Бала тәрбиесіне кім жауапты?
Өз ойым /
Соңғы кезде ерсі де болса осы бір «Бала тәрбиесіне мектеп па, ата-ана ма,қоғам ба кім жауыпты?»-деген сұрақ әр жерден қылаң беруде, соған арнайы өз ойымды жазып отырмын, талқыға салып, сараптау сіздерден.
Ата-ана «Мен баламды өзім тәрбиелеймін, мектептің керегі жоқ»-деп айтуға құқы жоқ, баласын мектепке жібермесе заңмен жауап береді. Мектеп бала тәрбиесіне, оқу деңгейіне жауап бермесе онда мектепте директордың тәрбие жөніндегі, оқу-білім жөніндегі көмекшілерінің не қажеті бар? Айлық есебінен біздің (салық төлеушілердің) ақшалары не үшін төлену керек оларға. Жауап бермесе не үшін мемлекет қыруар қаржы шығындап бес жыл бойы оқу, тәрбие жолдарын үйрету үшін институттарда оқытады? Сондықтан мектеп жауаптылығы бірінші орында, себебі олар сол бала тәрбиесі үшін арнайы дайындалып, бала тәрбиелеу міндеті жүктелген адамдар Мысалы бір әсем ғимрат құлап қалса, ең бірінші сол ғимратты тұрғызушы маман жауап береді, екінші солғимыратқа қолданылған құрылыс материалдарын өндіруші жауап береді. Міне біздің жағдайда «Мектеп» — сапалы қоғамдық құрылыс құрушы, «Бала» — қоғам материалы, «Ата-Ана»-сол материалды өндіруші.Бұл үшеуі бір-бірінсіз мығым болмайды.Ал әрбірата-ана өз баласын ешбір ақы талап етпей ақ, өз шама-шарқынша тәрбиелеуден қашпайды және ешқандай ата-ана балам жаман болсын демейді. Одан басқа ата-ана алдында баланы материалдық жағынан қамтамасыз ету міндеті бар, ол ата-ананың өте көп уақытын, күш-қуатын, жүйке-жігерін жұмсайтын факторлардың бірі. Ал мектеп функциясына бұл міндеттер кірмейді, олардан талап етілетіні сапалы білім мен баланың адам болып қалыптасу тәрбиесі. Сондықтан да мектеп бала тәрбиесіне тікелей жауапты, бірақ бұл ата-ананы балаға тәрбие беру міндетінен босата алмайды.Қоғам, адам қоғамнан бөлек дами алмайды, адамсыз қоғам құрылмайды. Сондықтан да бұл екеуі егіз ұғым. Тарихта қоғамның жеке адам тәрбиесіне тікелей әсері болса да сол жеке адам тағдырына жауап беруі өте сирек кездесетін құбылыс болар.
15 пікір
бірінші: Баланың қаныда, жаныда ата-ананы. Яғни мінезі қаны арқылы қалыптасады.
Екіншіден: Оқушы мұғалімнің алдында әрі кетсе жеті сағат болады. Ал қалған бақандай он жеті сағат ата-ананың қарамағында емес пе?
Ұшіншіден: Әр еш мұғалім балаларға теледидар қосып телесирял көрсетпейдіғой. Ал ата-ана баласымен Бану мен Мелихтің сүйіскендерін көріп күліп отырады емес пе.
Айта берсек жетеді аға. Ата-аналардың үйіне қонақ шақырғанда арақ құйятыны да, баласының көзінше темекі шегетін әкеніңде қылығын еске алу керек.
Әсілінде, бала тәрбиесі ана құрсағында жатқанда-ақ басталмақ керек. Жүкті әйел барынша таза болғаны абзал. Себебі дәреттің денсаулық үшін пайдасы көп. Туғаннан соң сәбиін де таза жүріп тамақтандырған жөн. Абайдың әжесі Зере Құнанбайды дәретсіз емізбеген деген дерек бар. Құран Кәрімде: «Алла тағала барлық кемшіліктен пәк, таза болған соң, құлдарынан да тазалықты талап етеді» дейді. Әрдайым басына орамалын тағып, «Биссимиллаһир рахманир рахим» десе, ана сүтінде береке болады.
Басында орамалы жоқ, ұйпа-тұйпа шаштан бала да шошиды. Осыны пайдаланған шайтан бастағы қайызғақтан баланың аузына емшекпен бірге салып тұрады екен. Бұл балаңыз кір нәрсені ауызға алып отыр деген сөз. Ондай бала әлбетте ашушаң, тұрақсыз болып өседі. Дүниедегі бар сұлулық та, жүрек жылуы да ең алдымен анадан тарайды. Ананың ақ сүті адам баласы үшін аса қасиетті зат. Ана — өмір тұтқасы, өмірге адам әкелуші, тәрбиеші. «Сүтпен сіңген мінез, сүйекпен кетеді» деген қазақта асыл сөз осындайдан туындаса керек.
Сондай-ақ құрсақтағы бала мен ананың өмірін бір-бірінен бөліп қарауға әсте болмайды. Ана өз бойындағы қуатты болашақ сәбиіне береді. Мысалы, дәрігердің кеңесімен түрлі дәрумендерді жеу арқылы баланың денсаулығы жақсарады. Ал, таза жүру, Құранды ашып оқу, намаз оқу, жақсы әңгімелер айту, біреуге көмек беру секілді жақсы істер баланы рухани жағынан байытады. Мұны көбі біле бермейді. Осы білмегендіктен бармақ тістейтін жағдайлар орын алуда.
Сондай-ақ, ананың ішіп-жегені халалдан болуы тиіс. Бұл таза тағам жеп отыру деген сөз. Харам етілген, естен адастыратын нәрселерді қолданбауы керек. Себебі мұндай тағамдар арқылы адамның ішіне шайтан кіреді. Құран Кәрімде: «Ей, адамдар, жер бетіндегі таза және адал нәрселерді жеңдер» деп бұйырылады. Арақ, шошқаның еті, шұжығы, яғни харам бар жерге періштелер жоламайды. Өкінішке орай, осындай әңгімені жүре-бара тыңдайтын ата-ана баласының жақсы болып өсуін уысынан шығарып алып жатады.
ПЫ/СЫ: ГУГЫЛ АМАН БОЛСЫН
Кан? Бір нәрсеге қадалу да болмас, оған бірнеше фактор әсер етпей ме?
Қазіргі уақытта үйленбегенмін, бала шаға жоқ, бірақ бұл туралы ойым келесідей:
Бала тәрбиесіне әсер ететін, айтылғанның бәрі, яғни құрсаққа пайда болмай жатып, ата-анасының ішіп-жеу, қимыл іс әрекет, сүрген өмірінен бастау алатыны, сол ата-анасының өз тәрбиесінен десем де артық етпес, содан өмірге келгесін, баланың айналасы, көрген, сөйлескен, қоршаған орта. Оның ішіне теледидар, білім алатын ордасы т.б. Ерекше етіп, Ислам дінінің тәрбиесі, ұрпақ шежіресіндегі тектілігін де бала тәрбиесіне негізгі байланысы барын жаза кеткім келеді.Қысқа қайырғаным осы.
армандап кеттім