Өз ойым!

Өз ойым /
Бұл ойым бұрыннан бері бар еді, қазір соны жаздым. Бір өсиет әңгіме естіген едім:
Бір кезде қазақтар, еврейлер, орыстар бір үлкен орда қалып қояды. Еврейлер — кішкене қу халық болғасын, барлығы жұмыла бір-біріне қол ұшын созып, тырмысып ордан бірінші болып шығып кетеді.
Орыстар ақылды болғасын — ұрысып-таласып, бірақ соңына келгенде барлығы келісіп, бірге істесе жұмыс оңай дегендей, барлығы жұмылып шұңқырдан шығып кетеді.
Ал қазақтарға келетін болсақ — олар біреуі шығып бара жатса екіншісі артынан тартқылап, құлатытын болады. Қазақтарда көре алмаушылық деген түсінік бар. Бір-бірінің жетістіктерін көре алмай құлатады. Щұңқырдағыға келетін болсақ — қазақтар әлі сол шұңқырдан шыға алмай келеді…
Қазақтарда ауыз біршілігі жоқ. Бірін-бірі көре алмайды. Бір кісі іс бастағанда демеп жіберудің орнына, басқалар «ол менен асып кетеді ғой» деген түсінікпен артқа тарта бастайды. Немесе біреу істі бастаған кезде "қой сен істей алмайсың" дегендей пікірлер кетеді немесе жай ғана өздері шеттен мысқылдап, келеке қылады.

Көре алмаушылық барлығында емес іші тар адамдарда болады, бірақ іші тар адамдар халықтың басым көпшілігін ала ма деп қалдым өзім…

8 пікір

AKA
Ойыма тоқып алдым, есімде жүретін болады ылғи. Бірақ, көреалмаушылықты бүкіл қазаққа таңудың қажеті жоқ. Аййй, жарайды қойдым. Бәрің жақтырмайсыңдар әйтеуір, қателеріңді айтсам, жеккөрінішті болып шыға келем. Үндемеймін, соған көңілдеріңіз жайланатын болса…
Daka_sss
Көре алмаушылық барлығында емес іші тар адамдарда болады, бірақ іші тар адамдар халықтың басым көпшілігін ала ма деп қалдым өзім… деген сөздер сізді қызықтырмайды ма? әрине бар жақсы адамдар, сіз де осылардың қатарында екеніңізге күмәнім жоқ, қателік болса айтыңыз, шұқып айтпағанда қалай түсіндіруге болады?
AKA
Енді, айтыватрм ғой, жылы-жұмсақ етіп жеткізудемін. Оны басқалар қатты қабылдайды да, ренжіген сыңай танытады. Көңілім түсіп отыр, жарайды, кеттім.
Korkem
Құдайым-ау, баяғы СЖ-да таласқан сіз бе едіңіз? Жиырма саусақ бірдей емес. Жоғарыда келтірілген мысал анекдот болса керек еді ғой. Кім не десе де қазақтарға ешкім жетпейді ғой…
Daka_sss
СЖ мен емес, иа қазақтарға ешкім жетпейді, мен қазақпын, бірақ кемшіліктерді айтқанда қабылдай алмаймыз.
AKA
Сұрақ-жауапта жоқпын, қателеспеңіз, оның үстіне таласып, дауласқанды жек көрем. Айтарымды айттым, басқа алып-қосарым жоқ!
Korkem
Сізге айтқам жоқ, пост авторына айттым.
AKA
Онда маған пікір білдірудің қажеті жоқ болатын…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.