Тағдырымыз өз қолымызда емес екен...

Өз ойым /
Ия… Бұл жалғанда бәрі де болады екен...Құдіретті күш осының бәрін қалай мүмкін қылады екен? Алдымызда қандай оқиға болатынын ешкім де дөп басып айта алмайды («Ақыр заман-2012» деп аталған 21-ші желтоқсанды еске алсақ).Сайып келгенде алдымызда не болатыны, бәрі бәрі тағдырға байланысты емес пе!?
Мына сұрақ әлі де көкейімнен кетер емес.Аллаһ Тағала адамдарға жан берді, ақыл берді,өмір берді, тағдыр берді.Бірақ кей адамдардың «маңдайға жазғанды көресің ғой» немесе «тағдырды ешкім өзгерте алмайды,әр адамның тағдыры туылмай жатып жазылып кояды» деген сөздерін естіп,«біз сонда неге өмірге келдік»,«не үшін өмір сүреміз» деген сұрақтар жанымды жегідей жейді.Біздің тағдырымыз әу баста жазылып койылған болса, онда біздің жүрген жолымыз, адами қасиетіміз, ой-санамыз, жақсылығымыз бен жамандығымыз, тіпті, жұмақ не тозаққа баратынымыз да шешіліп қойылатыны сөзсіз.
Алайда, мен білмейтін жайттар көп екен.Тағдыр сөзін есептеу немесе өлшем,өлшеп қою деп түсіну керек.Бұл жайлы Данияр Абу Ахмад деген кісінің аудиожазбасынан білдім.Ол кісі «тағдыр» сөзін былай түсіндіреді:«Тағдыр дегеніміз-Аллаһтың білімі, Аллаһ Тағала бар нәрсенің бәрін біледі,өтіп кеткен не болып жатқан, болашақты, жоқ нәрсені де біледі.Аллаһ Тағаланың білімі мәңгі.50 мың жыл бұрын қаламды жаратып,қиямет күніне дейінгі болатын нәрселерді жазды».
Аллаһтың әуелде тағдыр тақтасына жазған жазуы тоқтаған.Енді ешнәрсе өзгеріске ұшырамайды әрі бәрі де Аллаһтың қалауымен, тағдырымен болмақ деген сөз.Сондықтан 50 мың жыл бұрын белгілі болып қойған тағдырымызға жазған кез келген нәрсені Аллаһтың қалауы деп білейік.Менің бұл жазбам да Аллаһтың қалауымен болар, тағдырымыздың қалай болары бір Аллаға ғана аян.Жер бетінде қаншама адам бар.Мұның бәріне Аллаһ Тағала қалай үлгереді, таң қаламын осындайда құдіретінің шексіздігіне...Қалғанын кейін айтармын, тағдырымызға жақсы күндер жазылсын!

2 пікір

Kan
Айналайын Назерке. сені мазалап жүршен сұрақтың жауабы баяғыда шешіліп қойған. сен күманданбас үшін бөліп-бөліп түсіндіріп көрейік.
Біріншіден: Дін жағынан түсіндіретін болсақ. Негізінде тағдыр мәселесі өте нәзік мәселе болған соң Алла Тағала бұл жайында көп бас қатыра бермеуімізді ескертеді. Әйтседе Алланың ертең не болатынын білетін құдіретін ескере отырып былайша түсіндірейік. Иа біздің алдағы өміріміз Аллаға айян ол біледі сондықтанда Алла біз тумай жатып біздің тағдырымызды кітап бетіне түсіріп қояды. Әйтседе ол тағдырды Алла өз еркімен емес сенің еркің арқылы құрып қояды. Яғни сен өз тағдырыңды өзің басқарасың. Мысалы осы жазған жазбаны сен оқысаң онда Алла Тағала сенің осы мен жазған жазбаны оқитыныңды алдын ала біліп кітап бетіне түсіріп қойған сен дүниеге келмей тұрып ал сен оқымасаң онда Алла сенің оқымайтыныңды алдын ала біліп сенің оқымайтын жайында кітабына түсіріп қойған. Міне өмірде де сол секілді Сен кез келген нәрсені өз еркіңмен жасайсың ал Алла жайғана соның бәрі баяғыда біліп қойған. Жұрттың «Маңдайға жазылған» деп айтып жүргендері осы.
Екіншіден: Сенің «Мұның бәріне Аллаһ Тағала қалай үлгереді,» деген сөзіңе ренжіңкіреп қалдым. Олай саяз ойламау керек. Алланың құдретімен адамның құдретін салыстырмағың. Біздің шамамыз шектеулі ал Алланың шамасы шексіз ол адамды жаратушы.
Үшіншіден: Бәрін Аллаһ қалап осылай жазып қойды деу де қате пікір. Сонда Алла біреудің жетім болғанын қалады дейсіз бе? жоқ Алла бар болғаны осы дүниеде бар адамға еркіндік берді. Сол адамдардың қалаулары мен тағдырларын жазды. Әрине Алла қаласа барша адамды мұсылман етіп қояр еді. Бірақ Алла бұл дүнені адамдардың еркімен сынау үшін жаратқан.
nazerke1996
қателігім болса кешірерсіз, бұл менің алғашқы жазбам болатын, және де пікір қалдырғаныңызға рахмет.Мен білмейтін нәрсе өте көп, алдағы уақытта білімімді толықтыра түсіп саяз ойлануға жол бермейтін боламын
Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!