БҮГІНГІ БОЙЖЕТКЕН – ЕРТЕҢГІ АНА

Өз ойым /
Қарындасым сені ойлап қайғырамын,
Мына заман жамандықтың жайды бәрін.
Жер бетін қаптап кетті күнәлі іс,
Тап-тап барады сәулелі жүрек нәрін.

Сөздеріме құлақ түрші қарындасым,
Жүзіңде ұят, жүректе иман жалындасын.
Қадіріңді түсірме бұл жалғанда,
Ар-намысың шалшық суға малынбасын.

Мұсылмандық үлгісімен киімді ки,
Сайтанның құлы болма, нәпсіңді тый.
«Тәсәттүр » әйел затқа берілген сый,
Құр қалма сыйлығыңнан есіңді жи.

Сен мәңгілік емессің өлмей тұғын,
Қара жердің қойнауын көрмейтұғын.
Қолдана біл уақыт деген қазынаны,
Өмірдің көбі кетіп азы қалды.

Аналар қор қылмашы есіміңді,
Жаса өзің әділ боп кесіміңді.
Ұрпаққа салауатты тәрбие бер,
Түзетіп сыны кеткен бесігіңді.

Айыпты «ана» өзі арқалайды,
Ана бермей тәрбие тарқамайды.
Ананың өзі болмай тәрбиелі,
Бүткіл елдің басынан кетпес қайғы

авторы: Құрманалиев Мұхаммедкәрім

4 пікір

calendula
«Тәсәттүр»дегеннің не екенін түсіндіріп беретін адам бар ма?
Jako
«Тәсәттүр» — бойжеткен қыз баланын дене мүшелерін көрінбейтіндей етіп жабуы. Хиджап қой былайша айтқанда.
Hasuno
Иә, дұрыс айтасыз,«Тәсәттүр» сөзі «Тасат тұр» яғни жасырын тұр деген мағынадан алынғын деп ойлаймын.
calendula
Хм, басқа басқа сізді жауап береді деп ойламаған едім. Маған соны да білмейсің ба, жастар анау-мынау деп шығатын шығар деп ойлағанмын))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.