Сағатымызды үнемдейміз деп сабырымызды сарқимыз...

Өз ойым /
Лондон университетінің ғалымдары қызық үшін көлік жүргізушілерінің миын зерттеуге бел буған екен. Нәтижесінде керемет жаңалық ашқанына өздері де сенбей қалған. Зерттеу барысы көрсеткендей таксисттердің миының маңдай бөлігі (гиппокамп) едәуір мөлшерде ұлғайған. Бұл ұлғаю көрсеткіші таксисттің жұмыс стажы неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым өсіп отырған. Ғалымдардың айтуынша миға біткен бұл «мүйізгекті» гиппокамптың негізгі қызметі-кеңістікті бағдарлаумен байланысты екен. Лондон–ондаған шағын қалашықтардан құралған алып қала. Ал, бұл қалашықтардағы қиқым көшелердің атын атап, түсін түстеу, қала берді онда бағыт-бағдар алу қиынның қиыны. Осыдан да болар алып қалада жүргізуші болып жұмысқа орналасу үшін кемінде 3 жыл дайындық курсынан өту керек. Одан кейін қаланы қаншалықты дәрежеде білетінін бағамдау мақсатында жүргізушілер емтихан тапсырады.
Өз ойым: Сағатымызды үнемдейміз деп сабырымызды сарқимыз...
Дәл осы деректі барлығы болмаса да көпшілігіңіз оқыған шығарсыздар. Бүгін тағы сабақтан кеш шықтым. Бар ойым үйге ертерек жету еді. Уақыт үнемдейін деп автобусқа емес, таксиге отырдым. Бұл әдеттегі автобуспен бір жарым не екі сағаттық жолым еді. Бұл таксист те қатырмады. Бір жарым сағат қаланы былай айналып, былай толғанып жеттім-ау үйге де. Уақыт үнемдеймін деген ем. Қайдам, пайдасы да болмады. Жүргізушінің бар қызметі жүйке жүйеме кері әсерін келтіріп, ашуыма тигенімен ғана шектелді. Онысымен қоймай, осы қызметіне келісілген ақша төлегенімді талап етеді. Осындай жағдайға кезіккенім де бірінші рет емес. Ара-арасында тиынын төлемесеңіз де ренжімеңізші дейтін бір-екі жанды көргенде Құдайға шүкір деп те қоясың. Қатесін түсініп, айыбын мойындағанына алғыс та айтасың. Кейде арсыз ұйқының құрсауынан шыға алмай, жалқаулық басып, сабаққа не бары 40-50 минут қана қалғанда аялдамаға барып, таксиге отыратын кездерім болады. Асыққанда қырсығып кептеліске әкеп тіреп, не болмаса жолдан тағы адам жинап жүріп алатыны тағы бар. Тіпті кейбірі жол білмейтінін жасырып, жолды өзіңнен сұрап мазаңды алады. Жоқ, менің айтып отырғаным жолай алатын қарапайым көлігі бар жандар туралы емес. Кәдімгі такси қызметкерлері жайлы. Алматы қаласы Лондон қаласындай алып емес. Бұл жүргізушілердің жұмысына салғырт қарағаны ма? Әлде Алматының көшелері есте сақтауға қиын ба? Шынымен адамды мезі де қылады екен. Сағатымызды үнемдейміз деп сабырымызды сарқимыз. Мүмкін бізде жүргізушілерге қойылатын талаптың жоқтығы шығар бұл. Көлік жүргізу үшін «көлік жүргізу куәлігінен» өзге ешнәрсе қажет емес деп ойлай ма әлде олар?! Тіпті болмаса осындай жағдайларға тек мен ғана тап болам ба???
Өз ойым: Сағатымызды үнемдейміз деп сабырымызды сарқимыз...

