Атымыз қалай, өзі?

Өз ойым /
Бізде бір қызық жағдай бар. Тақырып бастап, салиқалы әңгіменің шеті шықса, «біздің қазақ» деп бастайтын «жақсы» үрдіс пайда болған-ау. Біреуді жамандасақ та, мақтасақ та «біздің қазақ осындай» «еее, біздің қазақ» деп отырып мақтамен бауыздай саламыз. Сол үрдісті жалғастырғым кеп отыр. Әңгіме ат жайлы. Аты несі? Енді ат дегенде шауып жүретін жылқы емес, есім жайлы демекшімін. Кәдімгі өзіміздің көтеріп жүрген есіміміз туралы. Жалпы, біздің қазақтың (әне, айтам ғой, біз осындаймыз өзі) ат қоюға келгенде барлық ұлтты шаң қаптыратынына тәнтімін, негізі. Қазақ есімдерінің ішінде не жоқ десейші!? Заттық атаудан басталып, галактика, ғарышты шарлап, бүкіл жер бетіндегі атауларды қамтып шықпаса да, жақындатып тастайды. Оның барлығын айтып, шұбыртып отырғанда менің абырой таппасым анық. Бірақ та, мына есімдерге тоқталмай өту маған айып болар, Кеңес Одағы кезінде (өзім көрмедім, естуім бар) Кірпіш, Портфель, Октябрь, Коммунар, Колхозбай, Сапқозбай, Қойбағар… Анаубай, Мынаубек деп келетін есімдер бары ақиқат.
Тәуелсіздіктің ақ таңын атырған соң, шалқадан жатып теледидар көрмесек те, латынамерикалық сериалдар қарадық. Сосын-ақ, өмірге Изаура, Литисиа, Мария сынды сүйкімді, (бірақ есіміне күманым бар) сәбилер бірінен соң бірі келіп жатты. Келін босанғанда, үйге біреу келе қалса соның есімін іліп жіберетін біздің Қазекем расында мықты халық. Кешегі дәуірдің Итбай, Көтібарлары келмеске кетті десекте, оның ізін бүгінгі жаңа заманға лайықталған есімдер басты. Есесіне бүгін Саммитхан, Азиядалар желкілдеп өсіп келеді. Әне міне олар да ер жетіп, бой түзейді. Жалындаған жастық шағында достармен, қыздармен танысатыны бар. Сонда есімін не деп атар екен, қызық… Саммитхан Санчо деп құтылатын шығар. Бірақ, бірақ, бірақ… Есім деген өте маңызды емес пе? Ғалымдардың адам есімі өзінің мінезіне әсер ететінін оқығаным бар еді. Ат қоярда ойланып-толғанып әдемі есімдер қойғанымыз дұрыс-ау. Әңгімені қорыта келе, айтпағым, өз есіміңіз өзіңізге ұнайды ма? Және есіміңіз қандай мағына береді? Әлде еш мағынасыз «ауадан» алынған есім бе? Бұған не дейсіз?

