Іргеңде жүрген ібіліс немесе «арыстанның» тепкісіне ұшыраған арлан

Өз ойым /
Осыдан 21 жыл бұрын, яғни 1991 жылы желтоқсанның 16 жұлдызында қой мінез, бөрі намысты халқым сан ғасыр бойы бабаларымыз қол жеткізе алмаған арман туын ақиқатқа айналдыра отырып, көгімізге тікті. Одан бері сол кезде туған ұл ат жалын ұстап мінбек түгілі, талай аламанда топ жарар жасқа да кеп жеттік. Осынау тарих үшін қарға адымындай ғана уақыт саналатын жылда, кейбір ел құзғынша өмір сүріп жүріп жетпеген жетістіктеріміз де жоқ емес.Дегенмен, ең басты жетістігімізге әлі де болса жете алмай келе жатқанымыз қан жылатады, ол – ТІЛ!
Ұлтарақтай тіліміз тағынан тайса таудай жетістіктеріміздің бес тиындық құны қалмайтынын сезініп, осы төңірегінде жағы талмай айтып, қары талмай жазып жүрген зиялықауым өкілдері саусақпен санарлық, бүгінгі таңда. Солардың бірегейі – Мұхтар Шаханов, қазіргі қазақтың бағына туған перзенті десек, артық айтқандығымыз емес.
Құтырғанды құрыққа іліп, сан ортада топ жара сөйлеп жүрген ағамыздың «тіл» толғауы өзімен бірге талай жылдың табалдырығын артқа тастап, өкінішке орай біздің дәуірде де жалғасын табуда. «Айта, айта, Алтайды, Жамал апай қартайдының» кері, айтыс – бар,іс – жоқ. Бұл толғаудың осыншалық жалғасын табуына төрдегілердің тигізген зардабы да аз емес. Қазіргі атқамінерлердің өз тіліне деген салғырттығының, менсінбеушілігінің арқасында, одан қалды бүгінгі «шикі» буын жастардың кесірінен індеттің жарасы ұлғайған үстіне ұлғаюда. Әйтпесе, осы уақытқа дейін тоты екеш тотықұс та үйреніп алатын уақыт болды ғой. Сөзім жалаң демес үшін, Мұхтар ағамыздың мына бір сөзіне көз салайық: «...Қала басшылары былтыр да, биыл да бiз «Мемлекеттiк тiлдi қолдау» акциясын өткiзетiн күнге «Қала күнiн» мерекелеудi дәстүрге айналдырып алды». Осыдан-ақ тілге деген төрдегінің теріс пиғылын аңғару қиын емес.
Одан бір жылдары «Америкалық ұлт» іспеттес, «Қазақстандық ұлт» болу дауылы тұрғанда да бірінші болып дабыл қаққан, Мұхаң болатын. Өзгелер қарға тамырлы қазақ ұлтын тарих бетінен бір жола жоймақ болғанда, ағамыздың аштық жариялауы сияқты жанкешті әрекетінің арқасында осы болар қауіптің алдын алған болатынбыз. Тағы бір жылы, құтырған басшылық шегірткеше қаптаған қытайға 49 жылға жерді жалға береміз дегенде де, айқайдың басында Мұхтар аға жүрген. Аллаға шүкір оның да бетін қайтардық. Әйтпегенде, қазірде базарыңда қаптап жүрген қысық көз көршіміз 49 жылда еліміздің жүнін жұлып бітірері де хақ еді. Бұлардың бәрінен аман алып шыққанымен, тілді тұңырына қондыра алмай келе жатқаны жанымызға батады. Әрине, бұл бір адам аударарлық жер емес, бұған билік пен бүгінгі «шикі» ұрпақтың көмегі ауадай қажет. Себебі, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығармайынша қайғылы толғаудың тоқтары неғайбіл. Осы туралы Мұхаңдар «мемлекеттік іс-қағазды толық қазақшаландыру керек» деп жүргендеріне де бірнеше жылдың жүзі болды. Талай жылғы жан айқайы керең басшылықтың құлағына енді жеткен сыңайлы. Деседе, боранды түні келген қонаққа үйшігінен шықпастан үй ішінен ұяла үрген иттей іс атқарып отыр. Ал тіл мәселесін өзімізбен бірге бір қанаттың астынан шыққан Украйіндер, көрші Өзбектер, Түркмендер азаттығын алаған кезде-ақ шешіп тастаған. Себебі, олар тілсіз ертеңгі күніңнің тұманды екенін әлде қайда түсініп қойған.
