Алғаш "Айтаберде"

Өз ойым /
Армысыздар, азаттық таңының астында аяғын әлі де абайлап басып жүрген алаштың азаматтары мен азаматшалары!!! Жолдас-жораларымнан осы сайт туралы естіп, бүгін міне, сіздердің аумағы ат шаптырымдай ауылдрыңызға қоныс аударап, қатарларыңыздың көбеюіне өзімдік үлесімді қосуға келдім!!! Қара сөздің қаймағына қолымыз жетпеседе, қаспағын қырып жеген қарапайым қазақтың бір ұлымыз. Осы Ортадан орамды ой, ұтыпды пікір, тұшымды тіркес, сұлу сөздер алсам деп келдім. Бұл мекенге келелі мәселелерге келгенде ат тонын ала қашпай, ашынып тұрса да асықпай, ашылып айтатын жастар шоғырланған деген соң келдім! АЛ ОНДА бөрі намысты, жылқы мінезді, арыстан тұлғалы азаматтар мен аққу келбетті, гитара мүсінді, домбыра үнді жас азаматшалар жаңа жауынгерден жалынды сәлем!!!

22 пікір

Jako
Қош келіпсіз, төр сіздікі…
yesbolat83
Қош келдің, eclipse9. Халқыңа пайдалы посттарыңды күтеміз.
korwinin_kyzy
өлдім бірәт чиқылық чиқылық Х
алқыңа пайдалы посттарыңды күтеміз.
eclipse9
Жантсынбай жандарыңа жақын тартып, жайдары жүз танытқандарыңа рақмет!
mairosh
намысты, жылқы мінезді, арыстан тұлғалы азаматтар мен аққу келбетті, гитара мүсінді, домбыра үнді жас азаматшалар жаңа жауынгерден жалынды сәлем!!!
недеген теңеу. )))
qyrmyzy
туй, жаңалық па, жаңа эстафета ма, блог па… деееп келіп ем… Қаламыңызды мықтап үшкірлеп келіпсіз, ал, сәттілік!
eclipse9
жаңалыққа желік боп жүрсеңіз оның жарасы жеңіл ғой)))) алғашқы қадам басуым болғандықтан аттың басын амандасудан қайырдым!!! алла жазса жаның қалап жүрген жаңалықтарды төбеңнен жаңбырлатамын әлі))
eclipse9
ой кешірім өтінем «желік» емес «жерік» деп айтқым келген....!!!
qyrmyzy
жаңалықтарды төбеңнен жаңбырлатамын әлі))
жәй-жәй, төбемді тесіп жібермеңіз. Эпитет қолданудың да орны болатын шығар???
beko
алла жазса жаның қалап жүрген жаңалықтарды төбеңнен жаңбырлатамын әлі))
Құдай қаласа, қанекей күтелік, қош келдіңіз, Жако айтқандай әлі шықпапсыз ғой, шықсаңызшы жоғары))
Сосын менде Қырмызы сияқты, бір ашылу ма деп қалдым, айтаберде қолданушыларға айтылатын алғаш ерекше жаңалық айтылатындай, бірақ сіздің келгеніңіздің өзі(тұлпармен жас жауынгер) оның өзі бір ерекше шығар сірә. Тағы мәрте, Қош келдіңіз.
AKA
Браво! Ду қол шоколаааааад
m170785
Қош келдіңіз Eclipse9 мырза. Ал енді айтаберіңіз. Жөнді, мағыналы, сұрықсыз емес, түсінікті постарыңызды күтеміз, қитығыңа келетін әрі тиетін «КӨТІЛЕТ» тектес жазбалар болмаса болғаны, ал жолыңыз болсын
AKA
Асаба шо ли?! Не болса да құшақ жая қарсы алдық ал…
VVVWWW
Атыңыздың өзі бір төбе екен (тұтылу — аспан денелерінің бір-бірінің көлеңкесінде қалуы, күн тұтылу, ай тұтылу)
Не болсада қош келдің, мықты жазбалар күтіміз
Jako
Мәке, мына түсіндіргеніңіз абзал болды, болмаса мен «eclipse»-деген сағыз бар еді, содан алынған ба деп сұрайын деп жүр едім.
ereke_enu
eclipse9, джавашниксың ба? Және сенің ілмектерің осындағы бір кісіні еске түсіріп тұр. Бірақ, кім болсаң да жаңа логин қош келдің!
m170785
Ереке деймін төртіншісі болып жүрмесе болды да Көршінің қызы «Көтілеттің» иесі болып ))), тағы біреуісі бар )). Бірақ мына Еклипс мырза оған ұқсамас дейміз Ереке )
eclipse9
Барлығыңа да рахмет! еклипс дегеннің мағынасын «VVVVVV» бүркеншек есімді қолданушы толық ашып кетті ғой! сондықтан сағыз деп қабылдай көрмеңіздер)) жатсынбай, жылы қабақ танытқандарыңа үлкен рахмет!
Korkem
«VVVVVV» бүркеншек есімді қолданушы
sultan_yerkebulan
Қош келдің! Тек қана алға!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.