Ұмытам қалай?

Өз ойым /
Жазда ағылшын тілін мықты білетін бір досымнан "қалай үйренуге болады осы ағылшынды" деп, кеңес сұрағанмын. Ол болса, асықпай: «Саған қымбат кітаптар, қымбат курстар, керек десең мен де көмектесе алмаймын. Бәрі өзіңе байланысты. Ең бастысы тілді үйренем деген ниетің мен көөөөөп уақытың болу керек! Жалқаулықты жинастырып қойып, күнде өз бетіңше оқы! Сонда ғана өзің қалаған деңгейге жетесің!», — деген болатын.

Содан, өзім тиіп-қашып, том-том кітаптарымды оқи бастадым. Курсқа бару қайдааа
Егер тілді үйренгіңіз келсе:
— шетелдің даңғырлаған әуендерін емес,Алматының бітпейтін кептелістерінде тыңдайтын аудиосөздіктерді тыңдағаныңыз әлдеқайда тиімді;
— күнде 10 сөз жаттау! Блокнотқа немесе ұялы телефоныңызға ертең жаттау керек сөздерді жазып алып, уақытқа қараған сайын сөздерді де ашып, бір шолып отыруға болады;
— ас үйдің қабырғасына сөз тіркестерін жазып, іліп тастаңыз. Ас әзірлеу кезінде немесе тамақтанып отырып, жаттауға болады, көз үйренеді;
— фильмдерді субтитрмен қарау. Студент кезімізде бір құрбым арнайы сондай фильмдердің дискісін сатып алатын.
— өзіңізге ұнайтын әндерді аудару.


Бүгін сіздерге өзіме ұнайтын әннің аудармасын ұсынбақпын. Ақындар әдемілеп өлең жолдарын жазамын десе, пожалуйста мархабат!



The Beatles «Yesterday»
(Lennon/McCartney)

Yesterday, all my troubles seemed so far away
Now it looks as though they're here to stay
Oh, I believe in yesterday.

Suddenly, I'm not half to man I used to be,
There's a shadow hanging over me.
Oh, yesterday came suddenly.

Why she had to go I don't know she woldn't say.
I said something wrong, now I long for yesterday.

Yesterday, love was such an easy game to play.
Now I need a place to hide away.
Oh, I believe in yesterday.

Mm mm mm mm mm.

"Өткен күн"
Кеше ғана менің барлық келеңсіздіктерім алыста сияқты еді,
Бүгін бәрі есігімді қағып тұрғандай.
О, өткен күндеріме қайтқым келеді.

Кенеттен менің жартымды қоса алып кеткендей,
Мені мұң билейтіндей.
О, кешегі күн күтпеген жерден келсе екен…

Қайырмасы:
Неге ол менен кетті? Білмеймін… себебін айтпады
Оған қандай ағаттық жасадым екен???
Өткен күндерім қайтып келсе екен

Кеше ғана махаббат жеңіл ойын сияқты көрінетін маған,
Бүгін, махаббатқа мұқтаж кезде, ол менен тығылатындай, мені тастап, алысқа кеткендей.
О, өткен күндеріме оралғым келеді!



Әлемге әйгілі «The Beatles» тобының бұл әні 1965 жылы «Жылдың ең үздік әні» аталса, ХХ ғасырдың ең үздік әндерінің қатарына еніпті.

P.S: Өткенін ұмытқысы келмейтін, кешегі күнмен өмір сүретіндерге, өткен күнін жібермейтіндерге, бүгіні мен ертеңін қарсы алғысы келмейтіндерге арналған ән!

12 пікір

jalyn
Мен ағылшын тілін үйренем деушілерге Дунканның курстарын қарап шығуға кеңес берер ем.
Маған пост қатты ұнады. Жақсы бастама. Бірақ бәрібір түпнұсқаға жетпейді екен. Оның үстіне ағылшын тіліндегі кейбір әдемі тіркестерді аударғанда әсерсіз боп шыға келеді...
korwinin_kyzy
Book-китап
Copy book-Дәптер
Children-Балалар
Child-бала
Everybody-Барлығы
two-екі
Power-күш
Tooth-тіс
read-оқы
Болды жарайт-АLL RIGHT
VVVWWW
Өте жақсы, тамаша және пайдалы пост (Битлзды салғаның өте ерекше болды),
тек қызық жерлері бар екен:
— ас үйдің қабырғасына сөз тіркестерін жазып, іліп тастаңыз. Ас әзірлеу кезінде немесе тамақтанып отырып, жаттауға болады, көз үйренеді;

Ас үйге күніне тек қана 15-20 минут уақытқа ғана кіретін, және оның өзінде тарелкадан басқа ештемеге қарамайтын болсам ше.
Korkem
онда тарелкаңызға жазып қоюыңызға болатын секілді, егер шынымен-ақ ағылшын тілін үйренуге ниетіңіз артып бара жатса, әрине
Madi
өзіңізге ұнайтын әндерді аудару.
Мен осыны анда санда орындайды екем.
AshTrollToqTrollmenOinamaide
Мәтіннің 50%-тін түсінетін деңгейге жеткен соң фильмдерді субтитрсіз қарауды кеңес етем. Ағылшыныңызды жетілдіруге өте-мөте-жылдам-тез көмектеседееее
AshTrollToqTrollmenOinamaide
Сосын кітаптарды жәй оқымай дауыстап оқу қажет
STR
айфонымдағы пианода жиі тартып тұрам. керім мүзікә
AshTrollToqTrollmenOinamaide
десек те мақтанып қалу керек қо ал менде самсүнк
STR
тонкость дегенді түсінетін адам көрсем, әжептәуір жеңілдеп қалам. басым ауырғанын ұмытып кетем, брат.
П.С. Әже жауымда самсунг. Сол үшін онша жақтыра бермейм қаратабандарды. Плебейлердің продукциясы — ол эппл!
AshTrollToqTrollmenOinamaide
Bizdegi iPonttardy almafandar almasa bagasyna tatymaityn temir. Ishindegi iOS-ta optimizaciyasy keremet bolganmen bizge arnalmagan, kop narseni shektep tastaidy. Andriod flagmandar avtonomdyq turgasynda kemshilikterin eskermesek soz jok OZH. Sony Xperia Zetke basym ketip jur)))
AKA
Практика болмаса да қиын екен, қанша жаттап, грамматикасын түсінсең де, сөйлеп үйрену керек. Қате болсын, әйтеуір практика міндетті түрде қажет.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.