Асығу

Өз ойым /
Ұшып-қонып, көңіліміз жай таппай,
Шықпай жатып асығамыз жетуге.
Асықпасақ қайтар күнге жол жоқтай,
Жеткен соң да асығамыз кетуге.

Таң атқанда қуанамыз бірер сәт,
Күнмен бірге күлкіміз де уақытша.
Аптығумен қу тірлікке кіре сап,
Уақыт мылжып, түнді аңсаймыз жақұтша.

Тоқтай білу үлкен сый ғой бергісіз,
Бір нүкте мен келер нүкте қашықтық.
Шыққан жер мен барар жер де белгісіз,
Біздер осы неге сонша асықтық?

Аспан мен жер, кеңістікке шер толса,
Белгісіздік теңізінен сел тасып.
Денемізді күтіп алар жер болса,
Демек біздер жүрген жоқпыз жер басып.

Қай шатырдың отыр едік басында,
Тоқтай қалып артыңызға қараңыз.
Бәріміз де тағдыр көштің қасында,
Асығумен жерге түсіп барамыз.

5 пікір

Jako
Өлеңде адамды ойлантар пәлсапалық мән бар екен, шын мәнінде қайда асығып барамыз деп ойланып отырмын. +4 қойдым, одан көпке құзырым жетпейді.
JarkynNUR
ой сала алғаныма қуанып отырмын! мақсатым да сол еді ғой! рақмет!
yesbolat83
Бас жағы Ұ. Есдәулетовтың Асықпайтын уақытта асығамыз деп басталатын өлеңін еске салады екен.
Жақсы жазылған.
JarkynNUR
иа, ол кісінің өлеңімен таныспай тұрып жазғам, осындай ескерту алған соң іздеп оқып шықтым, расымен де ұқсайды екен. Идеяда ұқсастықтар ақындар арасында аз болса да, баршылық қой…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.