Тілі жоқ халық– балық

Өз ойым /
Күнделікті өмірде көшеде кетіп бара жатқан әрбір жүргіншінің терең ой үстінде жүргендігін байқайсың. Мен де бірде үлкен жлда серуендеп жүріп бейтаныс екі жолаушының сөздерін құлағым шалып қалды. Қарасам, қазақтың қаракөз қыздары екен. Еріксіз олардың әңгімелеріне құлақ түрдім. Тілдерін бұрмалап орысша сөйлеп тұр. Олардың әр сөзін естіген сайын, көкірегімді ашу кернеді. Біз қалай өзге ұлттарға қазақша сөйлеуді үйретеміз, егер өзіміз өзге тілде сөйлесек? Еліміздің «Тіл туралы» заңында «мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» делінген. Сондай–ақ, еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай етіп анық жазылған. Өкінішке қарай, бұл сөзді ешкімнің де құлаққа алғысы келмейді. Әр түрлі деңгейдегі ресми жиналыстардың барлығы орыс тілінде өтеді.
Әр бір ұлттың басты қазынасы– ана тілі емес пе? Ұлтты қорғайтын да ана тілі, біле білсек. Бүгінде мемлекет тарапынан қазақ тілін дамыту бағытында жасалып жатқан істер баршылық. Тілді көсегесін көгерту жолында тер төгіп жүргендер де көп. Алайда, нәтижесі көңіл көншітпейді. Мүмкін бұдан да үлкен серпіліс керек шығар. Тіліміз теңіздің суындай тасып, ортамызға келіп, мерейіміз көтеріліп, «шіркін қазақтың тілі –ай » деп тамсанып, сүйсініп отыратын күн тезірек келсе деп армандаймын. Өалай болғанда да, мен ана тіліміздің болашағына сенемін. Біоақ, әлі оған көп уақыт керек–ау. Неге бұлай болуға тиіс? Мұның бірден–бір себебі, бүгінде кейбір жастар қазақша сөйлеуге ұялады. Олар таза қазақша сөйлесе басқалардан кем болып қалдым деп ойлайтын сынды. Олар осы арқылы өздерінің қатты қателесіп отырғандығын сезбейтін сияқты. Себебі, тілдің шұбарламай таза қазақ тілінде сөйлеу бүгінде кез келгеннің қолынан келе бермейді.
«Қолда бар алтынның қадірі жоқ» демекші, қазіргі уақытта біз қасиетті де шұрайлы, баға жетпес тіліміздің қадір–қасиетін ұқпай отырмыз. Бірақ, біздің тіліміз ешқандай тілдерден кем емес. Қазақ тілін кезінде В.Бартольд, В. Радлов сынды атақты зерттеушілердің өздері мойындаған. «Түрік тілдес халықтардың ішінде еі бай, ең шұрайлы, ең түп негізін сақтаған, ең әдемі, ең бұлбұл тіл– өазаө тілі» деп баға берген. Сондақтан да тіліміздің шұбарланып кетуіне жол бермейік. «Тілі бар халық –халық, тілі жоқ халық – балық» деп қазақ атамыз бекер айтпаған. Қай халық, қай ұлтта болмасын тіл – құдіретті және қасиетті. Өз ойымды «тіл–көңілдің айнасы», сондақтан да тілімізді көзіміздің қарашығындай қастерлеп, судан таза, сүттен ақ күйінде сақтау біздің парызымыз деген сөзбен аяқтағым келеді.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.