RIP

Өз ойым /
Whitney Houston (09/08/1963 — 11/02/2012) — Rest in Peace…

Уитни, жанның жәннәтта болсын! Сенің қайталанбас даусың, әндерің мәңгілік жүрегімде…
I will always love you!



Уикипедияның анықтамасы:
Уитни Хьюстон — америкалық поп-, соул-, ритм энд блюз әншісі, актриса, продюссер. Ол бүкіл дүние жүзіне ерекше даусымен, музыкалық жетістіктерімен әйгілі.
Супер жұлдыз дәрежесіне 1992 жылы «Оққағар» (Телохранитель) фильмінен кейін ие болды. Бұл фильмде Уитни бас рөлдің бірін сомдады. Фильмнің саундтрегі «I will always love you» әні әлемдік хитке айналып, барлық уақыттағы әйел адам орындайтын синглдің ең үздігі, әрі «маххабат әнұраны» атағын иемденді.
Уитни Хьюстон 6 «Грэмми», 30 «Billboard Music Awards», 22 «American Music Award», 1 «Emmy», 7 «Soul Train Music Awards», 7 «NAACP Image Awards», «BET Lifetime Achievement Award» және тағы басқа көптеген сыйлықтардың иегері. Ол «Гинесс рекордтар кітабына» ең көп сыйлықтарға ие әртіс ретінде енгізілген.
Оның үнтаспалары 170 млн. көшірмемен таралған. Американың дыбысжазушы компанияларының Ассоциациясының нұсқасы бойынша Уитни АҚШ-тың коммерциялық жағынан сәтті орындаушылар тізімнде 4-ші орында. «Rolling Stone » журналы оны 100 ұлы әншілер қатарына жатқызды.

Уитни 11 ақпанда Лос-Анжелестегі «Беверли Хилтон» отелінің бөлмесінде қайтыс болды. Полицейлердің болжамы бойынша тыныштандыратын дәрілерді қабылдап, ваннасында ұйықтап кетіп, тұншығып қалған.
Артында 19 жасар Бобби Кристина Хьюстон-Браун есімді қызы қалды.

4 пікір

Korkem
Иманы саламат болсын!!!
beko
Мүмкін,
Кім еді?
Қандай ерекшеліктері бар?
(Диск сатылу жағынан 4 ші орында Майкл Жексон бірінші орында)
Неден қайтыс болды? (Өз ваннасында қайтыс болған...)

Деген сияқты мәліметтерін қосып қойсаңыз, мұнда келген жұрттарға түсінікті болар еді…
marghan_84
Әркім өзі оқып алады ғой керегін, мен тек өз ойыммен бөлістім
Aknyet99
Не аурумен н/е себепті қайтыс болды?!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.