Аты-жөнімізді дұрыс жазаламыз ба?

Өз ойым /
Қазақ халқының аталу тегінде ов, вич, овна деген тіркестер болмаған. Жарайды ол халықтың тағдыры, кезіндегі кеңес үкметінің кесірі делік. Ал казіргі таңда ше? тегімді қалай жазсам дұрыс болады. Қазақшалап «Егінбаев» деп жазсам құжат тапсырғанда қате болып шығады. Дұрысы құжат бойынша «Егинбаев». Сонда қазақтың і,ң,ғ,ү,ұ,қ,ә тәрізді әріптері неге әлі күнге дейін қате болып есептеледі.
Бұл бір мәселе ал тағы бір ойландыратын мәселе Әкеңнің атының аталуында. Қазақта ешкімді әкесінің атымен шақырмайды. Ал біз казіргі таңда мәдениетті сөйлеген болып, Айтуарович,Қанатовна деп жүрміз.
Бір күні жаңадан келген директорға кіріп қазақшалап сыпайы түрде «Ереке» десем ол маған ренжейді «немене құдалықта отырсың ба? Меке, Секедейтін дей. Мәденетті түрде очествамды айтпайсың ба?» дейді.
Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін сіздермен ақылдасайын дедім достар. ойларыңызды білгім келеді.

8 пікір

nurbanu_KAMAL
Ереке дегенді білмеймін. Бірақ, -ов, -ованы алып тастауды қолдаймын. Алайда, өзім құжаттарда әлі Камалова болып жүрмін. Алдағы уақытта бұны жөндеймін.
Соңғы өңделген уақыты:
nurbanu_KAMAL
Қазақтың жігіттері бір-бірін Ереке, Айдеке деп сыйлап жатады ғой. Бастығыңыздың бұған шамданғаны дұрыс емес қой. Бірақ, ресми түрде жаппай олай айта да алмаймыз ғой.
korwinin_kyzy
Әуесбайдың Қанаты болып жүре берген жақсы ғой,,,, Қанат Әуесбаевич болғаннан. Бұл орыстарға ұқсау болады, ал орыстарға ұқсауға болмайды, хадисте келгендей «Мән тәшшәббәхә би қоум фә хуә минхум» кім де кім бір қауымға ұқсаса, сол солардан. Сондықтан кез келген затқа мән берейік, орыстарға бір ұқсаймыз, екі ұқсаймыз сосын бара бара орыс болып кетеміз.
yesbolat83
Қанат, бұл ой-толғанысың орынды. Мен де 12 жасымда өз тегімді ауыстырғанмын. Бір қателік жібергенім таза қазақшаға өзгертпегенім, яғни, Амангельдыұлы деп жаздырыппын. себебі, мен ол кезде қазақшадан гөрі орысша оқып, жазғанды ұнататынмын. Тегімді өзгерткендегі мақсаттарымның бірі журналист болу еді.
Jado
yesbolat83 Тектің журналистикаға қандай қатысы бар?
Ал мына постқа менің ойым негізі жұмыста, оқуда Бәке, Сәке деген дұрыс емес. Бұл жалпы мәдениетке жатпайды деп ойлаймын.
Jako
Ұнады, пүліс төрт (+4) бастым, басқаға шамам жоқ, амал қанша.
Yeld
Осы аты-жөнінде қазақ әріптері болса, құжаттың орысша бетіне қалай жазылады? Өткенде мектеп бітірушілердің аттестаттарын толтырып едім… біреуі өзгермейді дейді, біреуі орысша аударылып жазылады дейді… Мысалы, жеке бас куәлігінде былай жазылған: ЖаҚаева БибінУра ҚайратКызы. ??? Орысшасына маған Жақаевой Бибінуре Қайраткызы деп жаздыртты…
mairosh
Жұмыста барсықтарға «Бәке» ,«Сәке» әке-көке десен ертесінен жұмыстан қуыласын. Міндетті түрде Аты-тегін айтып амандасасын, сөйлесесін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.