Ағаш дене

Өз ойым /
Жалпыға арналған тәрбиеліп/пайдалы ақпараттық мәні бар пост емес. Біреу туралы қоқыс ақпарат қажет деп тапсаңыз, кеттік. Қарсы жағдайда Alt+F4

Қаланың ортасына көшіп келген әрине жақсы, тек бой үйрете алмай ыңғайсыз сезінем бе, қалай? Қаланың шеті жартылай ауылды, жартылай қала тірлігі аралас болатын. Бірақ этажды үйде тұрдық.

Көшіп келген үйдің ауласына шыққаным, балалар шулап ойнып жүр. Барып араласып мен де ойнай аламын, себебі қалтамда фишка бар. Қосылып кеттім, біреуін ұтасың, екіншісінен ұтыласың. Тәртіп сақтауды жөн көрдім. Бөтен аула ғой.
Өз ауламда болғанда, төбелесе кетер едім, бөтен біреу келсе аты жөнін сұрап, тіпті руын да сұрап қоятын едік. Бастауыш сынып баласына бұл не керек, бірақ үлкендерден естігенім ғой. Тіпті, көрші орыстың огородына ұрлыққа түсіп, жемістерін жинап алып досыма:
— Әй бүгін осы ішееп жатайықшы! деп үлкендердің әңгімесінен жіберген кездерді айтып қойсаңшы.



— Есімің кім?
— Дадо!
— Менікі Қайрат!
— Бүгіннен бастап карманчик болайық, менде үш жүз! (фишканы бірге жинайтындар)

Дадо өте ақкөңіл бала. Аузындағы соңғы үзім нанын досының көңілі үшін бере салатын ақкөңіл амиго.
Келесі кезек Азаматқа келді. Двордың дәуі. Денесі ірі болғанымен, бізбен жасты 93-тің баласы екен.
Үнемі қолын алға сермеп, бокстың джебін жасап жүреді. Реті келгенде онымен де тіресіп, сол жерде қадап, жаңадан келген құрттай бала дереу аула балаларының үрейін алған сияқты.

Әрі қарай өзімнен бірнеше жас үлкен кей балаларды және өзіммен құрдас, бір жас кішілерді түгел үркітіп жүретін болдым. Аздап мінезім де қыңырлау болды, бәлкім кішкентай кезде тым еркелетіп жібергендіктен болар.

Жаңа мектепте Дадомен оқимын деп жүріп, қаптаған баланың арасынан адасып Азаматтың сыныбына түсіппін. Өмірімнің өзгеруіне бұл да аздап әсер еткен болуы мүмкін. Себебі, бұл сынып ерекше назар аударылатын сынып-мыс, кейін лицейге аударғанда да осы сыныптан деп мән беріп кей пәндерді арнайы программамен оқытатынды шығарды. Маңызды емес.

Әскери тексеруден өткен соң, мектеп балалры түгел бірге қайтатын болды. Толпаның арасында жүргенде ешқашан үнедей жүруге болмайтын сияқты көрінеді. Рухты жоғары ұстап, айқайлап сөйлеп, жұрт назарын өзіңе аударып, әрине баспен ойлап орынды сөйлеп, орынды әзілмен жұртты күлдіре білу де шеберлік.

Дадоның сыныбы үлгерімі аса жақсы емес балалардың сыныбы болып «в» әрпіне байлаған екен деп ойладым. Вшники очм. Есесіне, ұлдарының тең жартысы апталап жоғалып қала, аудан, республикалық жарыстарға кетеді. Спортик шетінен. Біздікі ше. Өнерге, оқуға жақын болуға тура келді. Сабақ ауырлау басқаларға қарағанда, бос уақытта жиылып театрға барамыз, әркімнің жеке рөлі бар қабілетіне сай, соны шынықтырып, қайтарда бүлік жасап келеміз жол бойы.

Тоғыздан соң колледжге түсіп тағы да үлгерімі жақсы, түгел мем грантқа іліккен техникалық мамндық бойынша топқа іліктім. Әрі қарай жақсы оқу керек.
Группада ұлдар аса рухты болған жоқ, басқа топтың балалры кеп ақша көтеріп, соткаларын тартып алып кетеді. Маған ешқайсысы келіп әңгіме айтпайды. Алдын ала Азикпен шешіп тастағанбыз, лайықты жауап бере аламын, угрозаға паниковать етпеймін, өзім үшін тұрамын және мен үшін тұратын жолдастарым бар, өкінетінім, қажет кезде группаластарым үшін ярый әрекет жасай алмағаным.

