"Біреудің бұйрығымен келген, бір адам" атты жасбамдағы пікір жазғандарға жауап

Өз ойым /
Елі десе емшектегі сүтін екінші орынға қоятын «Айтаберліктер», КЕШ ЖАРЫҚ! Өткенде «Біреудің бұйрығымен келген, бір адам» деген тақырыпта қалам тербеген едім. Оқып, пікір қалдырғандарыңызға айтар алғысым шексіз. Деседе, байқағаным саясаттың исі мұрына бармайтын замандастарымның қатары пайдасынан зияны көп жазды күнгі көк шыбындай шаш етектен екен(өкінішті-ақ). Ал енді жазған дүниемді жарамсыз еткен әрбір оқырманға бір кісінің пікірін негізге ала отырып қарымта қайтаратын сәт туды. 1)Құсық жазба. Жап жас болып алып, неге бұлай деп үлкен адамдарға тіл тигізесіз? Үкіметтен не зиян көріп қойып едіңіз?,- дейді AL-ASTER. Жауап: «Ақиқатқа келгенде атаңның қылмысы болса да жасырма» деген бұрынғылар, бұл бір. Екіншіден, үлкен адам екендеп қашанғы төрдегі төрелерге сақалын бұлда та береміз. Ал «атаң» сен ойлағандай мықты болса, сен ойлағандай халық жағдайын жақсыыыы жасап жатса ертең-бүрсікүні болатын тәуелсіздік мейрамы күні өз еркіңмен барып желтақсандағы құрбан болған аға-апайларымызға 1 штук гүл шоғын қойшы. Көккеңнің кеудеңнен итергендегі әрекетін көргенде, бұрып тұрған бүйрегіңнің қалай темірге айналып үлгергенін өзің де аңғармай қаласың. Сен аңғармайсың да, себебі сен гүл қоюға шығып та көрмедің!!! Соңғы кездері неге теуелсіздік күні қарсаңда жоғарғы оқу орындары мезгілінен ерте демалысқа шығады деген ой санаңды мазаламаған болды ғой. Әрине, ештеңі ойламайтын без бүйрек адамның ойында ондай ой қайдан туындасын. Санаңды сан саққа жүгіртіп әуре болмай-ақ қой, өзім-ақ жауабын берейін. Ертерек жіберетін себебі еліне қайтсын, мұнда болмасын дейді. Алаңға шықпасынынң алдын ала қамы. Әй, қайдам бұқпалар сұққанға әбден көндігіп алған ғой, қайтсін енді ертең пәлеге ұрынып қаламын ба деп қорқады, оңай емес! Диплом алған адамның жұмысқа тұруы неге мұң, неге жол ақысы қымбаттады, неге жол жүру билеті қымбаттамақ, неге жемқорлық әлі күнге дейін ауыздықталмай отыр, неге халықты қас жауындай қысып ұстап отыр, неге ЖАҢА ӨЗЕНДЕ халыққа қарсы оқ атылды, неге ел саясатында жүйсіздік жоқ, неге байлығымызды арзан бағаға игерген шеь елдіктер екі есе етіп өзімізге қайта сатуда, неге 21 ;sk ішінде ЕЛ ЕКЕНІМІЗДІ ӨЗГЕЛЕРГЕ КӨРСЕТІП ТҰРАТЫН ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ӨМІРУІ ҮШІН АУДАЙ ҚАЖЕТ ТІЛІМІЗ ТҰҒЫРЫНА ҚОНА АЛМАЙ КЕЛЕДІ, неге ҚОНАЕВТІҢ 100 жылдығына орай өткізілген айтыста өкіметтен көк тиын бұйырмады, бұйырмақ түгілі өзі салған сарайы айтысын өткізуге берілмеді, неге Абылайдың 300 жылдығы жетім қыздың тойындай құсап өткізілді, неге еліміздің «НҰР» құрылған ісі өрге баспады, неге ЗАМАНБЕК пен АЛТЫНБЕКТІҢ өлімі әлі күнге дейін жабық қазан күйінде қалып отыр, неге, неге, неге????
ПЫСЫ: Мен бұдан бір ел басын иттің етінен жек көремін дегенім емес. Бірақ шынды өлген қоғамның болашағы бұлынғыр. Өткеннен сабақ алмаған ел ертеңге нық қадам баса алмайды, оның күні мұз үстінде жүргендей болары сөзсіз. Сен жаған жап-жас болып неге қарттарға тіл тигізесің дейсің, мен қайта осы жасымда осы сөздерді айтқаныма өте ұяламын. Біз тым ұсақталып кеткенбіз, Абылай бабамның түсіндегідей. Тарихтан білсең ТӨЛЕ,ӘЙТЕКЕ,ҚАЗБЕК билеріміз 15-інде дау шешкен. Махамбеттер Жәңігірдің бетіне еш тайсалмастан айтқан. ЖІпке тізе берсең көп. Сөзімнің астарын түсінбей айдалаға лағатын оқырманға айтарым, айтар есті сөзің болмаса пікір қалдырудың қажеті жоқ. Ол жерде пікір қалдыру міндет деген жазу жоқ!!! Көкірегіңнің қаншалықты деңгейде ашық екенін аңғардым, көкрегіңе көзілдірік киетін емес. Тым құрығанда көзіңе киіп ал!!!

