Бабалар аманатын ақтайық

Қиын-қыстау заманда болашақ ұрпақтары үшін жан алып жан берген,қабырғасы қайысып, елім, жерім деп жүректері сыздап,қайткенде де болашақ ұрпақтарына еншісін беруді парыз көрген бабалар аруағына алғысымыз шексіз. Байтақ жерімізде мекен еткен кең пейіл, жомарат, текті халқымыздың жұдырықтай жұмылып бабалар аруағына жоқтан бар жасап, айына бір игілікті іс-шара жасап ризашылықтарын алу. Өскелең ұрпақ алдындағы парызымызды жүзеге асыру кез-келген қазақстандықтың міндеті.Қасқағым сәтте 30ға,50ге,70ке келіппіз.Жалғанды қанша қимасақта, жасымыз ұлғайған сайын уақытша тіршілік иесі екеніміз айқын.Қамшының сабындай өмірде, бабалар аруағының ризашылығын алу, ертеңіміздің мақтанышы болу, бірлігіміз жарасқан ел болуымызға үлес қосу киелі қазақ жеріндегі әр-бір азамттың міндеті немесе арманы.Ең басты иманды, білімді, ел сүйгіш ұрпақ тәрбиелеу арқылы кез-клген дерт,өзекті мәселеден арыламыз.Әр адамның қалауы бойынша жалақымыздан айына 5-10 тенге аралығында зейнет ақы қорына тәрізді айлықтан бабалар аруағына деп бағыштап бір жерге жиналса.Біздер қалтамыздан қосқан 5-10 тенге, теңізден бір тамшы су алғандай ғана қалтамызға әсер тигізеді.Жылдап 10 тенгеден жинап, елді былай қойайын ағайын-туысқан түгілі қарақан басыма 18 жасымнан-70жасыма дейінгі аралықта яғни 52 жыл жинаған қорым 6240тг болады екен. Осы ақшаны салмаққа түспейтіндей етіп 5-10тг ден сауап іске жұмсасам.10тенге мен кімге-кім қол ұшын бере алады? Есесіне біріксек айына милиондаған халықтың ақшасы еселеніп әжептеуір қомақты қаржы болар еді.Жиналған қаржыны тәрбиелік мәні бар мультфильм, ертегілер немесе балалар мен қартар үйіне, кемтар, мүгедек жандарға мектеп оқушылары мен студенттер өз қолдарымен сый-сыйапат жасар оны ортаға салып шеше жатар.Ең бастысы жиналған қаржының діттеген жеріне жетіп талан-таражға түспеуі.Ол үшін міндетті түрде үкімет тарапынан қадағалау және ешкімге бағынбайтын халықтың сенімін ақтайтын тәуелсіз комиссия мүшелері болса.Мысалы: Фариза Оңғарсынова, Олжас Сүлейменов, Мұрат Әбенов, Иманғали Тасмағанбетов, Бекболат Тілеуханов тәрізді т.б тұлғалар. Бұл Қазақстанда мекен еткен ұлттардың, діндердің бір-біріне деген сый құрметі.Бірлігіміз жарасқан елдігіміздің айқын дәлелі. Сіздердің пікірлеріз қандай ағайын?

5 пікір

avatar
Сізге Аллаһ разы болсын! Өте жақсы ұсыныс. Енді бұл ұсынысыңызды биліктегілерге жолдасаңыз, мүмкін, қарастырар, талқыға салар.
avatar
  • saken72
  • 0
Бауырым рахмет!
avatar
  • Jako
  • +2
saken72, мынау бір тамаша ой екен, «Бабалар қоры»-деген аттың өзі неге тұрады. Қор қаражаты сол бабаларымыздың игі істерін өскелең ұрпақтарға таныстыру, қазіргі ұрпақтар бабаларының оңай-осал емес, бір ауыз сөзбен жер дауы, жесір дауын тоқтатқан дуалы ауыз екенін, жалаңтөс,құрыш білекпен жау тойтарған батыр болғанын, жан-жағымыздағы басқа жұрттан шоқтықтары биік болмаса төмен түспегенін біліп өсуіне себін тигізсе, ұрпақ текті жұрт ұрпағы екенін ұғынып өсуіне септігін тигізсе әрине құба-құп болары сөзсіз. Бірақ бұлмемлекеттік бағытта емес, қоғамдық бағытта қолға алынса дұрыс болар ма еді деп ойлаймын, болмаса мемлекеттік қорлардың бірі жемқорлықтың құрбандығында ғой қазір.
avatar
  • Kan
  • 0
Ассаламуағалейкум saken72. Сіздің ұсынысыңыз қарапайым көзқарасқа дұрыс болып көрінгенмен. Заң жүзінде еш ыңғайға келмейтін дүние. Үкмет «Атабабамыздың исі үшін»деп халықтан бир тиында жинаипайды. Бұл бірінші мәселе. Ал үкмет атабабамыз үшін ештеңе істемей жатқан жоқ. Қаншама ескерткіштер салынды, Аблайханның 300 жылдығы, Абайдың 150 жылдығы деген секілді іс шараларды халықтан ақша алмайақ жасап жатыр. Сонда сіз халықтан ақша жиып мемлекеттен артық не істемексіз.
сосын «аруақ разы болады» деген сөзіңіздідін мамандары оқыса сіздің қате пікірде екеніңізді дәлелдеп беретін еді.
Жалпы өз басым бабаларымыз үшін ештеңе істелмей жатыр дегенге келіспейпін керсінше көп нәрсе жасалып жатыр. Тұрлі нәрсені сылтау етіп халықтан ақша жинауды мемлекет қолдамайды.
бұл менің пікірім сондықтанда қатесі болса сөге көрмеңіз.
avatar
  • Jako
  • 0
Кан мырза, менің ойымша saken72 сценарий бойынша жоспар орындау үшін жасалатын 150, 300 жылдық тойлардан аумақтырақ ой қозғағысы келген сияқты,өздерінің 150 немесе 300 жылдығын тойлау бабалар аманаты емес, артындағы ұрпақтар қарызы ма деймін. Ал елеусіз қалып бара жатқан бабалар аманаты жетерліктей деп ойлаймын. Мысалыәрбір сөзі тәрбие, тәлім көзі болып табылатын терме өнерінің өзі қазір рәптің көлеңкесінде қалып бара жатқан жоқ па? Сол сияқты Қырғыздар еншілеп алған көкпар, Немістер еншілеп алған қымыз сияқты бабаларымыздан қалған құндылықтар бізге аманат емей немене? Осылай жүріп баба аманаты киіз үйден, тілімізден, тамаша дәстүрлерімізден айрылып, олардың да әркімнің еншісінде кетпеуіне дәл қазір кім кепіл. Міне saken72 ұлттық қор құру арқылы осы құндылықтарымызды ешкімге жаутаңдамай, .үкіметтен көмек күтпей қорғауға тырысайық дегені деп түсіндім, өзім.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.