Ақ қар – қыстың ажары!

Өз ойым /
Таңертең оянып терезеден далаға қарасам, о ғажайып, аппақ ақ ұлпа қар жерге қарай асыға қонып жатыр. Табиғат бейне-бір қара жердің түсін ақ түске бояп, періштелердің ақ нұры жерге түсіп жатқандай! Қарасаң көз тоймайды. Неткен нәзік! Неткен көрікті! Жер – ақ көйлегін кигендей! Біртіндеп аспаннан кіршіксіз түсіп жатқан қарды басудың өзі қиянат. Жапалақтап бірінен соң бірі ара қашықтығы есептеулі қарлар қыстың негізгі – көркі. Алты бұрышты қарларды кім өрнектейді екен? Табиғаттың осындай сыйлығына бөленген біз неткен бақыттымыз!


Ақ қала
Ақ қала. Бала күнінде аққала жасап ойнамаған бала жоқ шығар. Алғашқы ассоцацияға арқау болған ол көгілдір экрандағы – мультфильмдер. Содан кейін, кәнігі аулада жатқан қардан неге осындай адам жасап қоймасқа деп жасайтынбыз. Неше сәбіз құрбан болатын еді, десеңізші! Өмірдің балалық шағы тәтті ғой! Ақ қала жасап, ақ қармен атысып өскен балалық албырт шағымыз бәріміздің есімізде емес пе? Осының бәрінің негізгі себепшісі — қыс пен қар емес пе? Аязды да ұмытып, беттің ұшы қып-қызыл болғанына қарамастан сырғанаққа тоймай ойынды қимай, ерте түсетін қараңғылықты қарғап әр бала үйіне тарасатын еді.
«У природы нет плохой погоды» «Табиғатта жаман ауа райы жоқ». Ауа райын өзінің қырсықтығына теңейтін адамдар қателеседі! Мұндай адамдарға түсінбеймін. Далада тоңып келе жатсақ та жасағанның бергеніне шүкірлік етуіміз керек! Расында, аяз да үскірік те, жек көретін жаңбыр да табиғаттың құбылыстары уақытымен болып тұруы шарт. Олай болмаса да, табиғи заңдылықтар бұзылып, атмосфера адасады. Ал адамзат бейбіт әрі жарқын күннен ешқашан үміт үзбеген.
P.S. Бұл жай менің толғанысым, жүрегімнің үні!

5 пікір

yerbol89
Жапалақтап бірінен соң бірі ара қашықтығы есептеулі қарлар қыстың негізгі – көркі.
Сізбен толық келісемін. Қыстың көркі қар. Осы орайда Жаңадан шыққан Хранители снов мультфильімен көруге кеңес беремін. :)
naimankyzi
міндетті түрде көремін!
Jako
"Әппақ,әппақ, жапалақтап,
Қар жауады тынбастан,
Қалың орман,қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан."
— деп өлең айтатын кездерімді сағындым.
yesbolat83
О, алақай, Аяз ата,
Келе жатыр алыстан!
Кел билейік, үйренейік,
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын жаңа жыл!
Madi
Иа, биыл басқа жылдарға қарағанда қар өте қалың түскен секілді.Қардың қалыңдығы 30-35 см-ден асып кетеді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.