Жиналып қалған...

Өз ойым /
Саламатсыздар ма, мен Қытай Халық Республикасында оқып жүрген қарапайым қазақтың бірімін. Осы Қытайда оқып жүргеніме жарты жылдай болып қалды. Қызықты сәттер мен онша емес деген сәттер болды. Қазір соның быр кемшіліктерін айтқым келіп отыр, кемшілік өзіміздің тарапымыздан емес, осы жерде оқып жүрген қазақтар туралы.
Ойда Далянь қаласына бару еді, біақ алдымен Пекин қаласына бардым, ол жерде 5-6 мың қазақтар оқиды дегенді естігенде, не болса да өзімізге тартылайық деп сондай ойлармен барған болатынмын. Бірақ не керек үміттің барлығы орындалмады, барған кейін бір топ қазақтарды көргенде бауырларымды көргендей жақындап едім «фу, опять казахи приперлись» деген сөздері жүрегіме тиді. Ал жарайды деп қазақтардан алшақтап жүрдім, олардың қатарына қосылу үшін солар сияқты наша тартып, өздері айтқандай «трубка мира» деп үндістердің салтын алғандай болып өздерінше болады. Сонысын естігенде қазақтар үшін ұялып не істерімді білмедім, әрине мен айтпаймын өзімді ешқандай жаман қылықтарды жасамайтын «ангелочек» деп. Бірақ бұлардың істегені енді шектен асады, осы қылықтары үшін түнгі клубқа қазақ болмасаң кіргізбейді екен. "Қазақтарға және иттерге кіруге тиым салынған" дегенді көргенде кірерге жер таппай қалдым. Өзім жақсы сөйлесіп жүрген балалар басқа ұлтпын деп айта сал дегенде, «жоқ мен ҚАЗАҚПЫН» деп кірмей, бір топ болып далада қалғанымыз бар. Қазақтардың көкірегін соғып айтатын дегендеріне де бардым, сөйтсе ұйымдастырушылардың мақсаты тек қана қонақтардың арақ-шарапқа сылқ тойғандары ғана керек екен.
Тек қана бұл емес, қытайдың қазақтарын адам қатарына санамайды екен, «олар кезінде отанын сатып кеткен» деп өздері бір соғысқа барған адамдар сияқты сөйлейді. Сол қазақтармен сөйлесіп қазақша үйренгеніме ұялып отырмын.
Ал бір айдан кейін Далянь деген қалаға ауысы кеттім. Бұл жерде қазақтар қырыққа жуық екен. Енді бұлардың Пекиндегі халықтан айырмашылығы жер мен көктей екен. Қазақтар аз болса бір-біріне көмектесіп бірлігін көрсететіні бар емес па. Осында келе салып қарсы алып, туған күнімді де осылардың арасында өткіздім. Қазыр барлығын танимын, әр дайым көмектесуге дайын тұрады.
Осы жердегі басқа елдің адамдары неткен ұйымшылсыңдар дегенде мақтанышым көкірегіме сыймай, тек қана «ой, бұл қайта онша емес қой» деп қана қойдым.

23 пікір

MSHERIMBEK
Шет елге барып оқып жатқандардың көбісі бастары тесік в натуре! Қызы да ұлы да сол, Малайзияда куәсімін бұлардың. Арабтардың квартирасына баратын қыздар да бар екен. Шешессс дедім. Өзіңе дұрыстау ортада жүре бер амиго! Шетелде барғанда қазақтармен араласуың міндетті емес. Мен де қазақтарды аса іздемеймін. Өйткені, біразы құлағынан су аққан жаңағыдай миғұла екендіктерін білем. Әйтпесе, ұлттың статусын иттікіне дейін түсіруге қай жарымның ақылы барды екен?
Ааа, Дака бауырым! Қош келдің:) Сайттың 1 жасын тойлап отырмыз:)
qyrmyzy
Малайзияда қазақтарға квартира жалға бермейтін болыпты деп ренжіген бір кісі :(
Daka_sss
сол, қазыр жақсы достарымның арасында тек қазақтар емес))

рахмет) құтты болсын, не ғо, құймайсың ба))
Jako
қазыр жақсы достарымның арасында тек қазақтар емес))
Бұл не дегенің, сонда қытайлармен дос болып кеттің ба?
Daka_sss
айтқым келгені, тек қазақтар емес достарым)
beko
Даяшы(официантка), сізді бола ма? Мұнда тағы бір қымыз керек секілді, солай ма Даке?
Басқа елдегі қазақтар туралы қосарым жоқ, дегенмен қош келдіңіз))
qyrmyzy
:( Өкінішті…
Сіз тұратын қаланы, ол жердегі қазақтар жайлы, универ, оқулықтар… жайлы жазыңыз. Сурет, видео іліңіз. Қуана-қуана тамашалап, пікірлейміз.
Сайтқа жиі кіріп тұрыңыз Өткенде бастаған жобаңыз не болды?

Daka_sss
оқудан уақыт болмай жүр еді) қазіп енді демалыс, соны енді жасаймын))
qyrmyzy
күтеміз! Сәттілік!
AKA
Салют! :) Мадис, шетте жүрсең де өз абыройыңды, намысыңды жықпағаның үшін саған респект! Оқуыңды жақсы оқы, сәттілік болсын, бастысы аман бол! :) Жақсыларды жаныңа жинай бер.
qyrmyzy
осы қызды көргім кеп жүргенімді-ай… жекеге шықшы
AKA
Келші, келші бермен келші… :))) Кездесеміз әлі, бұйыртса :)
Daka_sss
рахмет, тырысамын)
Abylai
Дәке мына мақаламен шатысыңыз жоқ па?
Daka_sss
тым асырып жіберген сияқты автор.
Abylai
бірақ жобаға келеді екеуіңіздікі де
qyrmyzy
сол, мен де солай ойлап ем
korwinin_kyzy
Оқуға тягы жок ваще не туралы?
атеуур не де болса қытайда окватрм дима?
Jako
осы қылықтары үшін түнгі клубқа қазақ болмасаң кіргізбейді екен.
Қазақтарға және иттерге кіруге тиым салынған
Мына сөздерің бір-біріне қарсы келіп тұрған жоқ па?
Сол қазақтармен сөйлесіп қазақша үйренгеніме ұялып отырмын.
сонда қазақша білмей жүре бергеніңе ұялмас па едің?
Соңғы өңделген уақыты:
ZevsKO
келісемін. Жазу барысында ой ауысып кеткен ғой деймін
Daka_sss
шатасып кетім)
ZevsKO
өзгеге ермей өзің боп жүре бергенің дұрыс. Өзіндей көрсе аралас, жақтырмаса жолама. Шет жақта жүріп жазатайым болып қала көрме
Daka_sss
рахмет сөздеріңізге.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.