Ностальгия

Өз ойым /
Өз ойым: Ностальгия

Алматының жаңбырлы күндерінің бірінде мені кездесуге шақырған. Құлазыған жанымды бір сәт сергітейін деп, келісімімді бердім.

Сабақтан соң бейтаныс адаммен кездесуге бармақшымын. «ОЛ»-ыммен сөйлеспегеніме 20 күн өтті. /Бұрын соңды түсініспей қалсақ та, мұнша уақыт айырылыспаппыз/ Қолым қалт етсе болды жалғыз өзім бұрын бірге тамақтанған жерге баруды әдетке айналдырып алыппын, оны көріп қалам ба деген оймен… Бірге жүрген саябақты, жолдарды аралап, әр нәрсені бір еске түсіріп, жанарым елеңдей қарап, тағы тосумен өткізіп жүрмін осы жиырма жылға созылған, тәуелсіздіктің құрдасындай болған жиырма күнді. Кездесуді де осы саябақта болсын деп ем, сондағы ойым — тағы да оны жолықтыру еді, бірақ бейтаныс адам одан да әдемі жерлерге апаруға уәде берді. Батыл ер жігіттің айтқаны қыз бала үшін заң ғой, әрине, сол батылдық бойынан табылып жатса.

Кездестік. Жаңбыр астында әсем Алматының көшелерін жаяу аралап біз келеміз, жаңбыр суын армансыз кешіп, бала күнді еске түсіре. Саябақ ішіндегі әткеншекке де отырдым. Аз уақытқа болса да, сәби қалпына еніп. Шіркін, балалықтың не екенін ұмытып та қалғандаймын. /Анамның кеткеніне 10 жыл болды, мен де бала болып ойнамаған екем осы 10 жылда.../ Тағы жүріп келеміз. Денем басқаның жанында болса да, ойым мен жүрегімді оның тұтқынынан босата алмадым. Кездесуге шақырған жанға ол жайлы сыр шертіп, басқа әлемге еніп кеткенімді де байқамай, құдды көк әлемінде қалықтап жүргендей болдым.

Сол көктен жетелей жерге түсірді «Арайка, Арай» деген ащы дауыс. Артыма жалт бұрыла, дауыс иесінің кім екенін біле алмай жақындай бердім. Жездем екен деп, қысылып та келе жатырмын. Жауған жаңбыр мен ымырт бозғыл кеш бейнені әлі келгенше аянбай жасырып бағуда. Жақындай келе күткен адамым, яғни жездем емес екенін білдім. Бұлт артынан күн шыға, көңілсіздіктің шатырын бұза қаһарманым қарсы алды. Бойымды беймәлім сезім билеп, шырмауықша қаулай аяғымнан басыма дейін шырмай берді. Бұрынғыша құшпадым салалы саусақтарыммен, жай ғана бетімнен сүйе салды сценарий бойынша.

Арамыздан салқындық лебі сезіледі. Мен табиғаттың суығына емес, сүйген жанның маған бөле алмаған жылуына зәру боп жаурадым. Халімді сұрады, бойымда батыстың батылдығы бар-ау, сірә, еңсемді тік көтере «бәрі керемет!»,-деп жауап қаттым, төмен салған көздерімді бет-жүзіне қадап. Ол өзінің бітпейтін жұмыстары туралы айта бастады. Ол меннен өзінің екінші нөмерінің бар-жоғын сұрады.Тағы да бұрыннан жыйнала берген өкпе-назды жыйып алып, екі нөмерінің екеуі де жоқтығын айттым. Ол меннен мұндай жауап күтпеген еді. Елемеген сыңай танытып, әрі қарай жалғастырды сөзін тергеумен.

