Серік: «Спорттық жолымды бір жолата аяқтадым...»

Өз ойым /
2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, Вэла Баркер кубогының иегері, әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиев «Bnews-қа» берген сұхбатында бокспен мәңгілікке қоштасатынын айтты.
29 жасар қазақ боксының қазіргі мақтанышы Серік Сәпиев үлкен спортпен мәңгілікке қош айтысатынын айтты. Журналистің «неге» деген сұрағына «Менің омыртқама зақым келген. Енді соны емдетуім керек» деп қысқа қайырған болатын. Естеріңізде болса Серік «Астана арландарымен» бірге ел намысын қорғайды делінген болатын. Осы туралы қойылған сұраққа Серік: «Иә, ондай ойдың болғанын жоққа шығармаймын. Мен тіптіен АИБА-мен алдын ала келісімшарт жасасқан да болатынмын. Білесіздерме, сенің ойлағаның жүзеге аса бастағанда шабыттанатының сонша, тіпті тау да қопарып тастайтындай күйде боласың. Бірақ барлық кезде сенің қалағаныңдай бола бермейді. Мен осыған дейінгі барлық ғұмырымды боксқа арнаған едім. Бұл спорт түрімен айналысып жүргеніме де 17 жыл болыпты. Осы жыл аралығында айтарлықтай жетістіктерге де, көңілсіз жеңілістерге де тап болдым. Бірақ ұлы арманым жат елдің аспанында ән ұранымызды шырқатып, көк туымызы желбіретттім. Осылайша Пекиндегі әділетсіздіктің есесін Лондонда толығымен қайтардым», — деген болатын. Болашақта қандай жоспарларыңыз бар деген сауалға, «Менде әлі тоқтап, өткен күннің парақтарына көз жүгіртіп шығарлықтай уақыт бар. Қазір мен екінші мәрте өмір есігін ашқандай болып отырмын. Сондықтан шешім қабылдауға асығар емеспін». Иә, Серіктің бокстан мәңгіге кеткені біз үшін ауыр соққы болып тигені сөзсіз. «Орнын басар білекті боксшы бар ма?» деген сауал да санымыздың сабырын алып жатқаны сөзсіз. Не де болса Серікке өмірде де шаршы алаңдағыдай еркін қимылда демекпіз. Сәттілік!!!

2 пікір

Kan
Мен сенемин али талай санылактарымыздын шыгатынына. Казактын жигиттери кашанда мыкты. Серикке тек жаксылык тилеимиз
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.