Ашу дұшпан

Өз ойым /
Біз сабырлы адамдар жәйлі тек қана кітаптардан,үлкен кісілердің ауызша айтылған әңгімелерінен ғана естейтін болдық. Осы заманда еш бір сабырлы адамды кездестірмейміз. Бейне бәріміз таяқ жеген адамдарша үнемі ашу үстінде жүреміз. Сабыр танытып, шыдамдылық көрсету деген еш қайсымыздан табылмайды. Сәл нәрсеге шытынап, болмашы дүниеге дау туғызамыз. Күнделікті өмірде болсын, вертуалдық әлемде болсын осы ашуға бой алдырып жүрміз. Жұмыстада сол. Бұның себебі неде? Заманымыз осындай жүйкеге түсетіндей соншалықты қиын ба? Кезінде күнде соғыс көріп жүрген бабаларымыздың заманынан қиын емес шығар. Әлде біздің проблемамыз көп пе? Немесе біз білімді болған сайын, дүниенің қиындығын терең түсінгендіктен осындай күйге түстік пе? Сірә бабаларымыз өмірді бізден терең түсінген шығар қайта. Біз сол өмірді терең түсіне алмағандықтан осындай ашушаң болып кеткен шығармыз. Білмеймін тек анығы сол бәріміз ашушаң болып кеттік. Бұған не дейсіздер достар?

2 пікір

eerkinuly
Өмір деген — көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулап жалғасып,
Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар, арпалысып, алға шық
Albina97
сірә, «Ашу алдынан, ақыл соңынан» деп те бекер айтылмаған шығар
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.