"Біреудің" бұйрығымен келген, бір адам!

Өз ойым /
Армысыздар, достар! Өткенде бізбен кездесу үшін қара шаңыраққа Дейдахмет Әшімхан ағамыз ат басын тіреген болатын. Келгендегі мақсаты Елбасымыздың «Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласын жастарға кеңінен насихаттау екен. БАрдық.Тыңдадық. Жағынан шыққан жалған, жағымпаз сөзден жалыққанымыз сонша жарыса ұйқыға бастық. Бір уақытта әңгіме кішігірім саяастқа бет бұрғанда ғана етіміз тіріліп, бойымызға қан жүгіргендей болды. Кездесуде отырған бір қыз (ныспысы белгісіз) «жаңа өзен» трагедиясы туралы сұрақ қойды. Сонда ағамыз «бұның бәрі қолдан жасалған, түсірілген видеолар шебер монтажердің туындысы» деп түйіндеді. Сол кезде, «Жаңа өзең» оқиғасын тікелей өз көзімен көрген жас қарындасымыз ағамыздың сөзін толығымен теріске шығарды. Жер қойнауына тапсырылғандары да ресми ақпараттан әлдееее қайта көп екенін тілге тиек етті. Өз кезегінде нақты фактіге қарсы тұра алмаған ағамыз, құр айқаймен әңгімені басқа арнаға бұрып жіберді. Хош! Жалған ұранын желбіретіп жеткен ағамыздың негізгі мақсаты 16 желтоқсан күні болатын «мерекемізбен» алдын ала "құттықтай кеткелі" келгенін сонда түсіндім. Бізді ойлағаныңызға мыңда бір алғыс, Дейдахмет аға!!! Сізде ағалық тәрбиеңізді көрсетіп, елім, жерім деп жер жастынып жатқа КӨК БӨРінің бөлтіріктеріне бір уыс гүл шоқтарын қоюды ұмытпаңыз! «Біреудің» қабағына қараймын деп, бар аруақтың қаһарына ұшырап жүрмеңіз! Айтпақшы, алтын уақытыңызды бөліп келгеніңізге рахмет!

17 пікір

aliya2291
weneunik,sayasat,bilik,Nazarbaev-bul torteui kazakstandy kurdymga ketiretin wygar karnym awyp ketedi tirlikterine men prezident bolsam kurmetti de kadirmendi Nurekeni jer audartyp jiberetin edim bukil ult okilderin tairandatyp koidy onbagan arany awylgan okimet kurdymga ketsin!!! salemmen nagyz patriot!!!
qyrmyzy
Лажа, жесть! Көсіле бермейікші, а? Есть же, клавты тарс-тұрс етіп отырған кім* не*...
AyKoN
не деген ұят… масқара… біреудін жамандығын өсектегеннен өзге тірлігі жоқ қайран қазағым-ай… Назарбаев азамат! әр адамның кемшілігі болады… Тұлпардың асаулығын бәйгеден озып келетіндігі үшін кешіруге болмайма демекші, Назарбаевты да кешіруге болады… Аузыңа асыңды салып беріп отырса да жақпайды ма? Сен болсаң не қатырар едің? Алдымен ол өткен жолды жүріп коріңіз, одан соң сөйлеңіз… оңай сөз если бы я была на твоем месте деген, алдымен оның орнында болып көріңіз, сосын айтыңыз…

ПЫСЫ: кешірім өтінем ашуланып кеттім… біреуге жағынайын деген ойым жоқ… бірақ ел үшін туған ердің еңбегін бағалайитын азаматшамын
yesbolat83
Назарбаевты да кешіруге болады
Жаңаөзен оқиғасына түрткі болғандығы үшін, яғни, жазықсыз халыққа қарсы оқ атуға бұйрық бергені үшін кешіруге лайықты емес.
AL-ASTER
Құсық жазба. Жап жас болып алып, неге бұлай деп үлкен адамдарға тіл тигізесіз? Үкіметтен не зиян көріп қойып едіңіз?
Меніңше, бұндай наразылық түрі әділетсіз. Біріншіден, тығылмай жеке парақшаңызға мардымды ақпарат жазып, жібежий суретіңізден біреуін іліп қойыңыз, жауынгер автордың түрін көріп отырайық.



ПыСы: айыпқа бұйырмаңыз. Кемеңгер адам, ақымақ оқырманның ерсі әрекетін түсіністікпен қарайды деп үміттенуден басқа вариант жоқ.
qyrmyzy
Біріншіден, тығылмай жеке парақшаңызға мардымды ақпарат жазып, жібежий суретіңізден біреуін іліп қойыңыз, жауынгер автордың түрін көріп отырайық
.
AL-ASTER
Автор әзілді түсінетін амиго деп қабылдайық. Ренжіп қалмасын!
qyrmyzy
күлейінші енді от души, Мәленағаның приколдарын естімедім бүгін
aliya2291
мен мунда кателесип келген екенмин адетте мнуда жагымпаздар коп екен окинишке орай менин жеке омиримде ешкимнин шаруасы болмаса екен кул куле калындар бир куни таубеге келерсиндер
AKA
Не боқалД, сіңлім? Сіздің айту құқығыңызды әлі ешкім шектеген жоқ, сондықтан айта беріңіз. :) Айтпақшы, қош келіпсіз!
Kan
Қарындасым әрине сенің жазбаңа замандастарыңды ренжитіндей екен. Сенің шындық деп жазғаның қоғам арасына түскен бомба тәрізді болды бұның өзі елдің тыныштығын бұзғандық. Жарайды сіз айтқандай "«Біреудің» қабағына қараймын деп жүріп аруақтарды ұмыттық делік" Сонда Президенттің атынан сөйлеп жүрген кісілердің бары ел қамын ойламай жүрме. Егер ойламаған болса қазақты баяғыда қытай қырып, орыс орныңа отырып кетер еді. Егер Аблайхан сүйткендеп қолымызға қылыш алып, Махамбет құрбан болған деп бәріміз көтеріліс жасай берсек не болмақ. Заңа заманға сай жаңа қоғам керек бізге. Кешегі Абылайдың қоғамы кәзіргі әлемдік бәсекеге төттеп береалмайды ботам. Рефолютсямен (көтеріліспен) ештеңе шеше алмаймыз. Бізге бәсекеге қаблетті қоғам керек ертең Америкағада, Жопонияға қарсы тұра алатындай. Осыны түсінші қалқам. Ашуланба жаным сені елің бәрінен де ұлы ел.
qyrmyzy
сайтта сіздің орныңыз бар және оның бос тұрғанын ұмытпаңыз.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.