Қазақша қате жазу сәнге айналған ба, қалай өзі?

Өз ойым /
Әлдене бір жеке хат жазғанда немесе мақала жазғанда қате жіберейік оның оқасы жоқ. Ал енді кейбір мемлекеттік мекемелердегі қазақша қателер жан шошырлық.
Шаруам шығып ауруханаға бардым кіреберіс тіркеу бөлімінде «АУРУДЫ КҮЛАНДЫРУ» деп жазып қойыпты. Одан әріде құжат жайында түсініктеме беріп қойыпты. Енді ондағы қазақша мынандай «Ауру құжат жеке келсін, онсыз медик біздің тіркемес» бірінші сынып оқушысының шығармасын іліп қойған дерсің. Бір қызығы орысшасы сауатты жазылған, барлық құжаттары тейсінше сайрап тұр. Намыстанып бас дәрігердің орынбасарына бардым ол кісі орнында жоқ екен хатшы қызға айтып кеттім. Кейін бір айдан кейін ауруханаға шаруаларымен кіріп едім сол қате сол қалпында әлі тұр. Не істейсің басымды шайқап жыларман күйде шығып кеттім. Бұл-бұл ма аурухана білім ордасы емес қой енді деп өзімімді жұбатып жүргенмін. Бір қалалық мектепте семинар өтетін болды, бардық. Мектеп қабырғасындағы "Қазақ күрес" деген жазуды көзім шалып мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісін шақырып алып «мына сөз қате жазылған „Қазақ күресі“ немесе „Қазақша күрес“ деп жазылады» десем «Жоқ бұлайда жазыла береді» дейді жылайын ба, күлейін бе.
Бұл келтірілген бірең сараң мысалдар ал кейбір көшедегі жарнама қателерін, дүкен атауларының олқылықтары жетіп артылады.Бәрін бірдей жазатын болсақ ой, ой онда үлкен кітап жазып шығуға болады. Бұл не масқаралық, жарайды қазақша сөйлемедік енді қазақша дұрыс жазайықта. Әлде қазақша қате жазу сәнге айналған ба? Ертең балаларымыз Айсұлуды Айылу,құруды қыру деп жүрмесе болды.

5 пікір

Korkem
Қазақша қате жазу сәнге айналған ба,қалй өзі?
сіз секілді байқаусызда қателесіп кеткен ғой.
Соңғы өңделген уақыты:
Kan
Мен байқаусызда қателеспедім қасақана жаздым,әсерлі болсын деп. Ал жарнамалар қателесіп жазатын дүниелер емес.
kazakh123456
Ассалаумағалейкум сөзіңізде жаны бар. Біз жастарға қазақ тілін үгіттеуіміз керек. Қазақ тілі өте бай. Бай тілді істете алмаған өкінішті .!!!
Delfina
Негізі осындай қателіктер көптеп кездеседі, бұрында менде барып ескертіп кетуші едім, қазір көз жұма өтетін болдым.
Бәрібірде сөзім өтпейді.
Jako
Бұл қателіктер абайсыздықтан немесе білімсіздіктен емес, бұл қасақана қазақ тіліне шабуыл. Амал қанша іш қазандай қайнағанымен шама жоқ, болмаса осылай жазғандардың тілін кесіп тастаса да обал-ай демес едім.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.