Садық, саған айтамын!

Өз ойым /
Барлық қолданушыларды тағы бір қазақша жаңа сайттың қанат жайып, арамызға жол тартқанымен құттықтаймын. Шартарапты шарлай берсін!
Сайттың ашылуын сүйіншілеп жеткізген Садық, сенің басыңнан айналайын)). Бұл сайт сенің бастамаңмен ашылған сияқты, байқауымша. Керемет, сері жігітсің. Саған қызығып, таңқалып қараймын. Өте жан-жақты, білетінің көп, әркез ізденісте шапқылап жүресің. Виртуалды болса да сені жақсы танитын сияқтымын. Әрбір жазбаларыңнан Өзіңе деген жақсы ниетті қалыптастырдың. Інілеріме қарап, «Садықтай жігіт» болса ғой деп отырамын. Алла сені тіл-көзден сақтасын, бастаған істеріңді ұршықтай йіріп, табыстың тайқазанын тасыта бер, братишка!!))

7 пікір

MSHERIMBEK
Ізгі лебіздерің үшін рахмет Нұрзи:)
Бауыржан Жакашев, Ербол Серікбай, Берікбол Жарылқасын деген жігіттер болмағанда бұл сайт болмайтын еді. Біз жәй ғана сайттың бір бұрышын ұстап жүрміз десем де болады. Сондықтан ең алғашқы алғыстар жоғарыда аталған жігіттерге болсын:) Айтқан тілектеріңді Алла қабыл етсін. Алдағы уақытта сайтымыздың ең ұтқыр да айтқыш қолданушыларының бірі боласың деп ойлаймын:)
nurzika888
«Жаяудың шаңы шықпас» деген сөздің бар екенін білем ғой Садко, әрине «Сен тұр, мен атайын» деген достарыңның бар екені сен үшін тағы жетістік!)
AKA
«Неге Садыққа ғана айтасыз а?» деп ұрсыватсам /қалжың/ :))) Иә, Шымкент — жақсы қала! ©
nurzika888
Садықтың қасында өзі сияқты тапқыр достары бар екені анық, бір-бірін қолдайтын достарына да алғыс қой, әрине))
Meirzhan
Нүрзияның барлық сөздеріне қосыламын!
nurzika888
сәлем, Мейіржан! рахмет, қалың қалай?)
Moldir_96
Мен де айтқан тілектердің бәріне қосыламын!)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.