Ұмытамын!

Өз ойым /
Көңіл құшы көкжиектен оралмайтын еді кезінде. Аспандатқан, албыртқан сезімдерім қайда кетті?.. Махаббаты бар шығар жүрек түбінде деп үміттенбесем де, үзілген соңғы талшық қайта жалғанбасын іштей қанша ұқсам да, санаға сіңіре алмадым. Мен расымен ұнатады екенмін оны. Жоқ ұнатамын деп айта салу жай сөз екен. Осы күнге дейін «сүйем» деген сөзді айтаттындарды түсінбейтін едім. Дәл қазр өзім сол күйді бастан кешіп отырмын. Әттең бірақ тым кеш. Кеш. Қолда бар да алтынның қадірі жоқ. Мен де дәл сол жағдай, қасымда достық сезіммен жылытып жүргенде қадірін білмеппін. Ізім-ғайым жоғал күні ғана айналама қарап іздедім. Бірақ мен не жаздым соншалықты хабарсыз кететіндей. Мен нестедім? Осы сұрақтар мені жиі мазалайды. Тым болмаса ренжісіп, я болмаса ұрсысып кеткен жөн. Тым болмағанда себебін біліп отыратын. Ал үнсіз кету, сырттай тым жақсы болғанмен адамның ішін жегідей жейді. Жоқ маған керек емес. Маған керек емес мұндай адам деп айғай салғым келеді. Әттең… Мен бұл әлемдегі ең бақытты жанның бірімін болармын, бәлкім. Оқуым да бар өзім сүйетін, әке-шешем мен бауырларым да қасымда аман-есен, достарым да көп іздегенде табылатын қасымнан, жұмысым да бар қаржыдан қиналдым дейтіндей. Сонда маған не керек?.. Адам деген бір нәрсемен тоқтамас. Мен де қазір тек махаббат жоқ. Қуыс кеуде тіршілігін жасаған пендедеймін. Тым салқынмын, тым жалғызбын. Қасымда сонша қоршаған жақсы адамдар ішінде жалғызбын. Бәрінен де мұндай жалғыздықтан құдай сақтасын. Көңілсізбін. Түнді бұрын соңдай ұнатушы едім. Ал қазір ең жек көретінім түн. Өйткені түн тынышты алып келед. Ал тыныштық мені сонау «ол» туралы ойға жетелейді. Мен ол жайлы ойлаудан шаршадым. Тезірек ұмытайыншы.Ұмытамын! Тезірек...
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.