Сынақтан алған сабағым

Өз ойым /
Білмеймін бірдеңе жазғым кеп тұр. Менің өмірімнің пьессасы өте күрделі жазылған. Әрине, Алла соны қалады. Мені бура-бура таулардан үздіксіз секіртіп келеді. Менде бір тау текемін. Текелігім шектен асқан тағдырға қарсы келем. Содан болар сүйікті досым ажал жайлы сыр шерткенді сүйем. Неге дерсіз?
Күнде құлағымда ән сап тұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір намаздан екінші намазға дейін келіп қала ма деп күтеді екен. Мен де сол. Жанымда айналсоқтап жүре береді. Оған қарап мен күлем. Алла қаламаса сен мені не үшін торып жүресің деп сұрадым?
Ол болса: Мен ажалдың інісі сынақпын дейді. Өй, інісі болсан тетелес шығармыз деп қоям. Ол ұялып кетеді, кейде қызарақтап мені мұшымен түйрепте алады. Түйрей берген соң ет үйренді. Қарсыласымды біліп қалдым. Оған қарсы амал іздедім. Оған қарсы амал білім боп шықты. Ал не керек қатарымызға білім атамыз қосылды.
Содан бермен біліммен сырласып, ойларымызды тыңдасып келеміз. Құда да тыныш, құдағи да тынынш рахат. Сынақ та бізбен қосылып қағаз ақтарды. Біз білгенмен, ол көреген. Кейде нұқып жібереді-ау төбеден. Білім екуміз қосылып сынаққа шәкірт болдық.
Білім екеумізді отқа бір қайнатады, мұзға бір тоңдыртады, кейде тікенге әкеп қондыртады. Шыдап келеміз. Бұл неліктен десеңіз сынақ бізге түсіндірді. Қан таза, ана сүтімен келген тәрбие маңызды орын тебеді деп. Сонда одан тәрбиені шақыруды өтіндік. Сөйтсек, тәрбие жанымызда жүрген атамыз бен апамыз екен!!!
Сұрақ артын бағып сұрақ жүреді емес пе? Ендігі сұрақ неге көне көз қарттарымыздың сүйектері асыл? Оның себебі мынау деді сынақ:
Өткендегі қатар некесіз төсеке бармапты. Туыстар арасында қан араластық болмапты. Анасын күтіп, әкесін тыңдапты. Әкесі анайы қылық қылмапты. Ең бірінші қателеігіміз біз құранмен емес бір көздімен сауатымызды ашады екенбіз. Міне гәп қайда.
Туа сала бір көзділермен жағаласып жүріп хайуандықты үйрендік. Еліктеп жүріп күйредік. Айтып жатса санаға түймедік.
Содан сынақтан қайта сұрадық: неге бізді айналсоқтай бересің деп. Сөйтсек: Не әкеміз, не шешеміз кезінде өздеріне білінбес күнә істепті. Соған әкенің тескен тесігін біз жамайды екенбіз. Одан сынақтың тағы бір айтып кеткені: Осы дүниеде істегенің осы дүниеде қайтады. Одан ол білімге қарады: Қазір сенің орның төмендеді. Қазір міне мыналдар таққа отырды,- деп жасыл қағаз бен жамбасымен жер сызған тамаққа көрсетті.
Рас-ау бұнысы… Таз бастанып емшектен шықпай көк ақшаның иісін, тиынның дыбысын ажыратып аламыз. Оқысақ та, үйренсек те, тіптен өнеріміз бен тәнімізді сол ақшаға сатып береміз. Қалың мұра кітапты менсінбей ақшаға айырбастап аламыз. Ақша болса қаңғып, жеп, ойнап, күліп, ит ұқсап құйрық иіскейміз. Сәнденіп кербездене түсеміз.
Нәпсіні ойнатып қойып, рухымызды оған таптатып, өмір бақи қапасқа қамап, бұрышта жылатып қоямыз. Әрине, осыдан кейін ауырамыз, қиналамыз. Тұмау тисе жанымыз шығып түгіміз қалмайды. Біз тәнді масаттандыра, жанымызды күйзелтеміз. Осыдан кейін жарықта жүріп қараңғыда түнелтеміз.
Жейміз. Шығарамыз. Ұйықтаймыз. Қайта жейміз. Жеу үшін бүкіл өмірімізді құртамыз. Жеп жүріп қара қоңызға, өзіміз менсінбейтін доңызға айналамыз. Ал сынақ келсе өзімізден емес өзгеден көреміз. Істеген адамды іздеп соны соттамаққа асығамыз. Ал неге өзіңді соттап көрмейсің? Әр қадамыңды жүйеле. Мүмкін ол жамандық істеймін деп жақсылық істеп кеткен шгығар? Қайдан білесің? Түннен кейін күн туады емес пе?
Сынақ жақсы ұстаз. Білім де, мен де ойланып қалдым. Сынақтан өтіп барып білім мен ақиқатты табасың. Әрине шыдасаң. Алланың айтарын тындасаң. Қайрала жүріп біліміңді шыңдасаң. Өткеніңе қарап болашаққа жоспар құрсаң. Өміріңнен ғибрат ала білсең.
Көргеніңді қорыта, тыңдағаныңды жорыта білсең. Өзіңді мықты ұстап Аллаға сенсең өзіңе де сенесің. Жүрегінде Алласы бар адам өлсе де тірі қалады екен. Тіптен өлмейді екен, өнеді екен. Алланың ғажабы осы емес пе?
Мысалы өз басым. Ауырып жүріп ой таптым. Ойдан білім. Білімнен өнер. Біле жүріп иман, намаз таптым. Ең маңызды жан тыныштығын таптым. Әрине алғаныңа төлеу керексің. Жастық шақтан айрылдым. Үш жыл өмірім төсеке байланып жатумен өтті. Елдің аузында жынды аталумен атағым шықты. Бірақ, бұл тек мен алған Алланың сыйына төлем. Мен жоғалта жүріп таптым, өле жүріп өндім. Көзім жеткені адам баласы өмірде тек бір рет туылмайды. Осының бәрі сынақтан алған сабағым. Айтарым:
Сынақ келсе қабыл ал!!!
ТӨРЕХАН Арыстан

3 пікір

yesbolat83
Сынаққа төзе білу оңай нәрсе емес, бірақ төзсең де төзбесең де одан қашып құтыла алмайсың.
Jako
Жарайсың Арыстан, тамаша пост,+4.
dimash
«Сейчас самое время» деген кино еске түсті.
Сынаққа төзе берген сайын сынақтар келе бере ма дим…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.