"Жалдамалы әскер тиімсіздеу ме деп ойлаймын..."

Өз ойым /
Өз ойым: Жалдамалы әскер тиімсіздеу ме деп ойлаймын...

Әскери борышын өтеп келген оқырмандарымның бірі «жалдамалы әскер тиімсіз» деген пікірін білдірген еді. Данияр Жаныспен кездесіп, пікірін тарқатып айтса деп өтіндім.

Даниярмен бірге әзірленген үнхабарды назарларыңызға ұсынамын. Қосымша ойларыңыз болса, бөлісе отырыңыздар.

Үнхабарды «тыңдау» деген сөзді шерту арқылы тыңдай аласыз. ТЫҢДАУ

p.s. Айтабер админі, жазбаның ішіне Soundcloud кодын қыстыру мүмкіндігін жасасаңыздар қатып кетер еді. :)

4 пікір

ereke_enu
Мен де тиімсіз деген ойдамын. Бізде, мұсылмандарда, жер қорғау, елбасын қорғау деген сенімімізде бар нәрсе ғой. Осыншама кең байтақ жерді сақтап қалғанымыздың өзі ата-бабамыздың осал болмағандығына дәлел емес пе?! Меніңше, елімізде барлық кері керітартпа үрдістердің түбінде екі басты індет жатыр: бірі — коррупция, екінші — іскер, білімді қазақтардың аздығы. Біріншісін тек иман жеңсе, екіншісінің имансыз пайдасы шамалы.
Jako
Іскер, білімді қазақтар аз емес, көбіне солардың өзі коррупцонерлер, ал қалған аз бөлігі сол коррупцияның тұзағында немесе бақылауында, өз мүмкіндігімен жұмыс жасау еркіндігі жоқ.
ereke_enu
Өте дұрыс айтасыз. Өз басым, коррупционерлерді іскерлер қатарына жатқызбаймын. Оны ауыздықтамаса өте қиын жағдай, болашақ бұлыңғыр. Қызықтың көкесі бюджет бітіп, жейтін түк қалмаған да болатын сияқты.
urimtal
немқұрайлы қарамай жазбаға қатысты ойларыңызбен бөліскендеріңізге көп рахмет. Сіздердің әрбір пікірлеріңіз мен үшін құнда.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.