Қазақ журналистикасын сасытқандар

Өз ойым /
Қазір уақытта қандай газет, теледидарды қойсаң да өңкей жағымпаз, арсыздарды көреміз. Үлкен жасқа келіп қалдық қой деп ұялу жоқ, қайта кәртейген сайын билікке жағымпазданып, ақша үшін бәрін сатады. Бес ай бұрын ау деймін Оңтүстік Қазақстан газеттін оқып отырғанмын, сонда бір 70 жақындап қалған шал президентті мақтай келе мектеп оқушыларына Нұрсұлтантану деген пән өту керек деп айтып жатқаны. Енді 25-30 дағы әлі есі кірмеген жас бала ғой деп қоя салуға болады, бірақ 70 келіп осындай сөзді айтып отырған қария осындай болса Қазақстан жетіскен екен. Сонда ол пәнді өтті дейік, оқушыларға не пайда. Қайта осы шал мектепке Абайтану деген пән енгізу керек десе әдемі естіліп, жұртқа масқара болмас еді. Оны көксегені президентті мақтау емес, ақша үшін, газет бетіне шығу үшін, ертең осы сөзімді естісе шегір… шенеуіктер сыйлық жасайды деген дәмесі ғой деймін. Кейінгі кездегі қай Оңтүстік Қазақстан газетінің нөмерін тексеріп көріңдер, барлығында Елбасының арқасында, Президент былай деген, жұмыс кезінде президент олай істе деген, бізге келерде Елбасы өзі тапсырған, елбасы жарлығындағы деген болмайтын сөздермен, болашағы жақсы ғой деген газетім түк қызық болмай барады. Бұрында тарих туралы жазып, неше түрлі қызықты әңгімелер жазылып тұратын газетте қазір жағымпаз газет болып кеткен. Мұғалімдерге таратылатын Түркістан газетін айтпай ақ қояйын. Теледидардағы Қазақстан, Хабар сияқты биліктің шоқпарындағы арналардағы жаңалықтардағы өз аузымен айттып тұрған жағымпазды, өз құлағыңмен есту енді күлкің келеді бір жағынан. Сонда өздері жағымпазданып осылай дейді ма, әлде біреу айт дейді ма. Бұндай жағымпаздық, арсыздық ауру соңғы 2-3 жыл қатты дамып келе жатыр. Экономика тыңдар кезде қандай сөз айтатынын біліп отырасың. Жағымпазданып бір сөзді айта беру халықты рахатқа батырады дейді ма, халықты ақымақ көреді ма. Әйтеуір Қазақ БАҚ, телеарналарында жұқпалы ауру тарап келе жатқаны ақиқат. Қазақстан орыс тілділерінде ондай көп кездеспейді. Орыстар қазақ тілін білмегені жақсы болды ма деп қуанасың, барлық орыс қазақ тілін біліп осындай ауру барын білсе жеті ғаламға жариялап бүкіл жұрт болып шалбарын шешіп күлері анық. Президент бірдеңе жасаса жұмысы сол, халық үшін істеді, ал оны сонша мақтаудың не қажеті бар. Жарайды, біз енді 50 елдің қатарына кірген «дамыған мемлекет» екеніміз рас, бірақ соншалық жағымпаз болу адамның арсыздығының көрінісі. Егемен Қазақстан, Дала мен Қала газеттерін жазбадың деп газет редакторлары ренжімесін, оларды кітап қылып шығармасаң, ал былайша постқа сия қоймас. Тағы біраз жазар едім, бірақ сонша боқтанып, жынданғым келмейді.