29 пікір

Kan
Ассаламуағалейкум бауырым! Сірә атаң Аблайға тартып тусаң мұсылман шығарсың алһамдулла. Біріншіден сабыр, сабыр! Өткенді теріп өңештен тебе берудің қажеті жоқ. Осыдан быраз жыл бұрын яғни жастау кезімде дәл сен секілді ойлап «біздің қоғам кері кетіп бара жатыр, тілді өлтірді, бабаны қорлады, ертеңіміз бұлыңғұр» деген ауыр ойлармен өзімді мазалай беретінмін. Бірақ ол пікірімнің қате екенін енді түсініп жүрмін. Сен қазақтың мінезін еш өзгерте алмайсың біздің халық осындай байы былық, кедейі жырық.(халқымызды осы қалпында сүю біздің парызымыз) Қоғамның мұңы ешқашан бітпейді себебі бұл адами қоғам Алла солай жаратқан. Сен ойлағандай бар проблеманы әб-сәтте шеше салу да оңай емес. Тіптен қоғамды басқару тым қиын. Ең бастысы халықтың тыныштығы біз қандай жетістікке болмасын бейбітшілікпен жетуіміз қажет. Сосын «ТІЛІМІЗ ТҰҒЫРЫНА ҚОНА АЛМАЙ КЕЛЕДІ,»,«Біз тым ұсақталып кеткенбіз,» деген пікіріңмен келіспеймін сен секілді ірі ойлы бауырларымыз барда біз ұсақ емеспіз, тілімізде өз деңгейіне жетеді тек сабыр, бәріміз елдің тыныштығы үшін қызымет етейік.
Jako
Кан мырза, сабырға шақырғаныңыз дұрыс, бірақ пікіріңізді жұмсартып жіберген сияқтысыз.
Kan
Жастың жігерін жасытпайын дегенім ғой. Оның жазғаны дөрекі көрінгенімен ұққан адамға шындық бар. Жастар тегіннен тегін бұлай жазбаса керекті
Jako
Менде солай ойлаймын.
AKA
Ай, красавчикца! Алға, Қазақстан… тойыс, алға Eclipse сағыз?!
Jako
Ака, бензин шашып жатырсыз ба?
eclipse9
ме бұдан елімді жек көремін дегенім емес. Жоғарыдағы мысалдарды келтірудегі басты мақсатым Ал-статс мырзаға шұқып көрсетейін дегенім. Негізі Пушкиннің айтқаны бар ғой "Өз Отанымды мен өзім де жек көремін. Бірақ осы сөзді шетелдік біреу айтса, жаным күйіп кетеді. Өйткені, шетелдік табалап айтады" Мен де өз отанымды жеккөремін деуден аулақпын! Сіздей ағалардың барына рахмет, сөз түсінетін әйтпесе небіреулер қаптап кетті ғой
AKA
Ал-статс
Сіз шынымен ашулы сияқтысыз, сабыр, әлі-ақ дос боп кетеміз. Сіз көңіліңізге қатты ала бермеңіз олай, қалжың ғой ол :))
AyKoN
ел басқару оңай емес, уйде отырып ақыл айту өте оңай. мен ешкімге жағынып жатқанм жоқ,лично жеке басыма жогарыдагылардын еш катысы жок.дегенмен еңбекті де бағалай білу қажет. Нұрсұлтанның он көзі жоқ, жолдағы жемқор көкелеріміздің де зияны жетерлік. Назарбаевтың әкімдермен өткізген кездесуі осы тақырыпқа көп жауап берген. Тауға ұмтылған қыранымыздың балағынан тартып, аяғынан шала бергенше, қолтығынан демеп, соңынан ерейік.
yesbolat83
Дұрыс айтасың, баяғы жас Нурик те қолтығынан жетектейтін жасқа жетті.
Jako
баяғы жас Нурик те

