Амалсыз ашынғаннан айтасың....

Өз ойым /
Айтаберге кірерін кіріп алып, айтар дүние таппай, амалсыздан оқырмандардың қатарын көбейтіп отырған вертуал өмірдегі достарым, кеш жарық! Соңғы кездері қара көз қарындастарымыздың біз, яғни еркек кіндіктілер туралы "олардың барлығы ұсақ, жел итерсе құлағалы тұрған әлсіз, бойында еркектік қасиеті жоқ, намыссыз, құр ит аузына ағаш тығып жүргенше бір уақ спортпен шығылданбайды ма" деген сөздері құлағымның етін жеп бітті. Шыны керек кейбір қалада тұратын ақ саусақ, қуыс деуде, кейпі еркектен гөрі қыздарға көбірек келіңкірейтін, өздеріне адамды гөрі, әтешке еліктегенді абырой санайтын(шаш қойлымдары) ұлдарды көргенде қаным басыма шабады. (Әтештен садаға кеткірлер!) Әсіресе белі мен бұтының шекарасы бекітілмеген, өзге десе өзін ұмытатындарын көргенде. Сұмдық. Десе де ШЫНДЫҚ! Тым құрымағанда тұрағынан таяқ тастам жердегі тот басып кеткен турникке неге тартылмайды екен дейсің. Әйпесе қалада не көп әр көше сайын ашылып тұрған түрлі дайындық залдары. (Бұрымды жігіттер туралы тіпті жақ ашқым келмейді!) Басқалары демеймін, дәл осы еркектігін етексіз киімі ғана айқындап тұрған жігіттерде Намыс деген нағыз керек қасиеттің жоқтығына сенімім мол. Себебі сөйлеген сөздері қазақтың тілімен еш сәйкестігі жоқ! Өз тілі аузын ойып жүргендей, ұртынан орысшаға орын тауып берген! Осылай тізіп айта берер болсам жіп шыдамас! Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді дейді ғой. Көрде жатқандар кебінге оранғанда көзімізді оймасын десек, тектілердің тұқымы тоқырауға ұшырап тентіреп кетпесін десек, қыз текелікті өзіне абиыр санап жүрген тексіздерді тезірек тезге салайық. Өз ойым: Амалсыз ашынғаннан айтасың....

