Еріккен кездегі қуған ойлар

Мен туралы 100 факт деген блогтың қайтадан ашылғанына қуаныштымын.«Айтаберге » бас сұғып белсенділік танытпағалы көп болыпты. Анда-санда ғана бірдеңе жазып қоясың, әйтеуір.Негізі, бұрын осындай пост жазған маған қызық көрінуші еді, қазір жазатын жұмысым бастан асып кеткен соң ба, жазып жүрген жоқпын. Кейде компьютер, интернет, ұялы телефон болмаған басқа заманға түсіп кеткім келеді.Жарайды, негізі, мен 100 факт жазғым келген.Бірақ, неғылам өмірімді жарияға жар сап. Одан да өз ойымды білдіре салайын. Негізі, блог жазғанда бір кітаптан көшірмей, өз ойыңды, өз туындыңды жазған дұрыс, әрине, солай ма?
Қысқасы, қазір оқытушы болып жұмыс жасап жүрмін. Білмеймін, өзімді онша оқытушы ретінде сезінбеймін. Бірақ, әйтеуір бар білгеніммен істеп жатырмын. Қазақша материалдар жоқ. Негізі, мұғалім болмаймын деп ойлап едім. Қайтесің, ақша керек. Оның үстіне бір намаз оқитын группаласым айтып еді, саған жұмыс істесең, мәдениетті ортаға барған дұрыс деп.
Блогкемпке бару туралы анда-санда ойланып қоям. Жаңа виртуалдағы адамдардың шынайы жүздерін көрсем бе деп. Оның үстіне, ел көрген, жер көрген дұрыс қой.

13 пікір

avatar
  • mairosh
  • 0
100 факт жазшы Мади.
avatar
  • Ademi
  • 0
Осы жігіт пе еді депреснягы ұстап жүретін??? сізге мына жазбаны оқуды рекомендеймін. Байқаңыз, 40 аяқ ұстап ап жүрмеңіз :)
avatar
мен 100 факт жазғым келген.Бірақ, неғылам өмірімді жарияға жар сап.
Жазып қойғансыз кезінде факттарыңызды! әйтсе де жойып үлгеріпсіз, дегенмен пікірлері әлі орнында екен. Оның өзі біраз факттарға толы.
4.Таңдаған мамандығыма өкініп жүрмін.

Сонымен?
83.Жақсы, өзіме ыңғайлы жұмыс тапсам деймін.
Енді?
avatar
  • Madi
  • 0
Бұл пункттер өз күшін жойды.
Соңғы өңделген уақыты:
  • Chan
  • 0
қашанғы жүресің осылай, тірілсейш амиго.
  • qyrmyzy
  • 0
Қойшы, Мәди! Ужы екінші жыл осылай деп жүргеніңе. Инет қоспа, сотқаңды сатып жібер. Бітті, виртты ұмытасың!
avatar
  • mairosh
  • 0
  • AKA
  • +1
Келіңіз, шырайлы Шым қалада блогқұрылтайда жиналайық бұйыртса, халқым.
avatar
сен менен пәдәркінді алсайш.
  • AKA
  • 0
Сен оқып бітірген соң алармын деп жүр едім. Қашан, қалай, қай кезде?
avatar
оқып бітірдім ғой)) қай кезде алғын келед сол кезде алсай. жұмысқа келесің бе?
  • AKA
  • 0
Онда ертең бұйыртса түсінігіңді сұрауға барайын :)))))))))))
100 факт кайта шыктыма?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.