47 пікір

didi0393
sayasattan habarym jok al menin,alyp kosarym da aitarym da jok.bir baikaganym Nurikke katty renjuli ekensin))))
F0x_kz
Пост Нурик туралы емес, жағымпаздық туралы жаздым, Нурикке ренжудің әңгімесі басқа.
korwinin_kyzy
Үлкен кісіні «Нурик» деп жас балаша атағаның ұнамай тұр. «Нұреке», «Нұраға», құрығанда «Нұрсұлтан Әбішұлы» десең өтің жарылып кете ме? Өз елбасымызды сыйламасақ, қадір тұтпасақ, сенім артпасақ, бастамаларын қолдамасақ сонда біздің елдігіміз қайда?
didi0393
koiwei ))) v shutku aituga bolmaima? Prosto inimmen attas bolgasyn uirenip ketkesin solai jaza saldym. Abyrjymanyz otim sap sau)))))
F0x_kz
Ол қазақтарды қолдамаса, оны неге құрметтеуім керек. Үлкен кісі болса жасап жүргені жас баланың әрекеті.
korwinin_kyzy
Фокс мырза, ренжіме, мына сөздеріңе қарап баланың әрекетін сен жасап тұрсың ба деймін. Елбасы еліміз үшін ештеңе жасамай жатыр ма? Қалайша қазақтарды қолдамайды дейсің?
khairbek
егер бір елдің тыныштығы кетсін деп қаласандар ол елдің басшысын жамандандар деген сөз бар,,,, абайландар!!!
qyrmyzy
өзіңді бас, інішек!
korwinin_kyzy
қалай ынышыек ,,,,,,
Jako
Тіфә-тіфә, Көршінің қызы, бәсе анда-санда жастарға осылай ағалығыңды көрсетсеңші, саған 100 пайыз қосыламын.
korwinin_kyzy
Сен Назарбаевтын қасына барып НУрик айта аласынба? Айтааламасан сыртынанда айтып керек емес
недеген ой не деген пікір менікі
F0x_kz
Негізі постты жақсылап оқитын болсаң, мен мына жерде Назарбаев туралы ештеңе деп жатқаным жоқ, мен жай газеттердің жағымпаз қылықтарын жаздым.
Президент бірдеңе жасаса жұмысы сол, халық үшін істеді, ал оны сонша мақтаудың не қажеті бар
Мына жерде жазғаным шындық, халық үшін істеді, жарайды бүкіл жақсылықты істеп жатса оған шын ниетпен рахмет. Егер мен шынында да Назарбаевпен кездессем (Фантазиялық қиял бойынша) мен оған Нурик деп емес, ойымдағыны, қазақтың шын тағдырын, не істеп жүргенін айтар едім.
korwinin_kyzy
Fox мырза мен постты оқыған жоқпын
Пост Нурик туралы емес,
осы бір сөзіңе қадалып тұрмыз ғой ))
мысалы ФУтболда команда Ұтса тренерді мақтайды, ұтылса тренерді сыңға алады дұрыспа? ал енді Қараш Назарбаевты сыңға алатындай қандай жаманшылық көріп тұрсын? Газ бар, свет бар, базарлар ашық, бензин бар, мектептер ашық, бәлінсалар ашық, Мега ашық тұр, спортзалдар ашық, Астана арена ашық, телевизр корсетып тұр, Отау тв антенасы орнатыдған, Дукендер ашық, аптекалар ашық, Гайщниктер жолда, Милтссалар постта, Отапление бар ал айтшы САҒАН НЕ ЖЕТПЕЙД
F0x_kz
Сен қайда тұрып жатсың өзі, көзіңді ашшы сен. Сен Алматы, Астана сияқты үлкен қаланы айтып тұрсың. Сен ауылдардағы кедейлікті көрдің ба? Газ бар, свет бар, базарлар ашық, бензин бар, мектептер ашық, бәлінсалар ашық, Мега ашық тұр, спортзалдар ашық, Астана арена ашық, телевизр корсетып тұр, Отау тв антенасы орнатыдған, Дукендер ашық, аптекалар ашық, Гайщниктер жолда, Милтссалар постта, Отапление бар
Бұл құмнан басқа нәрсесі жоқ Африкада да бар. Сен қазақстандағы ең бай адамдарды білесің ба? Нурик туралы емес дегенім біреу солай айтты, солай жауап бердім.
korwinin_kyzy
ауылдын көпшілк жерлерынде ГАЗ, СУ, ШАЙ ТЕМЕКІ жетті, сәл шыдау керек бара бара бәрінее жетед, МАСКВА СРАУЗУ НЕ СТРОЙЛАСЬ ЖЕ? прабельно?
енді Сол үшін Елбасын сынға алу керекпед?
F0x_kz
Бізден он есе бай тұратын Ливия халқы да президентін азаптап өлтірді. Ол да Ливия халқына барлығын жасады. Ливиямен Қазақстан айырмашылығы аспан мен жердей. Оларды бәрі тегін десе де болады, оларда мәңгүрттік деген атымен жоқ, барлығы керемет. Сонда да екі жүзді президентінен құтылды, енді одан бай өмір сүреді. Ал бізде бәрі басқаша, Ливия жерінен біздің жеріміздің қойнауы алтын мен мұнайға толып тұрса да, ең кедей мемлекетпіз.
korwinin_kyzy
мысалы былай мысал келтырып қарайық, бір жас жігіт жасы 21 бірде делік ол әлі оқып жатыр тоқып жатыр делік әлі дұрыс опыты жоқ дик әлі жас дик, болашағы алда дик, енді қазақстан тожы 21 де ғой әлі дұры с игеретін нәрсесын игере алмай жатр дик, әлі жас дик, ресей қытайларга қарап отр дик, бірақ өспейме? сонда бәрі жақсы болмайма?
орыс ша айтсақ, И НА НАШЕЙ УЛИЦЕ БУДЕТ ПРАЗДНИК деп,,,,
F0x_kz
ммм түсіндім,
korwinin_kyzy
Ливия тәуелсіздігін 1951 алаған дид значит жасы 61 де
didi0393
O drug moi milyi drug ili podruga nevajno… Ne degen sushestvo edin..!? Nurik dep men jazganmyn. Kozindi ashyp karasanwy pikirrlerdi. Post avtory emes jazgan.nemedlenno prosi proshenie))) mende barlyktarynyzdan kewirim suraim Nurik degenime
korwinin_kyzy
ақыры апределятса еттынбе, саған примой айтуға батылым бармай тұр ед, ҚЫЗЫМ САҒАН АЙТАМ КЕЛЫНЫМ ТЫ СЛУШАЙ ДЕГЕН присыппен жазып отқанымгой,,,,
zhurttyn_balasy
ияяяя, Нұр ағамыздың сындарлы саясатының арқасында ғой бәрі
Жалпы ұлықтау, мадақтау, асқақтатып, нұрландырып жіберу деген баяғы сәбет үкіметнен қалған атавизм бааа деймін
korwinin_kyzy
Кейбір журналисттер біреудің жеке өміріне мұрнын тығып, «анау өйтіпті, мынау бүйтіпті» деп бет шымшысады. Елбасыны, биліктегілерді жамандағаудан алдына жан салмайды. Жан жақтан үрген кәнден күшіктер секілді өз аулаларынан шәңкілдеп жатқаны.

