Әжеге наз

Өз ойым /
Жалаңаштап жіберіп сан-қырыңды,
Мына қоғам, мұңлы едім, зарлы қылды.
Қудай шашың қуарып, қайран әже
Қайда тастап барасың жаулығыңды?!
Құрбым А. Найзабаеваның осы өлеңін оқып, ауыр ойға қалдым. Қоғамдық көлік іші, қала көшелері, қай жерде болмасын шашын қидырып, келте киінген алпысты алқымдаған аналарымызды көреміз. Мұнысы орамалды ар санағаны ма,әлде орамалсыз әдемімін деп есептегені ме? Қазақтың аналары қашанда жаулығымен көрікті болған емес пе?! Алла алдындағы, ар алдындағы парызын ұмытқан апаларымыз, ұлт алдындағы борышы ұрпақ тәрбиесінде өз міндетін атқара алып жүр ме деген ой, жүрегі ұлтым деп соғатын қай қазақты болмасын мазаламауы мүмкін емес. Бүкіл түркіге ана болған Ұмайдың тәлімін, 12 жасында Бәйдібек бабамызға асыл жар болып, елдің анасына айнала білген Домалақ анамыздың даналығын сөзімен де, ісімен де немересінің санасына сіңіруге тиіс әжелеріміз ұрпақ тәрбиесін ұмыт қалдырып жүрген жоқ па? «Ел боламын десең, бесігіңді түзе. Ол үшін алдымен әйелдің халін түзе,» — деп дана Мұхтар айтпақшы, тәрбиенің тал бесіктен басталатынын біле тұра қазіргі қоғам: ұлдан иман, қыздан иба кетті деп, бар кінәні жастарға аударуға дайын тұрады. Ұлт мұратын ұмытқан әйелден – ұждансыз ұл, ұятсыз қыз туады дегенді қайда қоямыз сонда?!
Бадыр Айгүл

11 пікір

yesbolat83
Жалаңаштап жіберіп сан-қырыңды,
Мына қоғам, мұңлы едім, зарлы қылды.
Қудай шашың қуарып, қайран әже
Қайда тастап барасың жаулығыңды?!
Құрбыңыз жақсы жазған екен.
Расында, көшеде қазақ әжелеріміздің жаулықсыз жүргенін көрсем өз басым ыңғайсызданам. Негізі әйел адамының орамалсыз жүргені дұрыс емес. Жақсы жазылған.
Kan
Айгүл өте жақсы айтың. Біздің әжелер баяғының жалмауыз кемпірлері секілді әсіресе қалалық әжелер шаштарын түрлі түске бояп алып, тырнақтарын жезқылып өсіріп адам көрсе шошырлықтай күйде жүреді.
Бірақ көпке топырақ шашуға болмайды. Біздің ауылдағы аналарымыз өмірі орамалын басынан тастаған емес. Әрі боқ ауыз сөйлегенін көрген емеспін.
AyKoN
иә, бұл жерде қалалық аналарымыз жайлы сөз еткенмін Кан аға
zhomart
Дұрыс айтыпсың. Үлкендеріміз жастардың алдымен өздерінен яғни үлкендерден үлгі алатынын ескеруі керек. Кішілер үлкенге қарап бой түзейді емес пе.
korwinin_kyzy
Я Я өте жақсы жазыпсыз осы постқа мән бермей жүріппін, адамдардын пікіріне қарап постты оқыдым
Кімнен көреміз? бәрі осылай болғанына? Әрине неше түрлі факторлар әсер етеді бұл жағдайға, батыстанда көруге болады, корейский сериалдардан да көруге болады
Бір рет
Айтуға оңай
бағдарламасына шықты сенің айтып отқан әжелерін жаланаштанып бір жаманы соларды көпшілік халық қолдап отыр қол соғып
Менің піікірім Батыстан Көрейский сериалдардан көрем солар виноват
korwinin_kyzy

міні әжелер тв карап отр
jalyn
Иә, жастар бұзылып кетті! деп шырылдағанын қайтесің, өздері жастарды бұзатын сериалдарды таңнан кешке дейін көріп отырғасын.(оның қасындағы немерелері де амалсыз көрмей ме сосын?) Және жаулықсыз әже орамалсыз келіншектен туатынын да ұмытпау керек.
Orxantai
Кан болсаңда сөзге хандығыңды қалдырған қалдығыңнан аңғара алмадым..«Жалмауыз кемпірлері» деп қатты кеттім деп ойламайсың ба?!!Қыз атаулының бәрін жаман деуден аулақпын, олай десем оның ішіне менің әжем де кіреді..деген екен… Мына сөзің қазаншының өз еркіне басқаны ғойй?!!!
maulen
«Ата-анаң жынды болса, байлап бақ» демейтін бе еді? Қарттар үйінің табалдырығын тоздырып жүрген әжелеріміздің өкпесін айтпаса да түсінікті. Заманауи әжелер берер тәрбие қайдам....Қайда кетіп барамыз?!
nurbanu_KAMAL
Өте жақсы жазылған. Айтылғаның бәрі рас.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.