Өмірге адам болып келгеннен соң!

Өз ойым /
Өмірге адам болып келгеннен соң жақсы өмір түсіруге, бақытты болуға тырысып жатамыз. Сол бір жақсы өмір яғни бақытқа жету үшін жылаймыз, мұңайамыз, ашуланамыз,әлдекіммен ренжісеміз немесе біреудің көңілін табуға тырысамыз әйтеуір адами сана-сезімнің барлық қағидаларымен танысып, ащы-суығын көріп жатамыз. Жақсы өмір түсіру үшін білім аламыз һәм оқу оқимыз, жұмыс істейміз қаражат табамыз (ақша). Тапқан-таянғанымызға жаңа киім сатып аламыз,қыдырамыз, түрлі дүниелер аламыз (телефон, машина, нодбук т.б). Сонадағы жақсы өмір бақыт дегеніміз осы ма? Әлде біз шынайы бақыттың не екенін білмейміз ба? Жарайды шынайы бақыт, жақсы өмір деген сүйгеніңмен бірге болу делік. Онымен бірге тұру үшінде ішіп-жеп кейінуің керек емес па? «Сүйгенім асырайды» деп қыз отырса «Сүйіктім менің аз табысыма қанағат тұтар, мені сүйеді ғой» деп жігіт жүрсе арты не болмақ? Махаббат сөнбек, бақытың өлмек.
Енді жақсы өмірдің бәрі бай болуда делік. Байыдық делік. Еш бір материялдық мұқтаждығыңыз жоқ болсын. Былайша айтқанда ішкеніңіз артыңызда,ішпегеніңіз алдыңызда. Бірақ сіз бетіңізге әжім болып түскен, буыныңызды сырқырататын, жастығыңызды жоқ ететін кәрілікке қарсы тұра аласыз ба? Түбі байлығыңыз қалады сіз кетесіз. Жарайды «жас кезімде молшылықта өмір түсірсем болды кәрілікте мейлі» дерсіз. Бірақ қанша бай болсаңызда өзіңізді бақытты сезіне алмайсыз. егер бұл сөзіме сенбесеңіз ауқаты тасыған жандардан сұраңыз. Еш бір адам мына өмірге еш қашан разы болған емес. Әйтеуір бір нәрсе жетіспей тұрады ол не?
Мейлі он балаң болсын,үлкен әулеттің иесі бол бәрібір сол бір сезім,үнемі бір нәрсе жетіспей тұрады. Түбі алысып, жұлысып қайғырып, мұңайып өмірден өтеміз. Ешбір пенде мына өмірден қайғырмай өткен емес. Бірде қуанасың, бірде жылайсың шым-шытырық тіршілік. Ақырғы баратын жерімізде ол — өлім. Енді өмірді маңызды өткізу атақты болу ма? Әлде маңсапта болу ма? Атақты адам бақытты деп, биліктегі адамның өмірі керемет деп кім айтты. Олар да қайғырады, оларда жылайды, оларда өздерін бақытсыз сезінеді?
Адам баласының бәрінің пешенесіне қайғыру, жылау, мұңайу,қиындық көру жазылған. Ендеше өмірде ең бақытты адам ол сабырлы адам шығар. Әрине бұл менің ойым.

Достар кешірім сұраймын егер қате болса. Ой үстінде отырып жаздым да қайта тексермедім.

14 пікір

Kan
Өмір қиын болғанс сайын тәтті болады ма қалай?
Jako
Кан мырза,қайшылықтарсыз болса ол қандай өмір?Өмір деген кино емес, кітап та емес, ол күрес, тар жол, тайғақ кешу.
Kan
Өмірде қиындық болмаса ол өмір емес дейсіз ғой сонда
AKA
Бәрі, бәрі қажет меніңше, мөлшерімен. Адами құндылықтар бірінші орында болуы керек, бірақ.
Kan
Әрине Адам болып келген соң адам болып кеткен дұрыс. Бірақ біздің қоғам адами құндылықты бағалап жатыр ма?
AKA
Бар, болған, бола береді. Инсульт алған, бірақ өлген жоқ! ©
nurbanu_KAMAL
Жақсы пікірлерді ортаға салыпсыз. Меніңше, бақыт деген атақта да, байлықта да емес. Тіпті, махаббаттың өзін тек бақыт әкеледі деп айтуға болмайтын шығар. Меніңше, бақыт – әркімнің санасында болуы тиіс. Барын бағалап, жоққа қанағат етсе, қанағат деп қол қусырып отырмай алға қарай жылжи берсе, осының өзі бақыт шығар? Айтпақшы, өмірде адамның ары таза болмай бақытты бола алмайды. Бұл, енді, даусыз.
Kan
Ар жәйлі айтқаныңа толықтай келісемін. Бірақ арсыз адамда толып кетті емес пе? Қызымыз жалаңаш жұрт алдында билеп жүр. Ұлымыз қылмыс жасағанын мақтан етіп жүр. Енді олар ар жәйлі ойлана қоймас сірә
salam4ik
біздің ең басты кемшілігіміз көп сойлеп! аз істейміз!!! жақсы ой! осыны өмірде қолданса,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
Kan
дұрыс айтасыз.
aliya95
Адам болып туған соң,
Қайтып надан болайын.
Халқым надан болған соң
Қайда барып оңайын — деген Абай атамыздың өлеңі ойыма келіп тұрғаны… Көпке топырақ шашудан аулақпын. Дегенмен де өмірден өзіндік орын таба алмай, адасып жүрген жұмыр басты пенделер, қандастарымыз да жоқ емес. Меніңше бақыт — ол мұңсыз, қайғысыз, туған-туыс арасында өткізген уақыт. Біз барымызды бағаламай, кейіннен өзегіміз өртке оранады. Өмірдің соңы — өлім депсіз. Бұл талқыланбайтын нәрсе. Бәріне белгілі. Сол өмірге біреулер енді келіп жатса, бірі дүниеден өтеді. Сол адамды біз сол кезде ғана шынайы бағалай түсеміз, өкінішті әрине. Меніңше, бақыт — адамдарды түсіне білу, әрқашан біреуді сүю, сағыну, ардақтау, қолдау табу.
Kan
Пікіріңіз мазмұнды екен. рахмет
nur_85_4
Бақыт ізде асыл дана сөздерден
Бақыт ізде ойлы қара көздерден
Бақыт ізде тыным таппай күні-түн
Бірақ оны тартып алма өзгеден…
… Ия, бақыт түсінігіне қатысты әркімнің өз пікірі бар, биреулер оны өзіңіз айтқандай байлықтан іздесе, енді бірі махабаттан іздейді, жеке өмірде жолы болса өзін бақытты сезінеді, бәлкім ол да дұрыс шығар, қалай болған күннің өзінде де ар адам өзін бақыттымын деп есептеуі қажет, "Әр адамның қандай болса пиғылы, соған лайық Жаратқанның сыйлығы"-деп бекер айтылмаса керек.
Меніңше бақыт деген ол деніңнің саулығы, ата-ана, бауырыңның, өзіңе қымбат адамдардың жанында болу, одан асқан бақыт жоқ сияқты.
nurbanu_KAMAL
"Әр адамның қандай болса пиғылы, соған лайық Жаратқанның сыйлығы" жақсы мақал екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.