77 пікір

Ademi
Маған мамам әжесінің есімін берген:)
Ғалымдардың адам есімі өзінің мінезіне әсер ететінін оқығаным бар еді.
Шүкір, жаңылмай келе жатырмын, меніңше.
zhomart
Түк те күмәнім жоқ :-)))))))
Ademi
өзің жомартсың ба?
zhomart
Дейді жұрттар :-))))
Korkem
керісінше әдемі болып келе жатырсыз
Ademi
атына заты сай болу керек қой:)
ereke_enu
Маған қазақтың бір-біріне ұқсатып қоя салғаны ұнамайды. Айнұр, Айгүл, Айбек, Нұрбек деген сияқты. Әрбір балаға ерекше мән беріп қою керек, меніңше.
sultan_yerkebulan
Атымды өзім ерке болғаннан соң Еркебұлан қойдыма немесе атымды Еркебұлан қойғаннан соң ерке болдым ба әйтеуір еркелік бар, сөзіңнін жаны бар сияқты ағасы.
korwinin_kyzy
Атымды өзім ерке болғаннан соң Еркебұлан қойдыма
Қанша жаста қойды атыңды?
korwinin_kyzy
Баламның атын «ЧеткийПацан» қоям))
khairbek
менін атым Жайдарбек неге екенін білмейм бәрі мені Қайырбек дид, сол Ғафу қайырбековтын шығармаларын суйып оқығандықтан болар ойнап чиқылық чиқылық
Jako
Менімше елдің пікірлерін ылғи теріс қайырып отыратын болғандықтан шығар деп ойлаймын)))
didar
атым — Дидар. болашақ жарымның есімі Жамал, Әсем, Әдемі… осы тектес болғанын қалаймын. ұлымды Айбат леп атаймын. Әйбат баланың әкесі болам сонда ;)))
ereke_enu
Әдеміге әдемі намек кетті)))
didar
намёк демекші 93-94 жылғы болса қатып кетер еді, никі тусыныксыз агай :)
korwinin_kyzy
… ық ық
didar
с тобой всё понятно! РРРРР
:)))
ereke_enu
Менің нигім тусініксіз бе?) Ереке_ЕНУ — әлі де түсініксіз бе?) ЕНУ — Евразийский Национальный Университет. Енді ше?) Группаластарым кекеткені болмаса, әзірге мені ешкім ағай демейді((( Жай-май программированиеден группаластарыма сабақ беретінім бар, астанада болсаң, желание болса хабарлас, не братішкелеріңді жібер — деп мүмкіндікті жіберіп алмайын))) 93-94-тен айта алмайм, өзіме керек инфо)))
didar
енуды тусындым, ереке деген не? если нэтрудно
93-94-тен айта алмайм, өзіме керек инфо)))
агай! знашит нам не папути! :)
ereke_enu
сенде утроение, учетверенье… вобшым, варенье боп кетті ғой Қайреке)))
didar
пареньемен чай ышып, Тоха Серыктын хит анін тыңлап отырм. сен ше?
korwinin_kyzy
прыкинь мен де соны жасап отырм
yesbolat83
Көршінің қызы, сенің есімің кім өзі?
ereke_enu
тап қазір Бөлім бастығы қасымдағы жігітке ұрсып + мен оның агентіне прикол тастап отырм))) Өте ыңғайсыз жағдай)))
qyrmyzy
Ұжссссс, өтеее ыңғайсыз жағдай… қатігезсің
ereke_enu
Прикол ұстайтын жігіттер болмаса, ішің пысып кетеді ғой. Жасың ерте қартайып
qyrmyzy
ондай моментте прикол ұстаудың қажеті жоқ шығар?? Ық ық, ана жігітке жәнеем ашып отыр:(
Ademi
Жарамаймын ба?
didar
қызлармен жонды араласу былмейм(((
yesbolat83
Өзі — Дидар, Жары — Әдемі, Ұлы — Әйбат! Ниетің жақсы. Ерекше, құлаққа жағымды естіледі екен. Мағыналары да — керемет.
qyrmyzy
Кеттім, есімімді ауыстырам:)
yesbolat83
Сенімен келіспеймін. Қырмызы деген әдемі гүл іспеттес өсімдік түрі емеспе. Оның адамдарға беретін пайдасын айтсаңшы. ата-анаң да сені Қырмызы деп халқына пайдасы тиетін қыз болсын деген ниетте қойған болар. Өте керемет есім.
didar
қысқа әрі жағымды есімдерді ұнатам. әйбат деп өзіміз ғана айтамыз ғой. паспыртта Айбат болады.
yesbolat83
Құжатына да Әйбат деп жаздырған жөн деп ойлаймын, қазақ емеспіз бе. Орысшасын оқып қара, мағынасыда өзгеріп кететін сияқты.
Жалпы, болашақты ойлап қойған дұрыс. Аллаһ, соған жеткізсін.
qyrmyzy
Ниетіңізге рахмет, Қырмызы — «лақап атым»
khairbek
Қазақта а деген арып жокпа не?
dimash
Менің есімім ДІНМҰХАМЕД
Дінмұхаммед/Дінмұхамбет/Дінмұхамет деп қателе жазатындарды қайыққа отырғызып мұхиттың ортасына апаарып жарып жібергім келеді
qyrmyzy
Маған дейін ұл болмаған соң, жаңылсын, ұл болсын деп, ниет етіп қойған. АльХ, алтын інім бар. Түсінбей жатады, ал маған бәрібір. Әке-шешеме, отбасымызғ, әулетімізге бақыт, қуаныш сыйлаған атыма ризамын.
yesbolat83
Сенімен келісемін. Менің де Жаңылсын деген жиен қарындасым бар. Өте жақсы есім.
qyrmyzy
Жаңылай менікі. Рахмет
yesbolat83
Олай болса Жаңылай деген құдашам бар саусақтарынан өнері тамған :)))
qyrmyzy
хехехе, енді Жаңылай деген досыңыз пайда болды:)
yesbolat83
Әрине, сендей досым болғанын мақтан тұтам.
sultan_yerkebulan
Менің егіз балаларым болса деп қатты қалаймын, біреуін Сүннет, біреуін Үмбет деп қояр едім, сосын Кәусар есімі де қатты ұнайды
ereke_enu
Атым Ерлан. Ер — ер, лан — деген lan кабельге келеді. Және Yerlang деген бағдарламалау тілі бар, қателеспесем. Және химия сабағында Er — Ирландия, La — Лантан, N-азот деген элементтерден құрап көргем. Немесе Темірлан деген атақты қолбасшы бар ғой, соған да келеді. Бірақ, түбі айналып келгенде атам Ербол деген баласының атына ұқсатып қоя салған. Сол-ақ.
zhurttyn_balasy
korwinin_kyzy
Ер это значит мужик, а лан деген
Лан — город во Франции
Лан — округ во Франции
Лан — коммуна в Германии
Лан — река в Германии
ай бол қай жерде тудын сееееееееен?
zhurttyn_balasy
гуглдан сұрап википедияға тап болдың ба?
korwinin_kyzy
Википедия аға аман болсын, векипедияға мол бақыт тілеймін
zhurttyn_balasy
Ол әпще
korwinin_kyzy
қойшы кеше ғана көрдім динадан ұлкен мужикко, Коршынын кызы саған дабл пейыс палым яғни екы колымен(алақанымен) бетты устау
мына пыкырге ман бэрмэндер
didi0393
СiздI. ИрландияЛантанАзот десем карсы болмайсызба???)))))))))))))) звучить неплохо… муаxaxaxxaxx))))
ereke_enu
ұзақтау екен. Ерлан аға десең жетіп жатыр))
korwinin_kyzy
121 * 12 = 1452 осындай пост жазылыпты бұл сайытта
zhurttyn_balasy
121 * 12 = 1452 мынау тек басты бетке шыққан жазбалар (и то соңғы бетте алты жазба)
aitaber.kz/blog/ мына жерде барлық жазбалар
265*12+4=3184
мынау ашыққа жарияланған блогтар саны, жабық блогтардағы жазбалар мен зындандағы жазбаларды қоспағанда 3184 жазба
didar
жұрттың бәләсы барын быледы екен.
жабық блог деген не?
didar
коршынын кызы мен журттын баласы деп басталатын ангымены терьпет немогу))))
ereke_enu
Көршінің қызы мен жұрттың баласы қазақтың идеалдары ғой… Көре алмайтын шығарсың))
ereke_enu
Мен де сенің қатарыңдамын)
korwinin_kyzy
вчем я провинилась Дидар?
didar
мамам сысетский быр кызды пихайть етып коймаган, акесы жахсы кыз))
VVVWWW
Түпнұсқа болсын деп аудармасыз беріп отырмын:
Белгер Герольд. Казахский язык с точки зрения немца