Мұхтар аға бүгінгі билікте тірі жанға табынушылық, жеке бастың қамын ойлаушылық дегеннің белең алып тұрғанын да бей-жай қалдырмады. Оларға өзінше теңеуде берді «ТЖ-лар», яғни «туфли жалағыштар». Мысалға мына бір өлең жолдарынан оны анық аңғаруға болады: «Ей, қарт ТЖ, қамқорсынып тасыма,
Қарасаңшы сақалыңа, шашыңа,
Ел сенімін ақтағаның осы ма?
Атанғанша жалғандықпен ашына,
Беделіңді намысыңнан асыра,
Күлкі болдың қасың түгіл досыңа.
Биліктің лас көн етігін тіліңмен
Жалайтындай не күн туды басыңа?». Иә, естір құлақтың жер-жебіріне жекізіп айтқан-ақ.
Ақын ағамыз қазіргі қазақ халқының хал-жағдайында назардан тыс қалдырмаған. Талай жыл таптырмаған азаттығын қазып алған «шахтер халқымның» жағдайының мәз еместігін, оған төрдегінің «саранчадай» халық байлығын кеміруінің кесірінің тиюін, ол жайға ханымыздың ерік беруінде сынай жазған. Дәлелге, қазақ байлығын жіпке тізе кеткен. Назар салыңыздар: «Қазба байлықтар көлемінің молдығы жағынан Қазақстан әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі. Мәселен қорғасын, цинк, барит хром рудаларының көптігі жағынан біз бүкіл әлемде бірінші орын, уран, марганец, күмістен екінші орын, мыс қорының молдығы тұрғысынан үшінші орын, кобальт, қара металл – темір рудаларынан бесінші орын, фосфорит пен көмір қоры бойынша алтыншы орын, мұнай қорының көптігі жағынан жетінші орын алады екенбіз. Ал, алтыннан әлденеше есе қымбатқа бағаланатын, әлемнің ешбір елінде кездеспейтін осми және рени атты байлықтар тек Қазақстанда ғана бар екені құдайдың біздің елімізге қарасқаны емес пе? Бұл руданың бір грамы жабық көтерме сауда орындарында 100 мың АҚШ долларына бағаланатын көрінеді». Осындай шалқыған байлықтың үстінде жүре тұра, жүдеу күй кешіп жүрген халқыма жаны аши, өткенде еліне жасаған жақсылығына қарамастан ханының басын көшеде допша тепкен Ливия мен бүгінгі Қазақстанды салыстыра, сынай жырлаған. «Билік сөзін, билік ісін айтсақ елдің парқы деп,
«Зейнеткердің ақшасын біз өсіріппіз алты рет!»
Сол «алты зор игілікті» ойға бұрсақ бастапқы,
Құны мысық тамағының бағасынан аспапты
Ет пен сүттің құны неге қымбаттады алты рет?
Кеуде ұрамыз игі істерде бірінші орын алардай,
Онда неге әр ай сайын қымбаттауда жанармай?
Арабтардың бізден бөлек елдікке тіл қатысы.
Неге оларда оқу тегін, тегін пәтер ақысы?
Олар неге әр сәбиге доллар сыйлап жеті мың,
Жел өтіне тастамайды қартын, жесір, жетімін?
Алпыс төрт мың доллар алмақ жаңа үйленген отбасы.
Неге оларда үлкен байлар игі істердің жақтасы?
Демократия бұл күндері «жемократия» торында,
Еліміздің бар байлығы жиырма адамның қолында».
Осы ретте Карл Маркстің « бүкіл байлығын аздаған топ иемденген мемлекетті отаным деп атауға болмайды» деген дана сөзі еріксіз ойға оралады.
Биылғы болған сайлауды еске алмай кетпей болмас. Мұхаңның партиясын, яғни «Руханиятты» додаға санаулы күндер қалғанда құжаттарының дұрыс еместігінен шығарып тастаған болатын.10 күндік тексеруден өткен құжатты, артынша келіп дұрыс емес деп табуы күдік туғызарлық жағдай еді. Деседе, болар іс болды, бояуы сіңді. Бұның бәрі ібілісті іргеңнен әріге секіртпеуге жасалған әрекеттер еді. Сондықтан, ібіліске тиесіле орынға «қорқау қасқырларлар» жайғасқан. Текті қашанда қай жерде жүрмесін, текті болып қала бермек. Себебі, бұлт қанша көзін жапқанымен, күн нұрын шашуын тоқтатпайды ғой. Сондықтан қолдағы алтынның қадірін барында бағалай білейік, ертең ерін тістеп қалмас үшін...!