Онша мәдениетті шықпаған сияқты.
yesbolat83
Білем, Жако аға.
MSHERIMBEK
@AL-ASTER, саған іздеу салып жатырмыз. Срошны келуің керек болып тұр:)
AL-ASTER
Азаттық пен маса, абай.кз сияқты жылауық сайттардың фанатының параметрлері детектед

Егер өзіңізді ұлтын сүйетін азамат деп есептесеңіз, барлығын өзіңізден бастаңыз.
Өзіңізден басқаларға, өзіңізден үлкендерге тіпті үкімет басындағыларға ақ пен қараны ажыратып бергіңіз келсе, сауатты түрде жасаған лазым болар. Жоғарыдағы жазғандарыңыз өте төмен деңгейдегі адамның әрекеті. Олай жасырын ник ұстап алып, өмірге өкпесін түрлі жолдармен жазу екінің бірінің қолынан келетін дүние, тек бұлай жазу қажет пе? Мәселен, мен олай жасамас едім.

Ұлтымды сүйетінім рас. Бірақ мен болып жатқан келеңсіздіктерге қарап жыламаймын. Аз да болса, қолымнан келгенінше бір дүние істеп кетермін. Біреуге сенікі қате, сен мқндайсың, сен бүйт деп айтпас бұрын, мен ойланар едім. Бірақ олай деп айтуды жөн көрмес едім. Адамға жақсы қасиет үйрету үшін, оны қысаудың қажеті жоқ, физикадан білесіз қарсылық заңы деген бар және тартылыс күші деген бар. Ондай тамаша қасиеті бар адамдар, өзіне сенген, ешкімде шаруасы жоқ оқыған, сауатты, білімді адамдар. Нақты фактпен сқйлейді.

Кешегі Алаш қайраткерлері өте ақылды интеллигент болғанын білесіз. Үкімет қанша жерден мықты болса да, білімді адамдарға қарсы тұруы қиын, ал эмоцияға беріліп не болса соны жыр қылып тамағын жыртатын адамдар, шындығында біреудің пешкасы болып қана қалуы ықтималдығын күтуге болады.

Болды, осымен сөзді аяқтайық. Сізбен сөз таластыруға менің құлқым жоқ.
Jako
AL-ASTER, айтқандарыңа 100% қосыламын.Пост Қазақстанның жетістіктерін көргісі келмейтін, кемшіліктерін бадырайтып көрсетуді мақсат еткен адамның туындысы.
Kan
AL-ASTER, сіз өзімшілдеу секілдісізбе қалай? «мен мен» дегеніңіз маған сондай әсер берді кешіріңіз әрине. Бірақ не болса ол болсын деп үндемей отыра беруде дұрыс емес. қандайда бір әрекет жасаған жөн. Тек әрекетін елдің игілігіне жұмсалуы тиіс. Мұхтар Шаханов сонда сіз айтқан біреудің пешкісі болып кетті ме? Ол кісіде шырылдап шындық айтқан кісі ғой. Ойланыңыз бізде ойланайық
AL-ASTER
Мен бұл автордың, көтеріп отырған мәселесі үшін өз позициямды қарсы қойып отырған жоқпын. Осы азаматтың жас шамасына қарай, жазған жазбасының мазмұны мен одан алған әсердің себебінен, жазбаны ұнатпай отырмын.
Сізге айтарым, мінезіме бола жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өзімнен.

Жалпы айтқанда, Мұхтар Шаханов ағаның жеке шығармашылығын қатты сыйлаймын, саяси аренадағы әрекетіне қарағанда.

Қайта постқа оралайық. Ойлап қараса, жазба мазмұнымен ойнауға болмайды. Жазып отырған орта мен бұдан күтілетін нәтижені ойлаған дұрыс болар.

