Құрметті Азаматтар!!!

Өз ойым /
Өз ойым: Құрметті Азаматтар!!!
Асқарлы да айбынды, байсалды да сабырлы, сегіз қырлы бір сырлы, сымбатты да тартымды, тепсе темір үзер қазақтың азаматтары!
Сіздерді ертеңгі мерекелеріңізбен пәк көңілмен, ақ пейілден құттықтаймын!!!
Біз әйелдер қауымы гендерлік саясатты ұстанғанымызбен, әрқашан сіздерден бір саты төмен тұратынымыз өтірік емес. /Бұл сөзіме кейбір бұрымдылар келіспес, бәлкім/ Не десек те, Хауа анамыздың Адам ата қабырғасынан жаралғаны және бар. Сондықтан, қазақтың тамыры тереңге жайылған дәстүрінде ер адамның жолын кесіп, бетінен алмаған.
Сіздер ең бірінші, суықта қорған, ыстықта мәуелі орман болар – Әкесіздер! Әкесіз отбасы – шатырсыз үймен тең.
Ал, екінші – ардақты ағасыздар! Қарындасының қабағын бағып, жан беруге даяр, әулетінің отын жағар ағасыздар!
Үшінщіден, жалған дүниенің мәні мен сәні боп жанымыздан табылар өмірлік жолдассыз. Сіздер болмасаңыздар біздің осыншама қадіріміз болмас па еді, және керісінше біздер болмасақ сіздерді бағалар жан болмас еді.
Қазақтың жүзі жарқын, қолы алтын, көңілі дархан, мінезі жайсаң жігіттері, МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!!!
P.S Дәріс алып кәрістен, кінә іздеп әр істен, бояп шашты, теріп қасты ұсақталмаңыздаршы. Біз сіздерді қазақилықтарыңызбен жақсы көреміз!!!

8 пікір

Jako
Дәріс алып кәрістен, кінә іздеп әр істен, бояп шашты, теріп қасты ұсақталмаңыздаршы
Тамаша, рахмет! +4 қойдым, одан артыққа құзырым жетпейді.
Соңғы өңделген уақыты:
Jibek_soz
))) көп рахмеееет!!!
Kan
Жігіттікті бағалап, ағалап жазғаныңнан айналайын. Өзіңде жақсы айттың «Біздер болмасақ сіздерді бағалар жан болмас еді.»" деп. Иа сендер болмасаңдар бізді кім әке етеді, бізге кім аға дейді, бізді кім сүйеді,қадірлейді.
Бірақ қарындасым ержігіт болғансың турасын айтар. Бізді қандай мерекемізбен құттықтадың кезіндегі кеңес үкметінің әскерилер күнімен бе? Әдіре қалсын. Қазақ,қазақ болғалы ондай мерекелерге түкіргенім бар. Егер құттықтағың келсе 7 мамыр Ұландар күнімен құттықтарсыз. Кеңестің әскер қатарында болған болсамда 23 ақпанды тойламас еді. Аллаға шүкір өзіміздің Қазақстан Республикасының қарулы күштер қатарында болғанма.
Jibek_soz
Сіздікі де жөн болар, идиологиямызды қаққан қазықтай қып қалыптастырып алды ғой.Тойламасаңыздар да, менікі жүректен шыққанды жүрекке жеткізу болатын.
Chan
бәрі жақсы, бірақ тролдер туралы айтқан пікіріңізді естіп, еһһһ… бақытты болш, шырағеем!
Jibek_soz
Сіз шымкенттік боларсыз? Менің пікіріме қандай да бір өкпеңіз болса, аудиторияда айтуыңыз керек еді, мониторды бетперде етпей. «Шырағееең» онсыз да бақытты!
Chan
аудиториянды білмейм. естігенімді айтқаным ғой.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.