Бәлкім, біреулер үшін, нақтырақ, солар секілділер оларды шындық айтып жатыр деп ойлайтын болар. Мен үшін олардыкі ауылдағы қатындардың әңгімесінен әрі аспайды. Елбасыны қолдаймын, сенемін. Әрқашан біргемін!

Журналисттердің нақты немен айналысу керектігінен хабарым жоқ. Қосарым тек, әрбір маман иесі өз саласында көпшілік қадір тұтқан ең мықтыны таңдап, соны үлгі етіп, одан асып түсуге тырысу керек.
F0x_kz
Мен НӘН-туралы емес, жағымпаз журналисттер туралы айттым.
didar
ық-ық, журналистика мен қазақ былай да үйласпайтын понятиелер емес пе?
Kan
Мейлі жағынпаз болса болсын. Мақтасын тіптен асыра мақтасын. Керек болса мектептен пән ашсын. Не болсада қазақты мақтап,қазақты дәріптейіндеп жатыр ғой. Кезінде Ленин, Сталиндерді де мақтадық оларға да жағынпаздандық. Оның қасында Елбасы қандай жан болсада. Елінің тәуелсіздігін сақтап қалған. Қазақ еліне теңдік алып келген адам. Абайды мақтадық не Нұрсылтанды мақтадық не екеуіде қазақтың жан ашырлары. Қайта тірі кезінде мақтайық. Өліп қалған соң өтірік көлгірсімей. Абайды жоқтағандай. Тіірісінде қадірін білмедікқой. Елбасыда Абайдайақ еңбегі сіңген кісі.
Jako
Елінің тәуелсіздігін сақтап қалған.

Кімнен сақтап қалды?
Қазақ еліне теңдік алып келген адам

Қайдан, көтеріліс басшысы болды ма не?
. Өліп қалған соң өтірік көлгірсімей. Абайды жоқтағандай. Тіірісінде қадірін білмедікқой. Елбасыда Абайдайақ еңбегі сіңген кісі.