Тамақ жыртысқан қызу айқай, пікірталас жүрер, бірақ нәтижесіне кім мән беріпті. Қалады. Бос сөздер ғана. Араздастық қана.

Сондықтан, бұл жерде бір адамның пікірі екінші адамның пікірімен сәйкеспей қалуы заңдылық. Осыны ескере отырып, мәселені түкпілікті зерттеп барып көпшілікке ұсынған дүрыс меніңше.
Kan
Сіздікіда дұрыс. артық айтсам айып етпеңіз
Jako
Мен өткенде «Біреудің бұйрығымен келген, бір адам»-деген посты оқығанда пікір жазудан қалыс қалып едім.Себебі автордың айтайын деген ойында шындық бар екендігі көрініп тұрды.Шын мәнінде қазір Елбасының аузынан бір сөз шықсы соны жарамсақтанып жарнамалай, насихаттай жөнелетін журналистер, оларға пәрмен беретін әкімқаралар, лекциялары мен сабақтарын содан бастайтын оқытушылар толып кеткен жоқ па? Олардың айтқандарын тыңдасаң алыс ауылдағы әжетхана да Елбасының айтқанымен салынып жатқандай.олар адарындағы тамағында Елбасының айтқанымен ішіп,қойнындағы қатындарына да сол кісінің айтқанымен баратын сияқты. «Сонда қыруар жалақы алып, халықтың қанын сүліктей сорып отырған премьер-министр бастаған шенуіктер ешек тағалап отыр ма?»-деген ой еріксіз келеді адамға. Мен eclipse9 сол туралы айтқысы келген болар деп ойлаған едім, бірақ мына жауап постынан басқаша ой түйіп отырмын. Негізі мен автордың көзқарасының біразын қолдаймын,өз тұжырымдарыма сай келеді екен, ҰҚнамаған жерлерін көрсетіп жазып кетейін.
1."Біреудің бұйрығымен келген, бір адам"-деген тақырыпты оқығанда,«Біреудің бұйрығымеен жазылған пост»- емес пе екен деген ой келді. Себебі сайт қолданушылары негізінен жас балалар, олардың дәрежесіне лайық пост емес сияқты.
2.Елі десе емшектегі сүтін екінші орынға қоятын «Айтаберліктер», бұл сөз кекесінге көбірек келетін болғандықтан,әрі Атаберліктің бірі өзім болғандықтан ұнамады.
«Ақиқатқа келгенде атаңның қылмысы болса да жасырма» деген бұрынғылар, бұл бір. Екіншіден, үлкен адам екен деп қашанғы төрдегі төрелерге сақалын бұлда та береміз. Ал «атаң» сен ойлағандай мықты болса, сен ойлағандай халық жағдайын жақсыыыы жасап жатса ертең-бүрсікүні болатын тәуелсіздік мейрамы күні өз еркіңмен барып желтақсандағы құрбан болған аға-апайларымызға 1 штук гүл шоғын қойшы. 

Бұл жерде не айтқысы келгенін түсінбедім, егер атамызды силамасақ, ата сақалын силамасақ ел болып өспейміз, жоқ болып өшеміз.Ал енді Желтоқсан күніне келсек, Таразда Желтоқсан құрбандарының бірі Қайрат Рұсқылбековтің ескрткішінің алдында жыл сайын тағзым етіп, гүл шоқтарын қоямыз, ешбір билік өкілдері тарапынан қарсылық болған емес, соған қарағанда өзің гүл қойып көрмеген, дақпырт соңында жүрген боларсың.
ЕЛ ЕКЕНІМІЗДІ ӨЗГЕЛЕРГЕ КӨРСЕТІП ТҰРАТЫН ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ӨМІРУІ ҮШІН АУДАЙ ҚАЖЕТ ТІЛІМІЗ ТҰҒЫРЫНА ҚОНА АЛМАЙ КЕЛЕДІ