8 пікір

Kan
Шіркінай қазақтың бар азаматы сіз секілді ойлап, сіз секілді ұлтына жаны ащитын болса ғой шіркін. Сіз айтып отырған қасіреттің бәрі өзгеден емес өзімізден келіп отыр ғой. Бұл мәселелер айтылып жүргеніне де талай уақыт болды. Неге іске аспайды дейсіз бе? Жетпіс жыл жиырылып кіріп өзіне мекен тауып ұялаған жыланды, жиырма жылда қуып шығу мүмкін емес. Егер сіз бақыласаңыз қазақстанда орысша сөйлемейтін қазақ жоқ. Тіптен орысша білмейді дегеннің өзінде «вовще» «опщем» деген сөздерді қоспай сөйлемейтін қазақ таппайсыз. Ендеше санаға сінгенді сурып алалмайсыз. Тек сабыр керек. Еңбасты елдің тыныштығын сақтап қалсақ, ақырын-ақырын сіз бар, біз бар ақиқатты түбі табармыз. Тек айтудан жалықпайық, ешкімнен қорықпайық.Алһамдулла қазақ ұлты аман болсын.
eclipse9
рахмет! шындық туралы бір өлеңім есіме түсіп тұр еді!
Шындықтың тістеп жүрміз тамақ тұсынан,
Ақиқатсыз аузыма қарап қысылам…
Шын өмірге бүйткенше беттейберейін,
Сұм өмірдің босатшы абақтысынан!!!
didi0393
Men kelisemin. Jaraisyn! Elimizde sendei Janawyr azamattar turganda ewteneden korkpaimyn))))
naizagai
Ақпараттық журн.)))ангіме джиоқ!!!
Jako
« бүкіл байлығын аздаған топ иемденген мемлекетті отаным деп атауға болмайды» 

Сол азғанам топты еліміздің бар байлығын арқалап шетелге қашып кетпей тұрғанда, арттарын жалаңаштап қуып шықса ғой шіркін,құба-құп болар еді.
eclipse9
енді ол арыстанның ғана қолында ғой! әйтпесе Алиев, Храпунов,Әблязовтарды ФБР таба алмай жатыр деген сандыраққа кім нанады?
«жыр елінде белгілі өз тұрағым,
ерттеп мініп мен келдім сөз пырағын.
ақиқаттың мылтығы ойынымда
атылса егер бұқпастан, төз шырағым!
зарламашы демегін, өйткені біл,
елемеген бұтақтан көз шығарын.

мен бастадым жолдарды шындық дейтін,
жасыра алса жасырсын сұмдық кейпін.
мұрыныңның астынан асыңды алса,
көзімізді неліктен жұмдық кей күн!

жемқорлардың қатары артып бүгін,
қалдырмауда ертеңге сарқыт жүгін…
толтырып ап қалтасын шетел асса,
оларды етегінен тартыпты кім...?

сол қашқындар…
қос аяқты кете ме жіпсіз буып!
»жүктілерге" жетпейміз «жүксіз» қуып,
ертеңгі күн өзгеге құл болмасын,
құрсақтағы ұрпағың түксіз туып...." дегім келеді
yesbolat83
Жарайсың, eclipse9 бауырым. Жазба жақсы жазылған. Шіркін, еліміздің бар азаматтары сен сияқты елінің, тілінің қамын жейтін болса. Мұхтар ағамыздың жолы мен қазағым деп соққан жүрегін берсін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.