Бәріміз де сенейік...

Өз ойым /
Адам танымында ғылымға негізделмеген сенім бар. Ол,әсіресе, Құдайға деген сенім. Бір ғалымның айтқаны бар екен: «Мұхит ортасында суда қалған адамдардың арасынан атеистті кездестіре алмайсыз» деп. Расында, судың ортасында қауіпте қалған кез келген пенде кімнен екені белгісіз, әйтеуір, бір күштен жалбарына жәрдем сұрайды. Осы туралы тағы бір анекдот есіме түсіп кеткені: «Кішкене қайықта адам мұхит ортасында бір өзі қалып қойыпты. Сөйтсе, бір кеме кезігіп, -Ей, адамзат баласы, келіңіз көмектесейін ,-десе кемедегілер,әлгі жалғыз адам: Рахмет, қажет емес, маған бір Құдайым көмектеседі, — депті де жата беріпті. Біраз уақыттан кейін тағы бірі кез болыпты. Олар да көмек қолын созса, әлгі адам: — Рахмет бауырым қажет, маған бір Құдайым жәрдемдеседі», -депті. Ақыр соңында әлгі адам қайтыс болыпты. Сөйтіп, аспан әлеміне, Құдайдың алдына барып: -Ей, Жаратушым, сен мені неге құтқармадың, мен сені сонша күттім ғой, — десе, -Екі рет көмек қолымды создым, қабылдамай бастартқан өзіңсің, — депті Құдай».Жәрдемін Жаратушы айтып жеткізбейді.Оны түсіну үшін де сана керек.
Меніңше, барлығымызда сол бір сеніммен өмір сүреміз. Бүгін ұйықтап, ертең жақсы күн боларына сенеміз. Дұрыс жолмен жүрсек, болашағамыз жақсы болатынына сенеміз. Әйтеуір, бір жүрек түбіндегі сенім. Екі адам бірін-бірі ұғып, сенім артқанда адамдар арасында өзара достық болады. Екі адам бірін-бірі танып, мінезі үйлескенде, өзара сеніммен отбасын құрады. Барлығы да сенімнен құралған. Сондықтан жақсылыққа сенейік. Мен де қазір ертеңгі күнім сондай сәтті болатынына сенемін.

2 пікір

MSHERIMBEK
Сеніміңіз азаймасын. Міндетті түрде солай болмақ :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.