қыс

Өз ойым /
“БҮГIH ҚЫС БАСТАЛДЫ!”

1.ҚЫСтан ҚЫСылмай шығыңыз!
2.ҚЫСым көтерер проблемалар азайсын!
3.Көп қуаныштың арасына кесip келіп ҚЫСтырылмасын!
4.Ұятты ҚЫСтырмайтындар үшін ҚЫСылмаңыз! Бәрі де уақытша!
5.Қазақтар ҚЫСыр сөзден арылсын!
6.Отбасымыз ешқашан, ешкімнен, ештеңеден ҚЫСпақ көрмесін!
7.ҚЫСқа ғұмырдың әр сәтiне сәбише қуанып, әр жұтқан демге риза болайық!
8.Өмipдің өзі ҚЫСы-жазы керемет емес пе?!

Сөздің ҚЫСқасы: Енді ғана есіктен енген ҚЫС маусымы құтты болсын!

4 пікір

Yeld
Бүгін бірінші желтоқсан. Шарда әлі қар жауған жоқ. Жаңбыр жауып тұр. Желтоқсан айында жаңбыр жауып тұр!!! Біраз жыл болды, бұндай күз болмағалы. Мектепте оқып жүргенде (90-шы жылдар ортасы) болған осындай, декабрьде қатты жаңбыр жауып, жаңа жылды қарсыз қарсы алғанбыз. Әдетте қараша айында қар жауып қыс түсіп қалатын…
Madi
Менің есімде бар, 2005-2006 ғой деймін, 1-қаңтарда далада қар жоқ, жаңбыр жауған…
Jako
Таразда біздер үшін бұл қалыпты ауа-райы десек те болар деймін.
Kan
Қысты қатты құрметтеген қылығыңнан.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.