Қазақ тілін соншама мүсәпір,қораш еткізіп көрсету біреулерге тиімді сияқты, болмаса қазақ тілі ешкімнің тілінен сорлы емес, аяйтындай мүсәпір қалде емес.
Жалпы пост мақсатының не көздегенін білмедім, өз ойымда өз ойын жеткізе алмаған, немесе қасақана бұрмалаған,өзін жеке батыр патриот көрсеткісі келген болар деп ойлаймын.
eclipse9
Жако мырза! Бәлкім сіз жақта болар, ал Алматыда өз еркіңмен шығып алаңға гүл шоғын қоя алмайсың. Мен көргенімді бүкпесіз баяндап, боямасыз жазатын адамдардың қатарынанмын. Себебі шындығын шымылдықтың сыртынан емес, бетіне басып айтатын ҰЛЫ бабаларымның бүгінге жеткен көп сынығының бірімін. «Ақиқатқа келген де атаңның қылмысы болса да жасыр ма» деген ол өткеннен бізге жеткен өсиет! Бұл жерде атаң дегенге ханымыз деп тұрған боларсыз. Бұл жалпылама айтылған пікір. Егер сен өз жақыныңның қылмысын жасырмай айтқанда, өзгенікін айту не тұрады деген мағынада. Мүсіркеген емес, шындыққа тура қарай білейікші! Өзбектер айтады «Орысша сөйдегің келсе, алдымен қазақ болып ал» деп! Бұл сөзде қандай астар жатқанын санаңыз жетсе, саралап аларсыз. Кешегі бір қанаттың астынан шыққан Украиндер, Өзбектер, Түркендер тілін азаттық алған күнінің ертеңінде-ақ тұғырына қондырған. Сізге бір мысал кетірейін, Украин көшелерінен ОРЫСША жазылған бір жарнама таппайсыз. Тек брендті «сникерс, твикс» деген тағысын тағы әлем компанияларының аттары ғана мұрты бұзылмай жазылады. Мүсіркемегенде не кешегі мұртты министр ағаң мұрынының астынан міңгірлепі біздің тілде жақ ашты ма? Айбек ҚАлиев деген ақының Бауыржан Халиоллаға айтқаны бар «Бауыржан-ау тіл, тіл деп шыңғырғанмен, Біздерге кімдер бүгін қарасып жүр. Мемлекеттік тіліміз Мәсімовтің, Мұртының арасында адасып жүр» деп. Одан қалды Алматыда орыс мектептерінің саны қазақ мектептерінен коп, аралас мектептерді есептемегенде. Мемлекеттік іс-қағазды толық қазақшаландыру керек деп жар салып жүрген Шахановтың сөзіне кім құлақ асып жатыр. Мен жетістікке жетпедік демеуден аулақпын, ия қарға адым уақыт ішінде кей ел құзғынша өмір сүріп жүріп жетпеген жетістіктерге жеттік. Бірақ, бүгінде бірақсыз болмайтын болды ғой. Бірақ, ертең ,құдай оның бетін әрі қылсын, тілің жер қоймайына енгенде көресіңдер. Мұтар Шаханов ағамыздың бір ұлт туралы кетірген мысалы бар, айтады сол ақынның тілі құрып еді ұлт жер бетінен 1-ақ күнде жойылды дейді. Сіз өйтіп тілмен ойнамаңыз. Ал тақырыпқа келер болсақ «баланың тілі құлақ сал, кейде тіліне дананың ойы оралады» деген, атам ҚАЗАҚ! Жиырмаға келген жасымда 15-індегі ҚАзыбек билердей сөз айта алмағаныма қысылып жүрсем, сіз "«Біреудің бұйрығымен келген, бір адам»-деген тақырыпты оқығанда,«Біреудің бұйрығымеен жазылған пост»- емес пе екен деген ой келді. Себебі сайт қолданушылары негізінен жас балалар, олардың дәрежесіне лайық пост емес сияқты" деп абыройымды аспандаттыңыз ғой. Тағы да тірі мысал келтірейін, білі білсеңіз Абай адғаш Құнанбайға қарсы шыққанда неше жаста еді? Керек десеңіз, Мұхтар Мағауин 8 сынып бітіргенде бүкіл түркі ұлтының тарихын оқып тауысқан екен. 20 жасында тұрмақ, 3 сынып оқып жүрген де Джек Лондонның кітаптарын оқыған. Филмакты бітіргенде «Көк мұнарын» болу керек, жазып біткенде 17 мүғалім тиіскен екен, ішінде 2-еуі проффессор. Жинаған білімімнің арқасында 17-ін жонжеті жерге қойдым дейді. Қазір ағасыз неге туған жерден жырақталып сонау Чехияның Прага қаласында тұрады деп ойлайсыз. Не туған жері тақиясына тар келіп пе? ЖОҚ, ол кісі қазіргі шындығы өтірігінің жамбасында жатқан Қазақстанда тұрса "Қасқыр-Бөрі" "Ұлт араздық жанжал" «Шақан шері» сынды дүниелерін тудыра алмас еді, нақтырақ жарыққа шығартпас еді. Ішімде айтатыным әлі көп, әттең жазған сөйлегендей болмайды ғой.!!!
