Ауылдағы демократия

Өз ойым /
«Қазақстан Республикасы демократиялық зайырлы мемлекет.» Ата заңда бекітілген осынау ережені біздің қазақ қоғамы толық түсіне ме? Осы жолда заңдар бекітіліп, қаншама істір жүргізіліп жатса да еліміз неге әлі демократияны түсіне алмауда. Енді демократиялық қоғамды қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан игі истердің екпіні ауылға жетіп жатыр ма, ауыл азаматтары демократия деген ұғымды қаншалықты ұғынып, сезінеді. Оларға кім түсіндіріп жүр, демократия ұғымын түсініп немесе ауылдың әр азаматы өз құқығын қорғай ала ма? Тіптен азаматтық құқық деген ұғымды біледі ме екен ауылдағы кейбір азаматтар? Құқықтары қаншалықты қорғалып жатыр әрі қорғайтын, бақылайтын кім яғни нақты қандай мекеме? Осындай сандаған сұрақтардың шешімін табалмай жүргенімізге 20жыл болды. Ауыл тұрмысына жауапты ауыл әкімшілігіне келетін болсақ ондағы әкімдердің денгейі қаншалықты, олар екі тілде білетін сауатты, демократиялық қоғамға лайықты басшыларма? Ал ол жағын кім анықтап, біліп жатыр. Ауылдағы құқық қорғау қызметкерілеріше ол кісілердің ұранына айналған сөз бар «Жалғыздың үні шықпас, жайаудың шаңы шықпас». Бір сақшыға (учасковой) екі неме үш бірдей ауылды беріп қояды екенде не көлік бермейді, не керек дүниесін теріп бермейді екен. Бұның өзі демократиялық қоғамның қағидаларына сай емес. Ал енді ауыл сақшысының көрген күні осындай болса ауылдағы қарапайым халықтың шама-шарқын пайымдай беріңіз.
Біз толық қанды демократиялық қоғам құрған жағдайда ғана бар жамандықтан құтыла аламыз. Өйтпесе демократиялық сауаты жоқ қоғамда жемқорлықта тиылмайды, адам құқығы да табан асты таптала береді.
Ауылда жұмыс істегенсоң көптеген келеңсіз әрекетті көреді екенсің. Кейбір басшылар болсын, азаматар болсын қорықпастан адамдардың құқықтарын аяқ асты етіп заңсыз әрекетке барып жатады. Ол істеген былығы қыр аспай жатып жойылып жоқ болып кетеді. Әсіресе ауыл жастарының түсінігі мүлдем бөлек. Әр бір үлкен буындары кішілерінен ақша жинау, қорқытып жұмыс істету секілді көптеген қисынсыз әрекеттерге барады. Тіптен мектеп оқушыларының арасында суциттің көптеп болуыда осы демократиялық қоғамның дұрыс қалыптаспауынан. Бірақ ауылды не тайыр үлкен қалалардың өздерінде демократиялық қоғамның қалыптасып жатқаны шамалы.
Жалпы қазақ қоғамы демократияның не екенін әлі толық түсіне алмай жатыр. Мемлекетте халықтан талап етіп әлек. Бірақ «зайырлы» сөзінің мағынасын ұғна алмаған халықтан нендей нәрсе талап етуге болады. Ол үшін нақты үгіт насихат жүргізілуі керек емес пе. Немесе мектеп оқушыларына, студентер қауымына ықшамды бір жоба болуы керек деп ойлаймын.Ауылда болсын қалада болсын демократиялық қоғамды қалыптастыру керек-ақ. Бүгінгі ел түсінбеседе ертенгі болашақ демократияның қадіріне жетер. Мектепте,үлкен оқу орында арнайы оқытылып жатқан "Құқықтану","Қоғам негіздері", «Эконимика» сабақтары өтіп жатқаныңмен ол іс-әрекеттер аздық етіп отыр. Тіптен әсеріде шамалы.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.