15 пікір

geofizik_001
менде мынадай жағдай болды Апорттан шығып уйге дейін такси ұстадым(Қалқаманға дейін).Түсетін кезде 1000 тенге берсем,(300 тенгеге келіскенбіз)бетіме бажырайып қарап ұсақ ақшам жоқ менің, без сдачи бер дейді.Бар болса бермеймін ба, жоқ қой, онда магазинге тоқтаңыз,ұсатып берейін десем, аузына келгенін айтқандай-ақ.Манадан бері не қарап отырсың соны ұсатпай дегендей де сөздер кетіп қалды.Жол бойы таксидің ішінде отырып қай жерде ұсатады деген оймен айтқанын.Мен төлемей тұрсам басқа әңгіме, а мен төлеп тұрмын, сдача табу сенің міндетің деп мен де айқайлап, қалтамның түкпір түкпірінен 300 теңгеге жетпейтін тиындарды теріп беріп, есігін тарс жауып түсіп кеттім.Саламатсыз ба, сіз деген сыпайыгершілігімнің бәрі қалды басындағы.Айтқым келгені, мәдениеттері төмен көп таксисттердің. Тап бір бізді тегін тасып жүргендей міндет қылады(көбісі енді, бәрі бірдей емес).Бір жүйеге келтірсе екен таксисттердің қызментін. Мен Қостанай, Рудный қалаларында болдым,қаты ұнады маған сол жақтағы такси қызметі.
Соңғы өңделген уақыты:
korwinin_kyzy
таксисттер не берет соны алу керекко егер клиентте мелыш жок боватса.
semser_soz
Иә, менің де айтпағым сол еді. Қашан бір жүйеге келеді екен… Ал, Қостанайда болып көрмеппін…
dimash
Өткен жазда менде мынадай қызық болды. Түнделетіп қыдырған сон енді ол қаланың анау шеті мен мынау шетінде тұратын болған сон алдымен оны таксиге мінгізіп жіберейін деп такси тоқтатсам ішінде жүргізушіден бөлек екі еңгезердей жігіт отыр екен, явно енді ол таксиге мінгізбейтінім анық, сондада тоқтап тұрған сон қастарына барып «ренжімеңіз кете беріңіздер» деп кішкене қызуым болса да барымша сыпайы айттым, ал ол болса «мыналар қазір көшенің басынан түсіп қалады, міне беріндер» деп қояр емес, сондада тыңдамай кетіп баратсам артында отырған еңгезердей еркек түсіп дікендейт маған «көшенің басынан түсіп қаламыз деп айттық ғой, не қорқып тұрсын» деп, көзі алақ-жұлақ етед енді прямо плохая аура от него))) Жақындап келіп жағамнан алды, анау здоровяк мужыкке әлім келмесін білсем де жұлқынып тұрдым)) Екі ортада қызым қоқып "қойсаңдарш" деп шыңғырып жіберді)) Шофердің қасында отырған тағы бір мужык таксидеп түсіп қисаландап келе жарып, сонда барып шофері бірінші жетіп анау мужыкты тоқтатты)) қоқып кеттім реально)) вдруг пышақ па бірдене шығарып «грс» еткізсе жастай кетем ғо құрсын))) Сол арада небір ойлар келеді екен)) Тек өзі басым емес, анау қыз үшін де жауаптымын)) Келесінде такси тоқтатқанда «бартан айтқан жеріне дейіп жеткізіп салыңыз, номеріңізді жазып алдым» «жеткен сон хабарлас» деп жүретін болдық) Такси деген сон шығып жатыр ғой енді барлығы да)) Түр-түсі келіспеген таксист болса мінбейтін болдым өзім де, не көп таксисттер көп. Обшым салоны сасып кеткен таксиге мініп қалған да қызықтар болған, айта берсен көп ғой бұндайлар… )
semser_soz
Әрине, айта берсең көпСол қашан азаяр екен?!
