Құдай бар ма немесе біз чемпионбыз

1
Біраз ізденем, негізі. Бірден айтайын мұсылманмын. Медреседе білім алып, қасиетті құранның 3 параға жуығын жатқа білетінмін. Бізде әрбір қазақ туыла сала мұсылман болады. Кейде айналаңдағы аға-қарындастарыңның көзсіз сеніп жүргендеріне қарап ойланушы едім. Жуық арада да Абылай «Біз матрицаның ішіндеміз» деген сөзінен кейін біздің жаратылысымыз һәм құдайдың болмысы (салыстырмалы түрде) жөнінде өте терең ойға кеттім. Мен сұрақтар мазалады. Иә, мұсылманмын ғой. Бірақ, неге мен құдайдың бар екендігін сезіне алмаймын? Неге менің иман дәрежем оған жетпейтінін һәм не үшін дін өкілдерінің бізге сенімнен көре діннің заңдарын түсіндіре беретінін ұқпай басым қатты. Ал, бұл жайында бөліскен достарым да менің иманым нашар яки ішіме жын кіріп мені азғырып жатқанын айтып, құйрықты жұлдыздың ара қашықтығынан айналып тақырыпты айналдырып кетті. Мен өте көп сауалдың ішінде жалғыз қалдым…
Өткенде тағы да жаратылыс жайында толғанып отырып, тағы да бір сұраққа келіп тоқтап қалдым. Мен ақпараттық технологиялар саласында қызмет етемін. Біздің саламызда ақпарат һәм код деген нәрсенің қаншалықты маңызды нәрселер екенін білерсіздер. Сіздің қазіргі қолданып жүрген сан технологияларына негізделген барлық нәрселеріңіз ақпараттық коддардан тұрады. Компьютер амалдық жүйесі, сурет, әуен, видео, құжаттар барлығы барлығы да компьютерлік белгілі бір кодтардан тұратын ұзааақ ұзақ қатарлар. Әдетте біз оларды байттармен есептейміз. Сәйкесінше, бір өлеңіңіз яки суретіңіз 3-5 мегабайт арасында болады. Енді, бүкіл интернеттегі мәліметтерді есептеп қарасаңыз қанша болатынын есептей беріңіз. Жай флеш карта немесе қатқыл дискке оның барлығы сыйғызу мүмкін емес. Бұл ақпараттарды сақтау үшін әлемнің қаншама елдерінде қанша мыңдаған тонна-тонна серверлер жұмыс істейді. Ал адамның гендік коды қанша шығатынын ойланып көрдіңіз бе? 1 хромосоманың өзінде 45-279 миллионға дейінгі негіздер бар. Ал, мен хромосоманың өзін емес, адам баласының бүткіл бітімінің әр талшықтарына дейінгі барлық элеметтерін дискке яки флеш картаға жазсаң не болатын еді? Әрине, өте көп болатын еді. Жай ғана, 3D моделдейтін бағдарламалардағы адамның сыртқы бетбейнесіңіз өзі қаншама гигабайт шығады. Ендеше басқа органдар мен тері, қантамыр т.б ағзалардың кодтарын ойлана беріңіз, досым. Меніңше олардың барлығын жинақтайтын және сақтай алатын бір құрылғы шыға қойған жоқ. Тағы да сұрақтар еді…
Менің келіншегім кәсіби биотехнолог. Германия, Латвия елдерінде ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жүр. Өткенде үйде отырып тағы да осы тақырыпқа әңгіме басталды. Негізгі тақырып жаратылыс жайында болды. Мен одан адам баласының қалай қалай жаратылатынын һәм ол процесс қалай жүретінін түсіндіріп беруін сұрадым. Ол еркектің белінен бөлінген шәует қалай аналық жатырға түсіп, ол жерге барған миллиардтаған сперманың біреуі ғана аналық шарға кіріп, сол жерден баланың қалай дамитынын, оның әкеге яки анаға қалай ұқсайтынын жатық жатығымен түсіндіріп берді. Әрине, бұлардың барлығын да биология сабағынан өткен болатынбыз. Бірақ, аса бір мән бермеген екенмін. Неге біздің өз жаратылысымызға осынша жеңіл қарайтындығымыз мені іштей қынжылтты. Тағы ойға баттым. Сондағысы аналық жатырға ең соңында еркек ұрығының бір ғана талы барады ғой. Бір ғана талы түсінесіз бе? Оның үстіне ол бір ғана талды сіз көзіңізбен түгілі микроскоппен зорға көресіз… Ал, сол кішкентай нәрседен толыққанды сәби түзіліп шығады. Бір қызығы әкесінен аумай яки шешесінен аумай, не болмаса көздері мынаған, түсіне анаған тартып туылады ғой. Керемет емес пе, иә? Егер сөзім түсініксіздеу болса, мына видеоны көріп алуыңызға болады.