А какого смысла и красоты, значения и желания исполнены казахские собственные имена! Каждое имя — целый мир. Ну, какие имена были в немецких селах Поволжья? Сплошь и рядом: Иоганн, Иоганнес, Фриц, Петер, Вильгельм, Христьян, Хайнрих, Карл, Анна, Магдалина, Амалия, Маргарита, Виктория, Ольга… Конечно, как я потом узнаю, и эти христианские имена имеют свое значение, свой смысл.

Но выбор-то совсем невелик, и случалось, в многодетной немецкой крестьянской семье одного звали Иоганн, другого Иоганнес, третьего — Ганс, одного — младший Фриц, другого — большой Фриц. Все собственные имена вертелись вокруг двух-трех десятков. Даже Рейнгольды и Рейнгарды, как слишком интелли¬гентные, городские, встречались не так уж часто.

А у казахов имен столько, сколько и слов. А, может, даже и больше, если учитывать заимствования из араб¬ского, персидского, монгольского, тюркского и других языков.
Makosha92
Есімім Мақпал. Бұрын ұнатпаушы едім, қазир өзіме ұнайды. Ол есімді маған әкем берген. Динара не болмаса Асия қой деп жіберce, әкем олар қазақша емес деп Мақпал қойған екен )) Жомарт деп кім қойған?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.