Қазақ тілін үйренуде жаңа әдіс

Өз ойым /
Телеарнадағы қазақ тілін үйренетін бағдарламаларды көрген кезде кәдімгідей күлкім келетін… Мүмкін, қазақ тілін өзім білгесін үйрету әдістері бір түрлі көрінгеннен кейін шығар… Ал сол бағдарламалардың шынымен қазақ тілін үйреткендерін көрдіңіздер ме? Себебі, ешкім ол бағдарламалар қорытындысын шығарып, бағдарлама бойынша қанша адам тіл үйреніп қанша адамға көмектескенін бақыламаған еді…

Кейде осы тіл мәселелсін көтерген кезде бізде тек айқайлау бар да, нақты іс жоқтай боп көрінетін.Өз ойым: Қазақ тілін үйренуде жаңа әдісӘлі де тіл мәселесі қазақ елінде жүрсек те өзекті тақырыпқа айналып отыр. Шынымды айтсам телеарналардағы тіл туралы бағдарламалар неге нақты іс әрекетке көшпейді екен деген ой келетін…

Алдыңғы аптада блогер ретінде жолым 1- Евразия каналына түсіп еді. Сонда қазақ тілі және қазақ тілді бағдарламалар жөнінде сөйлескен едік. Ол кісілер маған 4 — қарашадан жаңа «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде!» атты бағдарлама шығатынын хабарлады. Рас, алдыңғы бағдарламалар сияқты бағдарлама көз алдыма келе қалды, жасырмаймын… Ойымды ашып айтпағаныммен олар менің ойымды оқып қойған сияқты өз бағдарламалары туралы айтып берді.

Бағдарлама қазақ тілін үйретуге бағытталған. Ерекшелігі: қазақ тілін үйренуге деген құштарлығы бар әр ұлттың өкілінен әр түрлі жастағы әр түрлі маман таңдалынып алынып, қазақ тілін үйретуде жаңа әдіспен тіл үйретуді бастайды. Яғни, бұрынғыдай әр сөздің қазақшасы қалай екенін мың қайталап, оны қалай есте сақтау жолдары көрсетілмейді. Бағдарлама да қазақ тілі мамандары мен бірге ті үйренушілер мен журналистердің өздері де қатысады. Оларға жаңа методика мен тіл үйретіп қана қоймай арнайы тақырыпта пікірталас ұйымдастырылып, арнайы қазақ тілінде сұрақ-жауап бөлімі мен бірге арнайы үй тапсырмасы беріліп тексерілетін болады. Ең қызығы: оқу уақыты аяқталғаннан кейін олар арнайы тест тапсырады, яғни тікелей сауда орталықтарына, банк, ауруханаларға барып арнайы қазақ тілінде қызмет сұрап, қызмет көрсету кезінде қазақ тілінде сөйлесетін болады. Халықпен қазақ тілінде сөйлесу деңгейі тексеріліп, бағдарлама жеңімпазы анықталады…

Шынымен де, бұл біздің елде алғашқы қолданылып отырған әдіс, маған ұнады! Жеңімпаз анықталатын болса деймін, қандай сыйлық береді екен соңында???

6 пікір

Korkem
))) Марко быратты көргенімде ең алғаш таңырқап қалып едім. Сондықтан болар, маған да осы канал найд ше шамасы, сізде де сондай бір сезім болса керек
Aikona
маған аналитикалық бағдарламалары мен жаңалықты жеткізу стильдері ұнайды. Ең бастысы әсерелеушілік жоқ сол ұнайды.
yesbolat83
Сәттілік! Сәттілік! Сәттілік!
Бастағалы жатырған қадамдарыңызға тағы да сәттіліктер тілеймін!
Kan
Осылай осылай итшілеп қазақ тілінің мәртебесін көтерілер бұр күндері Құдай қаласа.
Yeld
Мен қалай қатыссам екен осы жобаға… Бөтен ұлт өкілі емеспін, алмайтын шығар… Неше түрлі курстарды көріп ем, мына курс әдемі сөйлеп үйретсе жақсы болады екен. Үйретуші маман мықты болса болды…
zhano_almuhambet
Жақсы бастама екеніне сенейік… Расында солай болар. Шынында алдындағы тіл үйрететін бағдарламаны көріп шашым ағарып кететін)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.