Енді үйге бармаймын...

Өз ойым /
Иә, үйге бармайтын болдым.

Ауыр болса да, мамама: «енді үйге келмеймін, жазда да айтқам, ол болмаса, үй қаңырап қалады. Енді келмеймін. Ренжімеңіздер, келмеймін енді, келе алмаймын» — деп, өзімді баса алмай жыладым. Тіпті жаңағы сөздер әрең шықты аузымнан. Дәл солай қашан жылағаным есімде емес. Өзімді өзім түсінбедім. Ішімді бірдеңе күйдіріп барады.

Мен оны құшақтай алмадым, қысып бір құшақтасам ғой… соңғы мүмкіндігім болса екен. Бес минут. Оны қатты құшақтап, қанша алыс болсам, сонша оған жақын болғанымды, қайда жүрсем де, тілеуін тілеп, дұғама қосқанымды, барлық бауырларымнан артық жақсы көретінімді, оның орнын ешкім баса алмайтынын айтып қоштасқым келді.

Бірақ бәрі кеш… тым кеш. Оның сұп-суық денесін ұстап, маңдайынан сүйіп, шашын сипаудан арыға кете алмадым.

Oh, my love, my darling.... Elvis Presleyдің әні ойнап жатыр. Досым қоңырау шалып жатыр екен. Есімді әрең жинап алдым.

Дер кезінде қоңырау шалған досыма мың алғыс. Әйтпесе ТҮСІМНІҢ арты не болар еді… Күшті ұйқтай алмадым :(

ПЫСЫ: жақындарыңыздан алыстамаңыздар…

40 пікір

Korkem
сіңілім ғой, жүрегімді ұшырып, өксік тұрып тамағымда, өзімді қоярға жер таппай, аман жүрші, барам жақында:)
не айтвацың? Түк түсінсем бұйырмасын!
Jako
Мына түс жазбақ тұрмақ, естіртіп айтуға да қорқынышты екен, батырсың-ау…
qyrmyzy
хехе, ағасы-ау, мынадай кезде сіз сабырға шақыру керексіз ғой…
Jako
Негізі қазақ салтында бұндай түстер жария айтылмайды, жамандық шақырады деген ұғыммен.Сондықтан да үндемей қалып едім.
mairosh
Досым қоңырау шалып жатыр екен. Есімді әрең жинап алдым. кім екен? таң атпай звандайтын?
qyrmyzy
сезіп тұрсың ғой
eclipse9
«түс түлкінің боғы» деген бұрынғылар, сондықтан болмашыға бола уайымдамай-ақ қой)))
qyrmyzy
мяяя, алғашында жәмән болдым. Ұйқтауға қорқып…
sultan_yerkebulan
негізі жаман түстер болады, ойға араласып кіріп кетеді.Бірақ, соны жариялау ағаттық сияқты.Қазір түсті нақты жори алатын адамдар өте сирек және бұл үлкен білімді қажет етеді, сондықтан түс көрдім деп оны жорим деп жамандық шақырып алып жатпайық
qyrmyzy
жорытватқан жоқпын! Түсініктерің…
yesbolat83
Қырмызы қорқыттың ғой адамды
qyrmyzy
өзім де қорқтым қатты, даусын естіген соң өзімді бастым
yesbolat83
«түс түлкінің боғы» деген бұрынғылар, сондықтан болмашыға бола уайымдамай-ақ қой)))
qyrmyzy
рахмеет:)
yesbolat83
Сен өзің сияқты керім смайликтерді қайдан табасың, осы?!
korwinin_kyzy
ПЫСЫ: жақсындарыңыздан алыстамаңыздар…
чиқылық чиқылық
qyrmyzy
неге күлдің, көршінің қызы?
korwinin_kyzy
жақсындарыңыздан
чиқылық чиқылық
бірақ күлетін жер еместе шығар
qyrmyzy
Кәні?
korwinin_kyzy
әлі таппадынба қысқырып қысқары сөзден дым қалмайтын болдыго
жақсын
чиқылық чиқылық
didar
ата-анаға дұға-тілекті жатпай тұрмай тілеп қана қоймай, көңілдерін аулауға тырсқан артық болмайды, есті апай
qyrmyzy
Есті апайың ©, шынымен, есті, ес че
AKA
Алла, Алла, жазасыңдар иә шошытып, тітіркендірді…
qyrmyzy
осындай түстен кейін қандай жағдайда болғанымды цуніп көріңдер енді… Жіләдім жәмән. Шын, солай дев жылаватырдым "үйге келмеймін енді" деп. Бүгін ұйқы жоқ. Қорқамын:((((
AKA
Кідәй-ай, қайта өмір жасы ұзақ болады екен сіңіліңнің, қорықпа. :)
nurba
Түс болғаны қандай жақсы өмірде бұл жағдай өте қиын екен әлпештеп өсірген ата-анаңды қимайсың амал жоқ көнесің бірақ.
qyrmyzy
Иә… түс болғаны қандай жақсы…
Kan
Түсінде жылаған,қорыққан адам өңінде қуанады дейді мыс. ләйім солай болғай
korwinin_kyzy
Мынауыңыз ақыл болды
ereke_enu
Тал түсте дейін ұйқтайсың, әрине, сондай түс көресің…
qyrmyzy
тиісе бермеш болды маған.
korwinin_kyzy
Мына постта отдуши көзің жасын көл қылыпсың ғой… Байқа, шашың таз боп қамасын))
qyrmyzy
Айтпааа… ана досыма риза болғанымды айтшиш, ол дыыым түсінбеей тұрды, жіләдім мен. Ұжс, шашым онсыз да жоқ, қой, түспесін
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.