Топырақ монологы

Өз ойым /
Мен жай ғана топырақпын.Менің де сіздер секілді жаным бар, менің көргенімді ешбір адам көрмеді.Себебі мен топырақпын, мен өзімнің қандай топырақ екенімді де білмеймін,құмды да емес, саз да емес… Мен гептил сіңген топырақпын. Жақында ғана ракета құлап қаншама тонна гептил төгілді.Борпылдақ денемді өзінің химиялық реакциясымен зақымдаған протон уының қайтар түрі жоқ.Өзімді қойшы, дәрменсіз күй кешіп отырған халықты аяймын.Төгілген нәрсе төгілді. «Ешбір зияны жоқ » деп мүмкін емес жағдайды кім айтты екен, халықты сөзіне қалай сендірді екен? Бұл жерді көруге, халықтың халін білуге келген жан баласын көрмедім.Бізге уы тарайды деп қорқып келмей жатқаны ма, кім білсін? Бұл жерге противогаз киіп келуге де қорқатын, халықтың бас амандығын сақтаймыз деп жүргендер,қара басының ғана қамын ойлағаны не сасқандық? Адамдардың тілі бар, бірақ айта алмайды.Денелерінде химиялық улы заттар.Медициналық тексерістен өткізіп жатқан адамдарды да байқамадым.Зияны жоқ дегенді естіген қалың бұқара сенуден басқа не істесін,қолынан келетіні сол ғана.Олардың денсаулықтары бүлініп біткен, сырты сау болып көрінгенімен ішкі ағзалары зақымданып, бүлінуде.Бүгін болмаса ертең маған сіңген гептил олардыңда ағзаларына сіңіп, адам естімеген аурулардың орын алмауына кім кепіл?Өсімдіктер мен жануарлардың халі адам нанғысыз, менде өсетін шөп те қалмады, жануарлар болса күрт азаюда.Топырақ болып жаратылған менің жан күйінішімді кім түсінер дейсің… Топырақта жалаң аяқ жүруші еді балалар, менің құрыған топырағымда зыр жүгіріп балалар ойнамаса екен деймін, адамдарға зияным тимесе екен деймін.Адамның ашкөздігінен табиғат нендей күйге тап болды!Өз қолдарымен өз-өздерін қырып жатқанын адамдар біле ме екен.Маған адамдардың қандары төгілмесін,қатерлі улар да төгілмесін.Менің адамдарға жаным қатты ашиды, балалар ауырмаса, адамдардың денсаулығы дұрыс болса, ауру деген атымен жойылса болғаны, ал менің құрамымдағы у әсері неше жылдан кейін жойылатыны белгісіз.Топырақ болған қандай жаман, адамдарды жұтып алатын.Ал менің олай болғым келмейді.Мен жай ғана ластанған топырақпын.Аяғым болғанда лабораторияға барып тексерілетін едім,қайтейін маған аяқты да, басты да бермеген, тілімде жоқ.Жерде ластанып жатқан топырақтың жан айқайын кім түсінер екен,өзімнен басқа?..

5 пікір

yesbolat83
Топырақ мырза, қолдан келер қайран жоқ. Қайтеміз енді. Бір күні сенің жанайқайыңды естіп, шара қолданатындар да табылып қалар. Бірақ, өте кеш боп қалмаса.
yesbolat83
Соңғы өңделген уақыты:
nazerke1996
Топырақ мырзаңыз не? Мен мырза емеспін,,,,,,,
Дұрыс айтасыз, менің жанайқайымды тыңдайтын кім бар????????????? Ештен кеш жақсы емес пе? Ойланатын, шешімін табатын кез келді емес пе?
yesbolat83
Мен сізге емес, топыраққа арнағам өз сөзімді, қалқам.
Kan
Сен Рессейдің құлаған зымыранын меңзеп айтып тұрсыңау шамасы. ол саяси мәселе қарындасым. топрақ бүлінгені рас, адамдарға зияны болғаны да рас. бірақ ол үшін Рессейліктер айып пұл төледі бірақ көлемін мемлекет айтпады.
ал жалпы жердің беткі қабаты топырақтың өзіне келер болсақ оның құрамының бұзылғанын ғалымтар баяғыданбері айтып келеді. ол енді экологиялық үлкен мәселе. Әйтседе сенің ойың керемет
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.