jalyn
Білмедім… Мен отырған көліктерде мұндай оқиғалар болмапты. Бәлкім, «такси» деген жазуы барларрға отырмағандығымнан болар… Негізі, «какой привет такой ответ» дейді ғой. Менде бір рет былай болған. Таңғы алты, қаланың сыртында. Мәшине жоқ. Біреу ауырып, тез арада дәрі табу керек болды. Бір мәшине өтті, екінші мәшине өтті. Тоқтамайды. Ал, сосын үшіншісі де тоқмай кетіп бара жатқасын боқтадым кеп(обычно ондай әдетім жоқ). Тоқтасай,… деп. Тоқтады. Екі жігіт түсті. Примерно біреуі қасымдағы жігіт екеумізді бір ұрып құлатады. Келіп не болды ей!? деді. Перегар. Оппа, біткен жерім осы дедім. Брат, не ғой, срочно аптекаға бару керек еді. Біреу қатты ауырып жатыр дедім. Сосын, олар да адам ғой. Жүр деді де, біраз жерді шарлап, дәріхана таптық. Түсіп, рақмет деп жолақысын төледік… Айтатйын дегенім, бәріміз адамбыз ғой.
semser_soz
Енд оның дұрыс бәріміз адамбыз… Десе де «какой привет, такой ответ» дегеніңе келісе алмаймын! Біз жолаушымыз. Олар өз қызметтеріне жауапкершілікпен қарауы және жолаушылардың ойынан шығып, адам сияқты жеткізіп салуға міндетті!!!
Соңғы өңделген уақыты:
satirik92
Бізде жүргізуші куәлігі жоқ боп та көлігімен нәпақасын айыратын жандар жетерлік. Бұл да қызық тақырып. Сатира жазам ау?!!!
semser_soz
Қызығы қызық тақырып қооой… Бірақ, бұлай бола берсе қорқынышты-ақ тақырыпқа айналып кетер. Огоооо, сатира ма? Сәттілік жазыңыз!!!
didi0393
каланын кайнасып жаткан тиршилигинде мынадай жагдайлар кобеймесе азаймайдгой.арким оз кара басын гана ойлайд.енди биздин кала улкен деп айталмайм.жаяу тартамыз.
semser_soz
Қала үлкен емес болғанымен, қашанғы жаяу жүреміз?!
qyrmyzy
Астанаға желтоқсан айында форумға барғам. Алматыға қарағанда Астанада қымбаттау екен такси қызметінің бағасы. Қызық болды. Туысым қаланың шетінде тұрады екен. Екі күндік форумда қиналатын болдым дееп уайымдадым. Қаланы дұрыс білсем ештеңе емес. Не керек таңертең ерте әпке отырғызып жібереді. Қайтарда уот проблема, қалай қайтам деп жүрсем, бағыма konvict менің жолымда тұрады екен. Жарты жолдан түсіп қалады бірақ. Сомен жарты сағаттай жаныңды түйіншекке түйіііп отырасың. Таксисттерден қатты қорққан кезім…
Соңғы өңделген уақыты:
semser_soz
Әрине, дұрыс айтасыз. Кешкілік уақытта таксиге отырудың өзі қорқынышты қыз балаға. Бөтен қалада оның үстіне тіпті қиын-ақ…
begymsulu
қыста жолым түсіп Көкшетау мен Астана қалаларына барған едім. сонда Көкшетауда дәл үйге такси шақырасың, қаланың кез келген бұрышына 500 тг.-ге апарады. Әңгіме онда емес, тек тура вокзалға шығып, біраз жер жүргенде әпкем телефонын ұмытқанын айтып, таксиді кері қайырды. Ол таксист үндеместен апарып, вокзалға жеткенде 500 тг. ғана алды. Және такси қызметі Алматы мен Астанада ұшып тұр. ал басқа қалаларда бұл өте тиімді. Таксидің салонына ақша төлейсің.4 адам болсын, 1 адам болсын. осы жүйені ең алғаш Талдықорған қаласында көріп таң қалғанмын.
semser_soz
Ееееех, айналайын-аааау нарық заманында қымбаттамаса, арзандайды деп күтпеймін де… Тек сапасы да жақсарса дегенім ғой. Әйтпесе.........
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.