Әскери дабыл.

Өз ойым /
Тәуелсіздігіміздің тірегі,ұлтымыздың қорғаны қарулы күштеріміз. Қандай жағынан болсын біздің әскеріміз қазақи болуы тиіс. Жауынгердің көзінен ұлт намысы шашырап тұру керек. Сонда ғана қазақтың рухы биік,қорғанысымыз мықты болады емес пе. Казіргі таңда қазақ әскери күші быраз өсіп қалыпты жаман емес полковник, генералдардың көбісі қазақтар Аллаға шүкір. Тек бір ұнамайтын жері саптық жүрісте барабаншылардың яғни музыкантардың ұратын дабыл үні сол баяғы орыстардың маршы. Қазақтардыңда дауылпаз үні бар емеспе кезінде Аблайхан қол жинағанда ұрған әскери дабыл үндері бар емеспе. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші әскеріміз қобыздың және дауылпаздың үнімен адымдап бара жатса,қандай керемет. Тек орыстың маршы емес. Өкініштісі сол біз әкери рухымызды сол орыстың маршымен көтеріп жүрміз, масқара.
Достар бұған не дейсіздер, осы мәселені барша жұрттың құлағына жеткізсек қалай болады. Мүмкін жоғарылардағының назарына ілініп ертең барша әскеріміз орыстың маршымен емес қазақтың дабыл үнімен рухын көтеріп жатса нұр ұстіне нұр емес пе.

2 пікір

Jako
Жақсы ой, жақсы ұсыныс екен, бірақ тыңдар құлақ қайда?
yesbolat83
әскеріміз қобыздың және дауылпаздың үнімен адымдап бара жатса,қандай керемет.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.