Айтаберліктерсіз өткен бір жылым...

Өз ойым /
Салем Айтаберліктер!Өздеріңізбен көріспегелі бір жыл уақыт зымырап өте шығыпты.Блогты қатты сағынып қалыптым.Соңғы рет сүйікті блогтұғырыма үшінші қыркүйек күні кірген екенмін.Сол сәттен бүгінгі күнге дейін жеке өмірімде көптеген өзгерістер орын алып үлгеріпті.Қызығы мен шыжығы мол бір жыл ішінде менің басымнан өткен қызықтан бұрын қиындық көп болған секілді.Тағдырыңа жазылғаннан бұрыла алмайды екенсің.Ендеше бір жыл уақыт аралығындағы басымнан өткен жайларды баяндайын.Алайда менің басымнан өткен жайт кімге керек? ешкім окымас деп те топшалап отырмын.Менің бұл мақаладағы айтпақ басты ойым әр адам қолда бар алтынның қадірін білсе екен деймін.Әр адамның өміріндегі ең қымбаттысы ата-анасы екені бәрімізге аян.Қанша есейсекте ата-анамыздың орны ерекше, олардың орнын ешкімде алмастыра алмайды.Біз отбасымыз бүтін, шаңырағымыз шаттыққа толы ұйыған отбасы едік.Бірақ бұл қуанышты күн ұзаққа созылмады.Ақпан айында отбасымыздың ұйытқысы,үйіміздің берекесі, жанымыздың жалауы асыл әкемнен айрылдым.Қанатым қайрылды.Бұл өмірдің бар қызығы таусылды.Амал нешік көнеміз, анам үшін барлығына шыдауым қажет болды.Себебі алдымда тағыда үлкен сынақ тұрды.Ол он бір жыл бойы оқығаныңды үш жарым сағатта сарп ететін ҰБТ болатын.Бірақ әкемнің осы жылда қайтыс болғаны қабырғамды қайыстырды.Өйткені әкем менің тесттен ең жоғары балл алуымды күткен еді.Мен әкемнің тілегін орындау үшін барынша тырысып бақтым.Күндер зымырап өтіп тест тапсыратын күнде келіп жетті.Бірақ бұл күнде мен үшін сәтсіз болды.Тесттен ойдағыдай балл ала алмадым.Тест болатын күнді тағатсыздана күттім, барынша дайындалдым.Бірақ нәтижеме қуана қоймадым.Бар арманымның күл-талқаны шықты.Әкем менің журналист болуымды калайтын едіБірак ол алыс арман секілді.Ендігі кезекте оқуға құжат тапсыру керек болды.Мен ойлана келе Ақтау қаласына Есенов университетіне қазақ тілі әдебиетіне тапсыруды ұйғардым.Себебі бала күннен бергі арманым,әкемнің арманы өмірімнің мәні журналисткаға түсу үшін балым жетпейтін еді.Мұны мойындау мен үшін ауырға соқты.Амал нешік? менің ендігі ойым қазақ тілі әдебиетін бітіріп барынша еңбектеніп журналист бола аламын деген шешімге келдім.Бірақ бұл арманымда бос қиял болып қалды.Мен Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне орыс филологиясына түстім.Өзім ауылдың қызымын.Орыс тілінен өте төменмін.Енді мен қалай журналист боламын емес,қалай орыс филологиясын меңгеремін? деген уайым болды.Қазақ филологиясындағы және журналистикадағы студенттерге қарап қатты қызығам.Шіркін менде солардың бірі болсамғой.Бүгін универдегі бірінші күнім өтті.Мен журналист болғым келеді,қаламайтын мамандығымды қалайша меңгерер екенмін? құрметті Айтаберліктер маған өз ақылдарыңызды айтсаңыздар.

5 пікір

Korkem
Толқын, қош келіпсің!
Биыл өзің қаламаған оқуға түскенің қиындыққа жатпайды десем болады, себебі оқудың ерте кеші жоқ. Сен осы мамандықта оқи жүріп, келесі жылғы ҰБТға дайындал, келесі жылы университеттен уақытша документтеріңді алып мемлекеттік университеттердің біріне барып ҰБТ тапсыруыңа болады. Қалаған журналистикаңа түсуіңе сол кезде мүмкіндік болып қалар. Ал тағы болмай қалса мойыма, келесі жылы тағы да мүмкіндік туады. Сәттілік тілеймін!
tolkin9595
көп-көп рахмет! Иншалла аитқаныңыз келсін
urimtal
Толқын, уайымдаудың еш қажеті жоқ. Ең бастысы дұрыс қалаға келген екенсің. Мен де қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын оқытушы бойынша тәмамдадым. Бірақ өзімді көбіне журналистік ортада тәрбиеледім. Алматыда журналистік курстар бар. Соларға қатыссаң болады. Әкеңнің де, өзіңнің де арманыңды жүзеге асырамын десең, алға жүр! Журналист болу үшін журналистика факультетін бітіру шарт емес, сондықтан мойыма. Газет-журналдарға барып, мақала жазып апар. Журналистік курстарға, тренингтерге қатысуға тырыс. «Medianet» халықаралық журналистика мектебі бұйыртса, осы күзден бастап, үш айлық журналистік курстарын бастағалы отыр. Соған қатыссаң болады.
Yeld
Дұрыс таңдағансыз, журналист бірнеше тілді жетік білу керек қой, филологтар сауатты журналист болады. Өзге тілден мүлдем қорықпау керек. Орысша сөйлеп-жазып кету қазақ тілін үйренгеннен жеңіл деп ойлаймын.
ereke_enu
ЖОО-ға түскеніңнің өзі жетістік қой, жарайсың! Кәсіби журналист болып шығуыңа тілектеспін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.