eclipse9
Жако мырза! Бәлкім сіз жақта болар, ал Алматыда өз еркіңмен шығып алаңға гүл шоғын қоя алмайсың. Мен көргенімді бүкпесіз баяндап, боямасыз жазатын адамдардың қатарынанмын. Себебі шындығын шымылдықтың сыртынан емес, бетіне басып айтатын ҰЛЫ бабаларымның бүгінге жеткен көп сынығының бірімін. «Ақиқатқа келген де атаңның қылмысы болса да жасыр ма» деген ол өткеннен бізге жеткен өсиет! Бұл жерде атаң дегенге ханымыз деп тұрған боларсыз. Бұл жалпылама айтылған пікір. Егер сен өз жақыныңның қылмысын жасырмай айтқанда, өзгенікін айту не тұрады деген мағынада. Мүсіркеген емес, шындыққа тура қарай білейікші! Өзбектер айтады «Орысша сөйдегің келсе, алдымен қазақ болып ал» деп! Бұл сөзде қандай астар жатқанын санаңыз жетсе, саралап аларсыз. Кешегі бір қанаттың астынан шыққан Украиндер, Өзбектер, Түркендер тілін азаттық алған күнінің ертеңінде-ақ тұғырына қондырған. Сізге бір мысал кетірейін, Украин көшелерінен ОРЫСША жазылған бір жарнама таппайсыз. Тек брендті «сникерс, твикс» деген тағысын тағы әлем компанияларының аттары ғана мұрты бұзылмай жазылады. Мүсіркемегенде не кешегі мұртты министр ағаң мұрынының астынан міңгірлепі біздің тілде жақ ашты ма? Айбек ҚАлиев деген ақының Бауыржан Халиоллаға айтқаны бар «Бауыржан-ау тіл, тіл деп шыңғырғанмен, Біздерге кімдер бүгін қарасып жүр. Мемлекеттік тіліміз Мәсімовтің, Мұртының арасында адасып жүр» деп. Одан қалды Алматыда орыс мектептерінің саны қазақ мектептерінен коп, аралас мектептерді есептемегенде. Мемлекеттік іс-қағазды толық қазақшаландыру керек деп жар салып жүрген Шахановтың сөзіне кім құлақ асып жатыр. Мен жетістікке жетпедік деуден аулақпын, ия қарға адым уақыт ішінде кей ел құзғынша өмір сүріп жүріп жетпеген жетістіктерге жеттік. Бірақ, бүгінде бірақсыз болмайтын болды ғой. Бірақ, ертең ,құдай оның бетін әрі қылсын, тілің жер қоймайына енгенде көресіңдер. Мұтар Шаханов ағамыздың бір ұлт туралы кетірген мысалы бар, айтады сол ақынның тілі құрып еді ұлт жер бетінен 1-ақ күнде жойылды дейді. Сіз өйтіп тілмен ойнамаңыз. Ал тақырыпқа келер болсақ «баланың тілі де құлақ сал, кейде тіліне дананың ойы оралады» деген, атам ҚАЗАҚ! Жиырмаға келген жасымда 15-індегі ҚАзыбек билердей сөз айта алмағаныма қысылып жүрсем, сіз "«Біреудің бұйрығымен келген, бір адам»-деген тақырыпты оқығанда,«Біреудің бұйрығымеен жазылған пост»- емес пе екен деген ой келді. Себебі сайт қолданушылары негізінен жас балалар, олардың дәрежесіне лайық пост емес сияқты" деп абыройымды аспандаттыңыз ғой. Тағы да тірі мысал келтірейін, білі білсеңіз Абай адғаш Құнанбайға қарсы шыққанда неше жаста еді? Керек десеңіз, Мұхтар Мағауин 8 сынып бітіргенде бүкіл түркі ұлтының тарихын оқып тауысқан екен. 20 жасында тұрмақ, 3 сынып оқып жүрген де Джек Лондонның кітаптарын оқыған. Филмакты бітіргенде «Көк мұнарын» болу керек, жазып біткенде 17 мүғалім тиіскен екен, ішінде 2-еуі проффессор. Жинаған білімімнің арқасында 17-ін жонжеті жерге қойдым дейді. Қазір ағасыз неге туған жерден жырақталып сонау Чехияның Прага қаласында тұрады деп ойлайсыз. Не туған жері тақиясына тар келіп пе? ЖОҚ, ол кісі қазіргі шындығы өтірігінің жамбасында жатқан Қазақстанда тұрса "Қасқыр-Бөрі" "Ұлт араздық жанжал" «Шақан шері» сынды дүниелерін тудыра алмас еді, нақтырақ жарыққа шығартпас еді. Ішімде айтатыным әлі көп, әттең жазған сөйлегендей болмайды ғой.!!!
Jako
ал Алматыда өз еркіңмен шығып алаңға гүл шоғын қоя алмайсың. 