31 пікір

Rayana
Дұрыс сөз, қыздар қауымына шалбарымызды ұрлап алды деп «реніштерін» айтып жатады. Ал, жігіттердің мына шалбарларының тігісін сөгіп жіберсек, белдемше болмағанда..?
akil_kalta01
Кейбіреулерді жап-жақсы-ақ сипаттаппыз бірақ, содан пайда болса ғой шіркін!
qyrmyzy
:) Қытайдан әкелген сыйлығыңызды жүрміз күтіп :)
akil_kalta01
Өйбүуууу!* Естен шығып кетіпті ғой. Бір көріскенде алтанатты түрде, табыстаймын!
* ұялып тұрмын.
AKA
Жөн ғой, осындайда еске түседі…
Өткенде қоғамдық көлікке міндім, ия, сол баяғы көліктің жыры ғой. Сонымен, артқы жақтағы бос орынның біріне барып отырдым. 1-2 аялдамадан кейін үлкен ер кісі мінді, артқы жақтан мен тұрып орын бергенше, алдыңғы жақтан бір апай орын берді. Енді әлгі апайды тұрғызып қойып, өзің отырмайсың ғой. Қасымда өзімнен 2 курс кіші студент қыз бен жігіт отырған еді. Тұрмады, қызды қоя берші, жігітті айтам да. Өзім тұрдым бірден, сонда апай: «Жігіттер няғып отыр, қыздарға тұрып орын бермей ме екен?!» деді. Дәл жанында отырып айтса да, әлгі жігіт міз бақпады, "қажет емес" деп мен де ыңғай білдірмедім сосын. Мұндай оқиғалар көп қой, көп жағдайда көз жұма салам. Сыйламаса сыйламасын, қол-аяғым аман болсын деймін, шүкір ғой әйтеуір.
Өз басым, жігіттің тап-таза, үтіктелген, жағасы қақиып тұратын ашық түсті көйлек киіп, қырын шығарып үтіктеген шалбар мен кәстөм кигенін қатты жақсы көремін. Кәәәәәдімгідей ғашық боп қалуым да мүмкін :))) Галстук не бабочка тағып алса уащее құлайм ғой :)) Футболка, мынадай шалбарлар, труба джинсы киетіндерді көрсем ((((: әсіресе университетке осылай киініп келетіндерді түсінбеймін.
STR
галстугын қатты байлап, басына қан бармай анемия боп жүргендер ұнай ма сонда?
универге басқа киім жоқтай кастом шалбармен баратындарды түсінбим қайта. ондай показуханың не керегі бар екен.
Пысы киімге табыну онча жахсы хасиет емес
mairosh
ал маған
кастом шалбармен баратындар
ұнайды:)
AKA
Мен қатты байлап деп жазғаным жоқ қой. Өзім галстук тақпаған соң, олардың қылғынып жүретінін қайдан білейін, біздің үйдің жігіттерінен ондай жалоб болмапты. Показуха үшін киетіндер онсыз да белгілі олар, ал былай стилі классикалықтар бөлек болады. Мен сол екіншілер жайлы айтамдаЧы :)
AKA
Ошым, күнде «президенттік образ» жасамаса да, мынадай үлгілер құптарлық мен үшін.
VVVWWW
Галстук не бабочка тағып алса уащее құлайм ғой :))
Бұл пікірден кейін Айтабердің жігіттерінің 98 пайызы галстук тағуға көшетініне сенімім мол
AKA
Басқалар үшін жауап бермеңіз, өзіңіз не істедіңіз?!
VVVWWW
Екі оттың арасында қалып отырмын: Еркіндік немесе «тұсаулы» жұмақ
AKA
Қалай-қалай?! Сіз?! Жұмақ?! Сіз, мына сііііз… жұмақ деймісіз?! (((((((((((((((((((: Еркіндік?! Қойыңызшы тегі…
VVVWWW
Бұл жерде сөз тіркестерін кішкене ретке келтіріп алайық, «тұсаулы жұмақ» — менің ойымдағы оған синоним болатын сөз: «тыныш. жәйлі және жаның жай табатын тозақ» (бүл сөздің бәрі енді Мендельсон маршына барып тіреледі)
«Еркіндік» дегенде осыларға антоним ретінде айтқаным ғой, оны енді өзің түсіндің
Соңғы өңделген уақыты:
dimash
Костюм шалдарды киіп жүрген бәрімізге де ұнайды (жігіттерді айтам)
Бірақтан онымен еркін жүре алмаймын өзім, әсіресе сол бітпес жыр болған қоғамдық көлікті неудобно))
Күннің ыстығында мүлдем ыңғайсыз, қара шалбар ыстық тартады, шаң болса кетуі қиын, машақаты көп қысқаша айтқанда. Ал галстукті бір мероприятиеда болмаса ол да ыстықтатады.
AKA
Бәрінің айтатыны осы, біздің топтың жігіттерінің сылтауы да осы енД :)))
korwinin_kyzy
Енді нестимиз? ))) Шотландияга көшіп кетсей онда)))))))))))))))
banzaika1990
Өз басым, жігіттің тап-таза, үтіктелген, жағасы қақиып тұратын ашық түсті көйлек киіп, қырын шығарып үтіктеген шалбар мен кәстөм кигенін қатты жақсы көремін.
— жігіттердің тап-тұйнақтай боп осылай жүргенін бәрімізде жақсы көреміз, бірақ «Кәстөм кимей-ақ спортивканмен жүре берш» дейтін кездеріміз де болады.
Кейбір ап-арық мойны шүңкиген балдарымыздың үстіне мешок кигендей кәстөм киіп алатындары да жынға тиеді. Адамға, қылығына жүріс тұрысына байланысты шығар. Толстовкамен, джинсимен де өзін солидно ұстай алатын жігіттеріміз баршылық.
AKA
Жоқ, мен тек кәстөм шалбар мен рубәшкі кигендерді қолдаймын. Қанша дегенмен кәстөм шалбар киген мен джинсы жемпір кигендердің ара-жігі қатты білініп тұрады. Ал, былайынша, әрине, джинсы болсын, басқа болсын, тазалыққа бірінші мән берем.
Jako
Кімге ұнамады екен, менің пікірімді өшіріп тастапты.
yesbolat83
Жако ағай, бұл пост екі данамен шыққан. Сіздің және менің пікірлеріміз екіншісінде.
korwinin_kyzy
Жаке шамасы бұл пост еки рет жазылган наши пікіри сол постта кап кеткен деген болжамдар бар)))анықтау жүргізілуде
semser_soz
Дұрыс-ақ ой… Қыздар қауымы емес, осындай дүниені жігіттер жағының бір-біріне үйреткені де жөн екен… Жарайсың ДАРЫН...
AKA
Айтпақшы, аяқ киімнің күтімін де ұмытпаңыздаршы, бұл да өттте маңызды! :) Бастысы киім таза, ұқыпты, үтіктелген, жинақы тұрса болар. :)
MSHERIMBEK
Көйлек үтіктеуге ерінбеймін, бірақ жолда көп болған соң, мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан қазір көйлек орнына қара футболка немесе водолазканы жөн көріп жүрмін. Аяқ киім баусыз туфли :) Бау байлау мен үшін ең қиын жұмыстардан бірі :)
dimash
Өмірімде ең ұнатпайтын аяқ киім — бауы жоқ аяқ киім. Без бауа никак))
jalyn
Мына постпен сен 14 пен 20 жастағы жігіттердің жетпіс пайызын
бойында еркектік қасиеті жоқ
қылып жібердің ғой. Көркем сөзбен сырты сыланған БОС ӘҢГІМЕ! (шыны керек, мұндай нәрселерге мен де қарсымын. Аллаға шүкір, шашым өрілмеген, ғаліпиИ шалбар кимеймін, көбіне кләссікәлық стильде киінемін). Бірақ жігіттік намыс, ар, мінез тек осы дүниелермен ғана өлшенбейді! Әркім қалағанынша киінуі керек қой. Керек болса, былай:
бұл артықтау ғой дим
Спортзалдың есігін тоздырып жүргендер не тындырып жүр екен?! Иә, жігіттер жігіттік қасиеттерін жоғалтып барады. Бірақ жоғарыдағы крітерийлердің оны бағалауға түк те қатысы жоқ!
Chan
шаштың әтеш стилі ұнайды өзіме. кәстюм дегенді тойда кимесем, былай кие алмайды екенмін.
followme_alik
Орынды айтылған. Дегенмен, "_Қалың шаш үлгісін иемденген жігіттерге назар салып әтеш`тік образ қалыптастырсаңдар- жолдарың болсын… ал ауы кең шалбарда нелерің бар?",-сып_отыра берелік. :))
dimash
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.