Айтпақшы, күреске кішкентайдан жақын болдым. Самбомен айналыстым. Бойым аласа, жеңіл салмақты. Тұрақты айналысқан жоқпын, медаль, мастер спорта алған жоқпын. Өзімді қорғай аламын. Қай жерде жүрсем де, балалрды күреске шақырып, лақтырып кететінмін, бір көргенге салмақты мінездімін, қызу қанды мінезім және бар. Осы мінезім үшін талай таяқ жедім, талайының кеудесін бастым.

Ақылға жеңдірсем деп ойлаймын барлығын, тек бәрібір кеуде оны қаламайды.

10 пікір

Jako
Аты неге «Ағаш дене»-деп аталған?
AL-ASTER
Орысша «деревянное тело» деп қимылдамайтын адамдарды атайтын, қазақша аудармасы «ағаш дене» болды.
korwinin_kyzy
Әмиголарлын ішіндегі әмигосы АЛТЬ ЕП ШЕТИРИді бассам бүкл браузерд жауып алмаймба? УАХАХАХАХАХХАХАХХХАХАХАХХА
Немесе солай түсіндінбе?
ereke_enu
Қимылдамайтын,қимылға ебі жоқ адамды қазақша "қопал" дейді ау дим)
ereke_enu
Ия, кіші класстарда сондай болады. Ауылдардан көшіп келген жылы жаңа мектепте класстың атаманымен төбелесіп, «почти» жеңіліп қалғам) Ертесіне екінші атаманға айналдым) Есімде, әкем арасында «стойканы», дұрыс соққының траекториясын көрсетіп жататын. Оған қоса, ініммен күнде спаринг, тебісіп ойнайтын ек) Түс қайта суға барасың. Свет жоқ, су ақпайды. Жұрттың бәрі күтіп, башняның жанында отырады. Ұзын "өшірідті" көргеннен жүрегің дүкілдеп қоя береді. Себебі, сәлден соң әріректе биіктеу жерде ауылдың старшактары шақырады. Барасың. Сырттан келгеніңді біледі.
— Мынаумен шығасың ба?
— Тиіссе қарап тұрмаймын.
Осы сөзден кейін суға кезегің келгенше төбелес басталады. Сол стойкада тұрасың. Жақындаса тебесің, ұрасың. Күреспейм)) Вандамсың ғо, қысқасы)))

Сондай-сондай қызықтар болатын едіііі…
p689606
Кім болса да шығам дей беретінмін. )))

Кей балалар киімім жаңа, үстім кір боп қалса маман сабайд деп отмазка жіберетін)))
yesbolat83
Alt+F4 басып көріп ем, себебі клавиатурада көп нәрсе білмим
Мен кішкене кезімде өздігімнен ешкімге тиіспейтінмін. Жуас болдым десем де болат. Сөйтіп жүріп 2-3ші атаман едім. Біз мектепте атаманды шефф дейтін едік. 1-ші шеп, 2-ші шеп деп…
ereke_enu
Бізде «круг» деген жүйе болушы еді. Қазір, өкінішке орай, өшкен секілді.

Аптасына 2-3 рет, сенбі күні міндетті түрде разборка болады. Апта бойы жиналған темалар қозғалады) Арасында «сынақ» болады. Ереже бұзғандар, айыптылар жазаланады.

«Сынақ» — кезекпен кезек бір кісі ортаға отырады. Қалғаны орнынан тұрып, аямай оны тепкілейді. Жыласаң — ұят болады. Шыдау керек, сондай сынақ. Кейде старшактар келіп жоспардан тыс сынақ жүргізуі мүмкін.

Главарь, рулевой, руляк, бірінші атаман — бәрі ең мықтыны айтады. Разборканы ашатын, жабатын, жариялайтын кісі. Үлкендерден бәріміз үшін міндетті түрде таяқ жейтін кісі, кейін өзімізден ақысын алады))

«Вышибал»(вышибала) — рулевойдың оң қолы, орынбасары.

«Банкир» — рулевойдың сол қолы.(Ауылдан кеткенше осы қызметте болдым))) Ақша жинайтын, әкелмегендерді тепкілейтін, бүкіл кеш-думанды ұйымдастыратын кісі.

«Солдат» — кругтағы қарапайым адам.

«Лох» — кругта жоқ адам. Онымен ешкім араласпайды. Қыздар да, ұлдар да, самый низкий слой общества))

Ережелер:
1. Старшак всегда прав
2. Один за всех, все за одного.
3. «Лохты» қай жылғы болса да кез келген уақытта «валить» етіп кетуге болады. Яғни, жабылып кету.
4. Кругка қосылған адам лох кезіндегі ақысын қайтара алмайды.
5. Бір кругтағы адамдар бір-бірін шешеден боқтауға құқысы бар.
6. Бір кругтағы адамдар төбелеспейді.
p689606
Ох амиго, вот это наша тема…
senim
Мысалға Ағаш дене деп Остапенконы атауға боладыы
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.