Не айтқыңыз келгенін мүлдем түсінбедім, оған кім кедергі жасай алады.Желтоқсан оқиғасы өзіне лайықты толық мәртебесін алмады десең келісемін, ал мына өтірігіңе жол болсын.
eclipse9
өзіңіз біліңізші, сізге жауап жазып жалықтым.
senim
Аль Астер НҰРыс айтады.

Жылауық сайттардың жазатындары айтаберде де бар.
eclipse9
Жә, қызыл кеңірдек болып қайтемін. Бұл тақырып осымен аяқталды. Менің жазғандағы басты мақсатым бріншіден қазіргі қатарластарымның ойын білу еді, екіншіден, саясатпен қаншалықты достығы!!! БӘріңе рахмет!!!
MSHERIMBEK
Саясатпен дос емеспін. Ол менімен дос емес. Тойыс, бір-бірімізбен айналыспаймын.
Ееееелки, қазақ жастары саяси, тіл, дін, анау мынау деген сияқты сасық тақырыптардан шығып ғылыммен айналыспайынша, еліңді миллион жерден мақтасаң да, даттасаң да әлемдік аренада лох күйінде қала бермек. Болатын тірлікпен айналысыңдаршы а! Оқитын нәрселер қажет болса өзім ақ берейін.
Әлем халықтары роботтарды, автокөлік, компьютер т.б жасап жатыр. Тіпті, Өз телефондарын өздері жасайтын дәрежеге жеткендері қаншама. Лібәд, қазақ жастары әлі жүр тіліміз жоғалады, дініміз, салтымызды сақтайық, өліп барамыз, Ресейге құл боламыз, Ағылшынға құл боламыз деп зарлағаны зарлаған. Еееееепті бастарыңдысс, әлдеқашан құл болып қойғанбыз (економикалық). Енді сол құлдықтан шығудың жалғыз ақ жолы — елде өндірістік, техника салаларын арттыру керек. Жыным келетіні екі жігіт болса біреуі ақын, біреуі жазушы. Ал, мынадай құраммен қойым техникалық даму.:((((
AyKoN
өте дұрыс айтасыз Садық аға! Күгшілдіктен қашан айығамыз қайран қазағым?! Өкпешіл бала құсап үкіметке бұртиа бергенше аз да болса пайдалы іс жасапқұр өсек айтып, ананы мынаны жамандағанша еліңіздің өркендеуіне үлес қоспайсызба eclipse9? өзіңіз айтпақшы ата-бабаларымыз сіздей кезінде талай іс тындырған азамат болған,құр сөйлемеген, белгілі бір нәтижеге жетіп отырған. әр кім өз үлесін қосқаны абзал.мемлекет маған не берді емес МЕН МЕМЛЕКЕТІМЕ НЕ БЕРЕМІН? деген сұрақ мазалауы тиіс әрбір ойлы жасты. «Тамшыдан тама-тама дария болар» демекші, ар кім титтей болсада үлес қосар болса қазақ елінің болашағы жарқын болар еді!!!
VseProSSto
Автордың бір сипаты

өзгерісті өзіңнен баста!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.