Шәмшінің қалжың айтысы

Өз ойым /
Бұл — алпысыншы жылдардың орта шені болса керек. Шәмші сол тұста «Социалистік Қазақстан» газетінде істейтін Исаев Балта деген журналистпен бірге Қоғалыдан Панфиловқа (қазіргі Жаркент) қарай шығады. Олар Алтынемелден асып, тау бөктерінде отырған екі үй шопанға түседі. Бұл келген Шәмші екенін білген ауылдағылар абыр-сабыр болады да қалады. Дереу қой сойылып, буы бұрқырап самаурын да жетеді. Кезектесіп шәй құйып отырған екі келіншек жайдарлы мінезді, өткір тілді, қалжыңға жүйрік, нағыз Құдайдың атып кеткендері екен. Олар шәй ұсына отырып, сөзді тақпақтап бастайды да, арғы жағын өлеңдетіп жібереді. Жап-жас, келбетті жігіттерді қағыта бастайды. Олардың әзілі өзіне жан бітіріп, делебесі қозып кеткен Шәмші де өлеңдетіп ала жөнеледі. Қалжың айтыс осылай басталып кетеді де, ол кешкі ас үстінде де жалғасады. Келіншектер сонда да іркілмей өршелене түседі. Күтпеген жерден бір басына мынадай салмақ түскен Шәмші уақыт ұтпақ болып:
— Ой, таң атып қалыпты. Біздер бірер сағат мызғып алайық, — дейді.
Келіншектер бұған келісіп, Шәмшілер оңаша қалып ұйқыға кетсе керек. Бірақ, ақын келіншектер оларды таң атпастан оятып жібереді.
— Өлең айтып оятпасаңдар, тұрмаймыз, — дейді қалжыңның желігі қайтадан қоздырған Шәмші.
Келіншектер де дайын тұр екен, жігіттердің аяқ жағына келіп, көрпенің шетін баса отырып, шырқап қоя береді:

Болсаң да кетпен шапқан күніменен,
Даусымның оянарсың үніменен.
Жігіттер, бұл жатысың қандай жатыс? —
Шыққандай қой күзетіп түніменен,


дейді келіншектер.
Шәмші де жастықтан басын көтеріп алып, жайдақ атқа асығыс мінгендей болып, аттың басын қоя береді:

Белінен басып жүрміз жалғаныңды,
Көтеріп көрер ме еді салмағыңды.
Күнәсіз өткізсем де осы түнді,
Киейін, шыға тұршы, дамбалымды.


дейді ол.

Болғанда сіз-қалада, біз далада,
Дарияның сіз ортасы, біз жағады.
Солдатша тез киініп болсаңдаршы,
Жараспас сыртта тұру қыз балаға,


дейді келіншектер. Шәмші:

Кіре бер, енді кидім дамбалымды,
Тістерсің мен кеткен соң бармағыңды.
Артыңда бала-шағаң, байың да тұр,
Қалдырып кетер едім бар малымды,


дейді.
Қалжың айтыс осылайша ұласып, ауыл үсті қуанышқа толады. Бірақ «кел демек бар, кет демек жоқ» деген ғой. Шопан келіншектермен қалжың айтып, көңіл көтеру қанша қызық болғанымен, кететін де уақыт болады. Шәмші малшы ауылымен қимай қоштасты. Оны келіншектер ән салып, бір қырдан асырып салады.

Сендерден ала алмадым, таласым бар,
Кеуде де жазылмайтын жарасыңдар.
Бір тәулік көңіл ашып, өлең айттық,
Қай жаққа бізді тастап барасыңдар?


дейді келіншектер.
Бұл ауылды, осы бір жайдарлы жандарды қимаған Шәмші өзінің жүрек сырын былай білдіреді:

Жігіттік өзімізге тән шығарсың,
Ал сендер соған сәйкес сән шығарсың.
Алда — жол, артта — қиял, омырауға,
Зер толған, жазылмаған ән шығарсың.


Шәмшілер осылайша кете барады. Келіншектер қол бұлғап, алыста бұлдырап, жазылмаған ән боп қала береді.

Оразбек Бодықов «Шәмші Қалдаяқов туралы жыр» кітабынан...

28 пікір

dimash
… осындайларға құмар екенсіз… ұнасын ұнамасын Шәмші ағамыздың сөздері +1!
Korkem
Айтысқа сұмдық құмармын. )))
qusbegi
Кеше Алматыда болған айтыс сұмммдық қызық өтті деп жатыр, көргендер:)
Korkem
сілтеме, сілтеме…
qusbegi
Алматы қаласы, Балуан Шолақ спорт сарайы:))))))))))
Korkem
вахахааа))))))))
AKA
Онда қалайша мына жазбаны қалдырып кеттіңіз екен? Қап…
aitaber
Арғын ағаңыз мен Құсбегі бұдан былай ресми түрде бір бірімен жау екендіктерін жариялады.
Korkem
Неге қалдырып кетеді екем? Пікір жазу міндетті емес болар..)))
aitaber
MyPetrol компаниясының бензиндері дайын тұр:))) Шабыңыздар, арулар:)))
Korkem
мгм, не ғой, қыз бен қыздың шапқаны жараспас болар қанша бензин құйса да, шашсада. Оданда қарап қалман...)))
Abylai
мені шақырмайсың ба епті, кешігіп қала жаздадым ғо ))
Korkem
Ештен кеш жақсы, жігіт екенің рас болса қарап қалма…
Abylai
мен жәй қарап тұрмай, мейірімімді төгіп қарап тұрайын
AKA
Жо-жоқ, мойындай салыңызшы енді, «оқымадыңыз» деп Сізді ешкім кінәлап отырған жоқ қой. Қайдам, қайдам… оқи отырып, Сіз пікір жазбай кетсеңіз…
Korkem
АКА маған қараш, не болмаса менің аккуантыма кіріп қараңыз, барлық блогқа қосылғанмын, яғни Айтабердің бір постын да жібермеймін деген сөз… О несі екен бүйректен сирақ шығарып..)))
AKA
Қарар ем… Өзіңмен отырып, біраааз шәй үстінде сөйлесер де ем… Сендім ғой, сендім!
Korkem
Жақын күндері ме әлде алыс күндері ме білмедім, әйтеуір бір күні Айтаберліктердің жиыны өтеді деген кәуесет бар. Сол жиында ерекше сізбен кездескім келер еді, Шымға келер ме екенсіз АКА?
AKA
Омманэ… Алақай, бұйыртса айтаберліктердің де басы қосылады деңіз, керемет!
Korkem
Негізі мен сізден «келесіз бе?» деп сұрап едім, АКА...))
AKA
Неге бармасқа? Шымкент — жақсы қала. ©
Korkem
АКА, мына албасты не дейді? )))))
AKA
Охх, жазаласа шіркін, қатал жазаласа… Болдыиии, бізді қырқыстырып, өздері сырттан бақылауын?!
Korkem
Құдай бұйыртқан күні, Джек!
Abylai
бұйыртқан күні маған айтуды ұмытып кетпеңдер
VVVWWW
Джек сен секундантсың ба, қай жағына
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.