Алладан безген бейбақ!

Өз ойым /
Осыдан 5 жылдай бұрын керемет бір отбасы болған. Болған дедім, себебі қазір олар отбасы емес. 50 жасты алқымдаған жұбайлардың алтындай бес баласы, үйлері, білімдері, жұмыстары, бәрі болатын. Кісісі білдей бір мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары (завуч) болды, мектептегі беделі мықты еді, тәртіпті қатты қадағалайтын, «бәленше келе жатыр» деген уақытта барлығы тыныштала қалатын, өз пәнінің де мықты маманы болатын. Ал әйелі талай жыл науқас енесіне қараған, келіндік міндетін керемет атқарған, 5 баланы дүниеге әкеліп, дұрыс тәрбие беріп өсірген. Ол да мұғалім болатын, керемет маман еді, жолдасының сондай беделі болса да сабағына жауапкершілікпен қарайтын, күнделікті сабақ жоспарын күнде жазып алып келетін (мектепте жолдасы тексеретін болса да), мінезді, қызыл тілді еді, иманы берік, ешқашан ар-ұяттан аттамаған. Қыздарын өте қатты тиып отыратын, сәл қателік жіберсе, бір-екі ауыз адуынды сөздерімен бәрін түсіндіріп тастайтын. Балаларының барлығы мұғалім болды, барлығы да жоғары беделді қызметтер де істеп жүр. Барлығы оларды сыйлайтын, үйлерінен қонақ арылмайтын, дастархандары күнде жайнап тұратын.Мен ес білгелі араласатынбыз, мен ол отбасыға қатты қызығатынмын. Негізінде, мен өзім ешкімді үлгі тұтпайтынмын. Бірақ, сол апайды ойлағанда қатты таң қалатынмын, маған қатты ұнайтын. Қазір жағдай басқаша. Бақшасында барлығы бар, ауласы, үйі үнемі жайнап тұратын бұл отбасының үйі қазір қақырап бос тұр. Апай басқа жақта, жолдасы басқа жақта. Ағай бұрыңғы беделінен айрылды, ал менің жақсы көретін адамдарым басқа жақта, бұл жаққа келмейді мүлде. Егде тартқанда бұларға не болды дейсіздер ме? Оған Алладан безген бейбақ кінәлі. Ол адам да сырттай жаман емес, ол да ұстаз, өз пәнін жақсы біледі, "өтірік" күліп жүреді. Ағай жұмыс жасайтын мектепке 5-6 жыл бұрын жұмысқа тұрған. Екеуі жақсы араласқан, содан беделі, ақшасы бар ағайды өзіне қарата бастайды. Жәй ғана емес, өзінен кетпейтіндей қылып дуалап алады. Ал апайды өлімге дуалайды. Беделі мен ақшасына қызықпаса өзінің әкесімен жасты кісіні не істейді ол? Содан жүріс жүре бастайды. Мектепте бәрі біле бастайды. Осының бәрі адамдар бір-бірін жақсы танитын ауылда, ағай, апай, олардың қыздары, жаңағы бейбақ жұмыс жасайтын бір мектепте болады. Қызы басқа жаққа жұмысқа кетеді, апай бала санымен зейнетке кетеді, бірақ жүрегіне уайым мен ауру жамап кетеді. Ал, ана екеуі ешкімнен ұялмастан жұмыс жасап жүре береді, оның үстіне оқушыларға сондай түрлерімен тәлім-тәрбие береді. Апайды балалары қалаға көшіріп алып кетеді. Ал, ағай болса бейбақтың үйіне кіріп алады. Ол бейбақ үйіне кіргізіп алып, үйін жөндеді, төбесін жапты, үйінің айналасын қоршап алды, жағдайын жақсартып алды. Енді, олар тұрған бұрыңғы үйге көз алартып отырған көрінеді. Апай соңғы уақытта қатты ауырғасын барлық жағдайды айтып сенімді деген емшіге барған екен балалары. Дуа жасағанын айтқан. Қазіргі уақытта сол дуаны қайтару үстінде. Апай жылда ораза ұстайтын, биыл намаз бастапты. Жағдайын сұрап хабарлассам, көзіне жас алып, бір марқайып қалады. Өзіммен құрбыдай боп өскен немересімен хабарласқан уақытта, ол да соның кесірінен сендерге бара алмайда отырқ деп жылайды. Ағай мен бейбақтың енді қалай өмір сүрерлерін Алла біледі. Олар жақында ғана бірге тұра бастады. Сабақ басталғанда қалай ұялмай бірге мектепке барады екен? Оларды тума-туыс былай тұрсын, апайдың бүкіл шәкірттері жек көреді. Жазаларын Алла берсін, менің нем бар оларда?! Тек апай мен балалары аман болсын! Осы уақытқа дейін қызық көрмеді, енді немерелерінің қызығын көрсін! Оларды қатты сағындым. Бұрын талай ойнаған сәкіні көріп, жаз сайын жемісіне қарық болған жеміс ағаштарын көріп, талай рухани байыған үйді көріп күнде жүрегім қан жылайды… бүгін тіптен сағынып кеттім.Енді үйлерін сатуға қойды, сатып алатын адам менің бір затымды алып кететіндей сезініп жүрмін.
Адал болыңыздар! Адал болғандарды бағалаңыздар! Тура жолдан таймаңыздар!

8 пікір

AKA
Опасыздықты яки сатқындықты жек көрем, кешіре алуым да екіталай… Апайыңыз аман-есен болып, немере-шөбере қызығын көрсін.
kozha_maktanshak
Естiмеген елде коп.Айтпакшы осы жогарыдагы жагдай онтустiкте болмаганба?
Jako
Оттапсың…
Jako
Жазба далбаса, түкке тұрмайды (дешевизм), Алланың құдіретінсіз талдан бір жапырақ үзіліп түсе алмайды,әлде Алладан құдіреттімін дегісі келген бе?
Botakz
Алладан басқа тәңір жоқ, әрине! Барлық құдірет иесі де — Алла! Мен тек қазіргі уақытта болып жатқан жағымсыз оқиғаны баян еттім. Қалай түсінемін, қалай бағалаймын десеңізде өз еркіңізде ғой!
Jako
Менің де өз жеке ойым, қателесуім әбден мүмкін, артық кетсем кешірім өтінемін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.