Қайда баратынымды сұрады, отты көздерін қадай жанымдағы серігіме. Өзіне хабарласып тұруымды бұйырды. Мен тағы да намысқа тырысып, қолымнан келмейтінін айттым. Ол тағы да үнсіз… Ол бұрын соңды мұндай жауап естіп көрмеген де болар сансыз қаптаған бұрымдылардан. Екі-үш минуттық үнсіздіктен соң, «жақсы» деген қатқыл үн естілді де, жалт бұрыла кете берді. Қолынан ұстап, «соғам» деген әлсіз үн еріксіз айтыла кетті артынша. Мен де адымдай басып, жаңбырмен қоса аққан көз жасыма ерік бере, күтіп қалған бейтаныс жанға қарай беттедім, аяғым барғысы келмесе де…
P.S Ол түсінсе ғой басқаның жанын да жүрсем де, бар әңгімем өзі жайлы екенін, түсінсе ғой қос жанарым өзгені көргенімен, жүрек көзім өзін тосумен, өзін іздеумен өтетінін. Құшқым келді сол сәт жібере салмай, сүйгім келді өкпеге толы көздерін, қысқым келді мені құшқысы келмеген қолдарын, бірақ көкірегімді саялаған намыс шіркін жібермеді…

16 пікір

yesbolat83
Бәлен-түген деп өз пікірімді жаза алмауыма бұл жазбаңда сүйіктіңмен не үшін ренжіскеніңді жазбағансың түрткі боп отыр.
Сол жігітті қатты аяп кеттім неге екені.
Jibek_soz
Сіз маған деген еш сезімі жоқ жігітті де, жаныммен құлай сүйген мені де аямаңыз. Бұл жерде иесін таппаған кінәсіз сезімді аяу керек!
qyrmyzy
P.S ұнады. Сондай кезде бір жерден батылдық пайда болып, жүрегіңе қарсы іс-әрекетке қалай барғаныңды білмей қаласың. Жігітіңізбен қарым-қатынастарыңызды шешіп алған жөн-ау. Кейде намысты не қыз, не жігіт уақытша жинап қоюға тура келеді.
Пікірімді оқып отырып, қолыңызға ұялы телефоныңызды алып, жаттап алған болсаңыз да для галочки өшіріп тастағын жігітіңіздің нөмірін теріп, смс жазып жіберіңіз. Бәрі жақсы болады.
Jibek_soz
Рахмет, көңіліңізге. Алайда мен намыстың туын жыққым келмейді…
satirik92
Осы халық неге сүйе тұра, өзін сүйдіре тұра сол кіршіксіз жылы махаббатынан бас тартады? Сүйсен күрес. Бітті жетесің.
Jibek_soz
))) жақсы күресейін!!!
muzei
сезімді ақылға жеңдіру оңай емес…
Jibek_soz
өте дұрыс, қосыламын пікіріңізбен!!!
AL-ASTER
Сезімді ақылға жеңдіру керек. Әйтпесе зардап тигізуі әбден мүмкін. Кері жағдайда, пайданы бірінші жаққа келетін көрінеді. ИМХО)
Jibek_soz
Сөзбен шаншып, мақтамен бауыздауға бәрімізде шеберміз. Ал соны практикада жүзеге асыратындар аз-ақ.
Chan
мысалы дим да, екеуміз махаббатпыз. менде ақыл, сенде сезім мах-ты. мен сені арқайын басқарып отырам ба, қалай? себебі, менде сезім жоқ, тек ақыл мах-т)ол қалай, түсіндіріп жіберетін ғақлия амиго, апашкалар бар ма?
Jibek_soz
Екеуміздің орнымзды ауыстырсақ қайтеді. Менде ақыл, сізде сезім болсын))))
AL-ASTER
Кешіре көріңіз. Мақала Сіздікі, пікір менікі. Біреуге ақыл айтуға үзілді кесілді қарсымын, сондықтан бұл тек пікір иесінің өз қағидасы деп түсініңіз.
yerzhan
неге көрмеске? қалай, былай? :)
asdsadsa
Жібек журектен шыққан жақсы ойлар ризамын!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.