Ағылшын тілінен қалайсыз?

Осы ағылшын тілім дұрысталмай-ақ қойды. Бұрын мектеп қабырғасында бұдан оңай сабақ жоқ болатын. Ұят та болса мойындайын, бестік баға алып жүрсем де, пәнді меңгерген түгім жоқ екен. Әйтеуір, мұғалім берген тапсырмасын орындаумен ғана жүріптік те қойыптық. Қарапайым етістіктің төрт түрін шатастырып жүріп, Алматыдағы қайнаған қазанның ортасына түстік те кеттік. Осы қалаға келе салып, ағылшын тілінің маңызын ұға бастадым. Сіздерде де солай ма, ол жағын білмеймін. Алайда көбісінің жағдайы менікіндей. Бірінші курста бір жыл бойы сабақ өттік шуласып, расымен қиын-ақ болды. Әсіресе, емтихан кезі. Уақытша екен, сол қиындықтан ағылшынша сайрап кеткенім де шамалы. Бірақ бастапқы кірпішін Толқын апаймызбен бірге қаладық. Ал биыл мен төртінші курспын. Алдағы болашағым осы тілге тікелей қатысты екенін санаммен ұғып, ақылым жетіп тұрса да, тіл оқуым әлі де төменгі деңгейде. Бірақ әлі де болса меңгеру үшін күресіп келемін. Өйткені менің мамандығымның өзі тілге кікелей қатысты. Бұрындары ағылшын курсына бару үшін қаржы жетпесе, ал енді қаржы бар да, уақыт жоқ. Ех, десеңші… Осылай-ақ қартайып кетем бе деп қорқам… Қысқасы, «Айтаберліктер» сіз бен біз боп осы тілді меңгеру бір айдар ашып, ағылшынша жазысып, пікір бөлісіп тұрайық деген ұсыныс тастағым келеді. Қалай қарайсыздар? Ой бөлісіңізер.

11 пікір

avatar
  • AKA
  • +1
Ойй, несін айтасыз, кезінде Көршінің қызы бізге тегін сабақ үйрететін ағылшыннан. Бағаламаппыз-ау… Менің де ағылшыншам әлсіреп барады, курсты қойғалы ағылшын да тоқтады. Алдағы жоспарым өз бетімше дайындалу, ниетің болмаса қиын болады.
avatar
  • ulzhankzz
  • 0
иә, ниет керек-ақ) бірақ осы айтаберде ат салыссақ ынтамыз оянар деп ойлаймын
avatar
Негізі жақсы ұсыныс сияқты. МЕНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ МҮЛДЕ ЗАУҚЫМ ЖОҚ. БІРАҚ, АМАЛ ЖОҚ ОҚУҒА МӘЖБҮРМІЗ. ЕГЕР МӘЖБҮРЛІК БОЛМАСА АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ МҮЛДЕ ЖАҚЫНДАМАС ЕМ… ЖАЗЫЛУЫ БАСҚА, ОҚЫЛУЫ МҮЛДЕ БАСҚА, ҚАПТАҒАН КІРМЕ СӨЗДЕР… Ееееееееееееех…
avatar
  • ulzhankzz
  • 0
барі жақсы болады, әлі-ақ айтаберде ағылшынша пост жазып отырамыз)))
шет тілді үйренуге зауқысы соғып жүрген қолданушылар жетерлік!… Блогтұғырнамада тематикалық блог ашылса деймін, білгенімізбен бөлісіп, білмегенізді оқып дегендей ..«a» «b» «c» -дан бастармыз, құптаймын :)
avatar
  • ulzhankzz
  • 0
рахмет құптағаныңызға)))
кез келген тілді үйрену үшін оның практикалық жағын алып қарау керек, сонда ғана «зауқым жоқ» деген сияқты сөздерден арыласыз. ең бастысы мотивация дер едім. Неге үйренгіңіз келеді? Одан қандай нәтиже алмақсыз деген сияқты нақты сұрақтарға жауап беріп көріңіз. Екінші мәселе, ол ағылшын тіліндегі ортаға түсу. қазақстанда тұрып оны қайдан табам дейсіз ғой, иә? алайда интернет қазіргі күні үйден шықпай-ақ, өзге ұлт өкілдерімен тілдесу мүмкіндігін ұсынуда.
Жеке өзім интернет арқылы америкадағы, араб әмірліктерінегі бірқатар достарыммен тілдесу арқылы біраз жақсартып алдым. Және ең бастысы, сөздік қорыңызды арттыру қажет, бұған тек қана жатпай тұрмай ағылшын тілді кітап пен блогтарды оқу арқылы қолжеткізуге болады.
Мүмкін қол босағанда, өзімнің тіл үйрену тәсіліммен жазба арқылы бөлісермін:)
Не дегенмен, ағылшын тілінсіз қазір аттап баса алмайсың, оқу білім қазір сол ағылшын тілінде, сондықтан, замандастарыңыздан қалып қоймаңыздар!
avatar
  • ulzhankzz
  • 0
рахмет! сіздің постыңызды күтеміз))
avatar
  • tonukok
  • 0
Мен үшін тілді үйрену оңайлау осы. 5 тілдей білемін :) Ешқайсысына курсқа барғам жоқ. Тек қытайша үшін ғана 5 ай курсқа бардым
avatar
  • ulzhankzz
  • 0
өте жақсы)) Сіздің қабілетіңіздей болса ғой барлығымызда)))
avatar
  • Kan
  • 0
Жақсы болатын шығар. Тек менің ағылшынша мәнеріме қазақтар түгіл ағылшындар түсінбейді. Тілді мүлдем білмеймін десемде болады. Бірақ қатты қызығып жүрмін, білгім келеді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.