Менің таңқалдырған нәрсе бұл емес-тін. Қалай кішкентай бала әкесінен аумай туылады, мысалы? Жоғарыда айтып өткеніміздей қанша мыңдаған генетикалық информация қалайша жаңағы жерде өңделіп адам бейнесіне айналатыны таңқалдырды. Қарапайым адамның дене мүшесінің бір бөлігінің генетикалық коды жай технологияға сыймай жатқан кезде, сіздің беліңізден жатырға кеткен кіп-кішкентай көзге көрінбейтін бір тал ұрық сонша миллиондағын гигабайт, тіпті террабайт генетикалық ақпаратты ойланбай тасымалдап отырғаны бұл жай ғана табиғаттың құбылысы емес еді. Қап-қараңғы басымда жап-жарық шам жанғандай болды.
— Заным, — деп жарымның саусақтарымен көзімді сүртіп жатқан жерінен ойымды жинап алдым…
Біз жай ғана кездейсоқ жаратылыс болуымыз мүмкін емес еді… Бізді осындай шеберлікпен жаратқан біреудің бар екендігі хақ, досым. Көре білгенде, іздей білгенге дәлел әрқашан да бар. Біздің мына үлкен дүниеде бекер жүрмегеніміз де ақиқат. Ал, ол ақиқатты тағы да ақылыңды жаратып ойлансақ табатынымызға еш күмән жоқ!

P.S. Ал, дәл осы уақытта Youtube сайтында екі мұсылман құдайдың қолы бар ма, аяғы бар ма, ол барлық жерде ма, әлде бір жерде ма деген тақырыпта таласып отыр. Неткен ақымақтық десеңші…

10 пікір

avatar
  • Kan
  • +1
Иманың арта берсін.Жүрегіне Алла иман берген әр пенденің басынан өтетін жәй ғой. МашАлла иманың арта берсін. Алланың барына оның құдіретіне, еш жаратылысқа ұқсамайтын пәктігіне деген сенімің нығайя бергей. Мұсылман бауырым жаннаттық болғайсың.
avatar
Кішкентай ғана жүрегінің соққанын көргенде денем тітіркеніп кетті. Минутына 140 рет соғады дейді білуімше… Көзінің, құлағының қалыптасуы… Кішкентай ғана адамның пайда болуы. Екі ой бар. Біріншісі өзім сәби болғым келеді. Мына дүниеден еш хабары жоқ нәресте немесе өзімнің нәрестем болса екен…
avatar
  • yerbol89
  • 0
Садық сен өзі нішәйнәәәә папа болайын деп жүрген жоқсың ба? :)
avatar
  • Korkem
  • +1
Медрессе оқыдым? Иманым әлсіз? Менің де бір ағам айтушы еді, өзі де бір уағызшыл-тын: «Менің иманым тым әлсіз», — дейтін ол, — «ылғи үзіліп кете береді, әр үзілген сайын мен оны қайта байлап әуре болам»
Бұл өмір, бұл дүние шектеулі ғана, яғни жалған ғой. Ал Аллаһтың қандай екенін ешкім білмейді, ол кәдімгі адам секілді ме әлде нұрдан жаралған ба? Бір хадисте Алланың шырақ айналасына қалай жарық түсірсе Ол (Аллаһ) да айналасын тура солай көреді делінген.
Біз өмір сүріп жтқан бұл дүние қаншалықты шектеулі болса о дүние мәңгі, яғни шексіз!
Біз, пенделер шектеулі әлемде өмір сүріп жатқандықтан шексіз дүниеге ой-өрісіміз жете бермейді. Сондықтан қызыл-кеңірдек болуды қойып, иманымызды арттырған дұрысырақ болар.
avatar
  • ulzhankzz
  • +1
Жазбаңызды бір қайтара іштей оқыдым, сосын тағы да оқыдым. Сіздің ойыңызды «P.S»-дан бірақ ұқтым десем де болады. Рас, әрбір адамның санасына оралатын дүние. Адам жаратылысын әлі ешкім де дәлелдемеді.Тіпті, Дарвинның ойлап тапқанын да нақты ғылым жоққа шығаруда. Бірақ та, бұл ғаламды Жаратушы бір күш бары анық.
avatar
  • miras
  • 0
Қуаныштымын. Құранда да Ойланбайсыңдар ма? Ақылға салмайсыңдар ма?-деп келетін аяттар көп. Біз мұсылман болғанымызға шүкір етуіміз керек. Мұны түсінбей, ойланбай кетіп жатқан адамдар қаншама?
avatar
Бәрімізге де жаратылыс жайлы көп ойлану керек
avatar
Бауырым, ойланып-толғануың рас екен. Алайда басқа біреудің артынан сөз (ғайбат) айтып оның іс-қимылын ақымақтыққа теңестіру, ол адам да Қазақстанның Діни басқармасының ресми өкілі екендігін білер болсаңыз менің ойымша олар айтпас едіңіз. Ол кісілердің қарастырып отырған тақырыптарын тереңдігінен түсінбей, оларға осылайынан үкім шығарып жатқан шығарсыз.
avatar
  • kema
  • 0
miaaaa, ne bop jursin????? Libaaa, sende Abylai dyn ar jaq ber jagyna shygaiyn dep jur ekensin go)))((((((((
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.