Саған мақсат қымбат па?

Өз ойым /
Алақай Алматыда күн жылынды Ауа райы тамаша, көктем келе жатыр ғой деймін.

Бізде Амангелді Сейітханның сабағы болып жатыр. Бұл кісінің лекциясын шексіз тыңдап отыра аламын. Әрбір сөзі іліп алар білімге, әңгімесі өсиетке толы. Бүгінгі сабағыда әдеттегідей студентке пайдасы бар түрлі кеңестермен басталды.

Амангелді ағайдың бүгінгі лекциясында маған әсер еткен төмендегі өсиетімен бөліссем деймін.

Мына суретте, ит жерленген жері, басына қадалып тұрған матасымен таяғы
(сурет қолмен салынған.)



"Өткен заманда бір молданың шәкірті болыпты. Ол оқытушысының берген білімін сіңіріп өте білімді болып шығыпты. Енді ісіне кіріспес бұрын оқытушысына бата сұрап келіпті. Сонда молда, бір сұрақ қоямын егер соған жауап берсен батамды беремін деп «саған ұстазың қымбат па әлде мақсатың қымбат па?" дейді. Шәкірт сұраққа түсінбейді. Бірақ шынымен жауап береді «Мақсат қашанда қымбат қой». Ұстазы ызыланып оған батасын бермей қуып жібереді.
Ұстазынын батасын аламаған, болашағы жоқ шәкір көңілі түсіп келе жатып мазарды көреді. Қараса оның оның шырақшысы жоқ екен. Ол енді бата алмады, білімім бар, дым болмаса осында шырақшы болайын деп, сол жерде шырақшы болып жүреді. Көптеген жылдар өтеді бір күні бір бай саудагер керуенімен өтіп бара жатып шырақшыны шақырады. Менің ең сүйікті итім жолда өліп қалды. Соны жерлеші, жатқан жеріне бір белгі қойып қой қайтып келе жатқанда итімнін жатқан жерін көріп өтейін деген екен. Молда оның сөзін жерге тастамай итті зираттан алыстау жерге апарып жерлеп, төпешігіне таяқ қойып мата байлап қойыпты. Тағыда бірнеше жылдар өтеді. Ит жатқан жерден бір адам өтіп бара жатып белгіленіп тұр екен, бұл жерде әулие жатқан шығар деп, арманын ойлап олда сол таяққа жіп байлап кетеді. Жылдар өте береді сол жерде әулие жатыр деген сөз елге жайылып көптеген адамдар ол жерді тазалап, қоршап әулие жатыр деп белгілеп қояды.
Бір күні шырақшының бұрыңғыыыыы ұстазы қатты науқастанып, дертіне ем табылмай ауырып жатады. Сонда оған біреу „осындай жерде әулие бар, соған барып дұға оқысаңыз дертіңізге ем табасыз “ дейді. Көзі ашық молда оған сенбейді, барғысыда келмейді. Бірақ сол кісі қоймай молданы әулие жерленіп жатқан жерге алып барады. Молда дәретін алып, енді дұға бағыштай бастаса көз алыдан бір иттің елесі қайта-қайта жүгіріп өтеді. Ол түсінбей қарап қалады. Енді дұғасын жалғастыра берсе қайтадан ит жүгіреді көз алдынан. Аң-таң болған молда отырып қалады.
Сонда бұрыңғы шәкірті келіп:
— Мені таныдыңыз ба?
Молда:
— Жоқ, кедергі келтірмей жүре бер,- дейді.
Шәкірті:
— Сіз көріп отырсыз ғой, мұнда ит жерленген, — дейді
Молда:
— Бұл қалай? Сен білсең неге өзгелерге айтпадың? — деп таңданады.
Шәкірті:
— Мақсат қымбат екен!
Молда түсінбей оған қарап тұрып қалады.
Шәкірті:
-Мен сіздің кезінде маған бата бермей қуып жіберген шәкіртіңізбін. Бата сұрап барғанымда „Мақсат қымбат па, ұстазың қымбат па?“ деп, менің жауабымды қанағаттандырмай мені қуып жіберген едіңіз. Мақсаттың қымбат екендігін бүгін өзіңіз дәлелдеп тұрсыз. Сіз дертіңізге ем табу мақсатымен мына итке келіп тұрсыз. Өзгелерге оның ит екендігін айтпаған себебім мен айтқанымда маған ешкім сенбеді, мені өтірікші деп соққыға жықты… — дей бергенде молда өзінің қателігін түсініп шәкіртіне батасын беріпті.» дейді.
Мақсат қашанда қымбат. Мақсат болмаса бір алға талпынбаймыз. Қол жеткізгіміз келген дүниелерге жете алмаймыз. Амангелді ағайдың айтуынша: «Дәл қазір аудиторияда отырған студенттердің диплом алу мақсат болмаса ол сабаққада келмес еді.Ал ұстаз деген саған бағыт беріп, жол көрсетуші. Ұстазың барда одан бір жіп болсада іліп ал. Ал мақсатына берік бол!»

P.S. Сурет әдемі болмағанымен, ұрланбаған. Өзім түсірдім :)

12 пікір

mairosh
Керемет екен. мяяяя маған ұнады. Адамды ойландырады екен. +1
Korkem
Жақсы жазылған. Адамдарды алдына мақсат қоюға жетелейді, сонымен қатар өз қалауын ашық айтуға… +1
Jako
Шын мәнінде адамды ойландыратын әңгіме екен.
KILYZAMAN
Мақсат пен мүдде неге кереқар болады бір біріне осы, кей кездері?
Jako
Суретке түсінбедім…
Korkem
Манағы иттің жерленіп, үстіндегісі белі деп қойған жіп байланған таяғына ұқсайды
Jako
Йә, дәл өзі,қалай басыма келмеген.Рахмет, Көркем!
Daka_sss
кәдімгідей ойландырды ғой, +1
beko
Мақсат алға жетелейді, арман алысқа жетелейді.
Ал қәзірден өздеріңізге мақсаттарыңызды еске алған жөн болар, себебі басында бәрі мақсат қояды, бірақ сол мақсатқа жетпейтіннің көптен бір себебі ол, ұмыту. Яғни сол қойған мақсаттарын умыту. Тайып кету. Басқа нәрсеге еліктеу.
Дурыс айтады! Мақсаттарыңызға берік болыңыздар…
Құрметпен,
Жарылқасын Берікбол.
AiEcPi
Ия ойландырады екен!!! Қызық екен әрі!!!
marghan_84
Рахмет, тағлымы мол пост екен ))
Togzhan
Тамаша жазылған, шындығында көп жағдайда мақсатымыз айқын болмағандықтан өмірдің ағымымен жүзе беретін кезіміз де болады!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.