Мәселенің өзіде сонда болып тұр ғой,өлгендерді мақтайтын болсақ кешегі Д.А.Қонаевті мақтап қарқ қылып жатырмыз ба? Елбасымызды көзі кетсе мақтайтынымызға көз жете ме?
Kan
Мүмкін менің пікірімде дұрыс емес шығар. Бірақ мен мынаны жақсы білемін Қазақты казіргі таңда әлем таныды. Ал іштегі ібілісің іріткісіне ілігіп елдің батырларын сынға ала берсек түбі қырғыздан еш айырмамыз қалмасы анық.
Jako
Дұрыс айтасыз Кан мырза, келісемін,жаманымызды жасырып, жақсымызды асыруға тырысуымыз керек.
ereke_enu
Айтпақшы, ия, көрші ел бізге осы тұрғыда мықты мысал бола алады. Бүкіл әлемге масқара болғаннан басқа ештеңе таппады ғой…
yesbolat83
Тек қана газеттерде ғана емес, теледидарды да қосып қалсаң болды,
Елбасының арқасында, Президент былай деген, жұмыс кезінде президент олай істе деген, бізге келерде Елбасы өзі тапсырған, елбасы жарлығындағы деген
секілді Нұрекеңді мақтап ала жөнеледі. Бір кездері Түркімендер каналдарының бас кейіпкері Ниязов сияқты, құдды әдейі тапсырыс арқылы жасалынып жатырған дүниелер сияқты. Тағы да бір қарапайым мысал, Біздің кішкентай ғана Жаңаөзен қаламыздың көшелерінде жарнамалар мен ұлағатты сөздерден гөрі, Нұрекеңді мадақтаған плокаттар мен жазбалар көп. Оның жұмысы сол болғандықтан оның әрбір істеген қимылдарын халыққа үлкееен іс қылып көрсете берген журналисттер үшін ұят нәрсе сияқты. Ол дегенім — сөз бостандығы, азаматтық қоғам, демократиясы дамымаған мемлекеттердің тілшілерінің әрекеті.
didar
біреуді мақтау арқылы да ол адам туралы жиеркеніш тудыруға болады. бірелердің қалауы да сол шығар. ол мақсатқа жетуге кей жарыместер медвежья услуга жасаватқан болуы да мүмкін ғой.
Kan
Олда мүмкін мақтау арқылы халықтың санасына өзге бір дүниені сіңдіргісі келетін саясатшылардың әрекеті де болуы мүмкін. Тек біз елімізді шын сүйсек, елдің ертеңіне бір кісідей алаңдайтын болсақ неге көлденен көк аттының ырқына көнуіміз керек. Мықты болайық
qyrmyzy
Біреуді түсіну үшін сол кісінің орнына өзіңді қойып көру керексің. Баласың. Ойың далада, алып ұшып тұрсың, ұрандатса, шаба жөнелесің. Есейесің, жұмыс істейсің, қол астыңда бірнеше адам жұмыс істейді… сонда түсінер ме ең…
Күнделікті өмірде жұмысқа, бір жұмысқа әрең үлгереміз. Ол кісі бүкіл мемлекет пен сырттағыны бақылайды.
Сын айту — әркімнің қолынан келеді. Әр нәрсе орнымен болғаны дұрыс. Анализ, дәлел қайда? Отырып алып ойыбайға басудың қажеті жоқ.
Ізденбейтін бір журналист үшін бүкіл журналистке топырақ шашпаңыз. Жазса жаза берсін, бірақ ішіндегі өзіңе керегін алу — сенің міндетің. Нұрсұлтан ағаны құрметтеймін, адам ретінде! Рахмет!Минустауға бек рұқсат!
korwinin_kyzy
ақылды өзі чиқыл чиқыл
qyrmyzy
Жазбаңды оқымадым, оқығым келмейді!
dimash
Нұрсылтантану пәні дейді ме? Жақсы бастама екен, Балабақшадан бастап оқыту керек!!!
Әлгі, шенеуніктер сыйлық береді дедіңіз бе?
dimash
НҰРСҰЛТАН!
(қате жазғаным үшін үлкен көлемде кешірім сұраймын, жер аумағы бойынша тоғызыншы орында тұрған мемлекетті басқарушы ұлы патшамыз!)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.