Ыдысты қай уақытта жуасыз???

Өз ойым /

22 пікір

ereke_enu
Қыздар тамақтан кейін, жігіттер тамақтан кейін дейді. ал, Нағыз жігіттер мүлдем жумайды)
AKA
Қыздар тамақтан кейін, жігіттер тамақтан кейін
Сонымен, қайсысы кейін жуатын болды?! "Нағыз жігіттер ыдыс жумайды" деп, көкіректік ұстамай-ақ қойыңыздаршы, жігіттің нағыз не нағыз еместігі, ыдысты жуатындығына не жумайтындығына қарап тұрған жоқ. Өмір бойы ыдыстың қасына байлап қоймайды ғой ешкім, жылына 1 рет болса да көмек қолын созғанда не тұр?! Ал негізі, ақылды әйел күйеуінің бабын жасап, бәріне де үлгереді.
ereke_enu
Сіздікі дұрыс деп құтыла салайын)))
Korkem
Расында да АКА-кі дұрыс. Оны ертең үйленгенде байқайсыз, құтыла салмаңыз совет алыңыз..)))
MSHERIMBEK
Бойдақшылық не істетпейді дейсің:)
Korkem
Иәәә, «бойдақтар не демейді, есек не жемейді» деңіз..)))
ereke_enu
)) ondai da maqal bar ma ed?
beko
Тамақтан кейінге дауыс бердім. Себебі, бір істі екі рет істегеннен гөрі, бір рет істеу үшін.
ereke_enu
Теория мен практика әрдайым бірдей бола бермейді...)
beko
Ол рас! Қолдаймын.
KILYZAMAN
Сәкен Сейфуллиннің бір шығармасындағы нәрсе есіме түсе бергені(Жұрнағы ғана қалыпты)… Бала кезімде оқып едім, қай шығарма екені есімде жоқ…
Түйіні — ыдыс жусаң ырысың кетіп қаладыға саятын
ereke_enu
Сол Сәкен ағамыздыкі дұрыс па дейм… Қыздар не білетін едіңдер???)))
Jako
Сәкен Сейфуллин бұл жерде онсыз да таза ыдысты ысқылай беріп уақытын ысырап қылатын кірпияз
келіндерге меңзеп айтқан болар.
ereke_enu
Мүмкін… Еркектер ыдыс жумайды дегенге де саяды..)
calendula
Егер тамақ ішілмеген болса, қалай тамаққа дейін жуады ыдысты? Әлде, келесі тамаққа жумай, тек ішер алдында жуу мағынасы ма?
ereke_enu
Екіншісі. Өз басым тамаққа тойып алған соң ыдыс жумақ түгіл, дастарханды жиыстыруға қолым бармайды)
calendula
Хе, мен де қанша ерінсем де жууға тура келеді)))
ereke_enu
Әзірге ыдысты тамақтан кейін жуатындар алда! Ақылды адамдар бар және көп екен арамызда)
calendula
Ия да, негізінен ыдысты тамақтан кейін жуған дұрыс. Біріншіден, май ыдысқа қатып қалса кейін жуу қмын болады. Тағы сол секілді қиындықтар бар. Екіншіден, анамнан естігенім бойынша, ыдысты жинамай, жумай қоюға, дастарханды ашық қалдыруға болмайды. барлығы білетін жайт болғандықтан, ыдысты уақытында жуу положено нәрсе.
ereke_enu
Сол үшін ертерек үйлену керек)))
calendula
үйленіңіз, үйленіңіз!)) ешқандай кедергі жоқ!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.