызы неге тымырайып қалды?
qyrmyzy
Delfina
«Бір қыздың тойында қырық қыздың жүрегі ауырадыға» келтіріп отқан сияқтыма қалай?))
qyrmyzy
апаааааааааа
Delfina
Бәсееее))) Қырмызы неге томсырая қалды десем. Жылама, жанымка, сағанда уақыт келер. Көркемнің ағасынан басқа Қайырбекте үйленбепті.мыс.
qyrmyzy
апааа, ойыңыз....ұжс. Андай нетіп сәлем салғым кемид басқааааа семья неееет
Guka
Аға-жеңешеңіз әп-әдемі ақ екен! Тфә-тфә))) Бір-біріне жарасып-ақ тұр! Құтты болсын!
Aikona
Жеңгең әдемі екен, бақытты болсын!
Jako
Ооо,қазақ халқының өркендеуіне тігілген тағы бір шаңырақ, құтты болсын! Жастарға бақыт тілеймін!
Korkem
рахмет, ағасы
mairosh
Үйлену тойын тойхана, кафелерде емес, осылай үйде болғаны қызықты болатын сияқты екен.
Бақытты болсын, ендігі жылы шілдехананың қалай болғаның жазып отыр))
dimash
жоғарыдағы менің пікірім
Korkem
астыңғы пікір саған ендеше :))
dimash
На на на на таката, на на на на таката деп билид екецндер го
Korkem
шәйнек-ау, бұл беташар ғой. Үйлену тойы онсыз да тойханада болады)))
banzaika1990
Бақытты болсын!!! Жеңешеңіздің аты Ботакөз емес пе?! Көздері әдемі екен, тұп тұнық, қарай бергім келеді, қарай бергім.
ereke_enu
Молча завидую)
qyrmyzy
Ерекеееееее, саған өзім қыз тауып бермесем осыдан…
Korkem
өзім де бармын дей қойшиш
qyrmyzy
қойшшишииии, басым бос емес қо
Korkem
ну енД біреулердің көзінше/көзіншесіз біреулерді құшақтағанша… дегенім ғо енД
qyrmyzy
Қызғанбааа, Беко досым ғо. Мықты жігіт. Құшақтағанның өзі бір бақыт
ereke_enu
Сөйтші, намаз оқитын, сыпайы келген, тамақ дәмді істейтін ҚЫЗ болса, мен уже сындым))
qyrmyzy
намаз оқитын
бірінші кезекте ме?
ereke_enu
Ия, бірінші кезекте. Нұр үстіне нұр болар еді. Басқаларымен проблема бола ма деп қорқам)
qyrmyzy
не ма, сені қалай жарнамалайын?
ereke_enu
Білмейді екем. Бұл жағын мүмкін жекеде? Жаман әдеттері көп, ашуланшақ, мінезі оңбай қалған, қырсық, бірақ, в глубине души өте жақсы адам десең боп қалатын шығар)
qyrmyzy
ық ық, жекеге суретіңмен бірге жазжер
AKA
Түүүй, басым бос емес дедім ғҰә жәй ойнаватрмиии
qyrmyzy
соол, сені нетин ба десем… даж өзім де жарамайды екем...
sezim_seli
Өнегелі отбасының бірі болсын! Жеңгеңіздің жолын сіз бен бізге бұйыртсын!..
AKA
Тамаша, құтты болсын тағы да, той тойға ұлассын! Аллаһ шаңырақтарына бақ-береке, қуаныш пен иманды ұрпақтар нәсіп етсін! :) Анаааау суретте ше, орамалды қатты тартып ұстап тұрған сияқты екен, келінді орап тастаған сияқТ :))
Korkem
амин! Айтқаныңыз келсін! :)))
AKA
Сіздің де орамалды суретіңізді көруді бұйырсын, инш! :)
qyrmyzy
эхх, Көркемнің орамалды суретін салуды жазсын
mairosh
аминь оебай амин))
qyrmyzy
сенің де, қыз-ау
mairosh
сенің не? бәріміздің мухахах))
qyrmyzy
алдымен сендер:)
AL-ASTER
Бақытты болсын!!! :-)
bekzada
қызыға оқыдым. Шаңырағы биік уығы кең, бақытты отбасы болсын!
eclipse9
))) уығы емес керегесі дегің келген болар. Құтты болсын, ең бастысы жеңгеңнің құрсағы биылғы Лондондағы біздің спортшыларымыз тапқан алтыннан кем бала көтермесін… сөйтсінде, өзі де алтын медальдың иегері атансын))) Сол кезде менде қуанып жатам шын)
bekzada
ия, рахмет, керегесі кең)
Korkem
мына тілегіңізге әжептеуір сынып отырмын, амин! Айтқаныңыз айдан анық келсе бір бұйымтайыңыз менен болсын :)))
eclipse9
Жоға о не дегенің! еркек басыммен сөзіме бола қыздан бірдеңе дәмететіндей не күн туды басыма! Біздікі сол ел көсегесін көгертіп, мерейін үстем ететін атпалдай азаматтар мен кер марал азаматшаларымыздың көбеюіне тілекші болу ғой!)))
didar
жұғысты болсын, әпке!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.