Өткен жылға өкпе жоқ!

Өз ойым /
Сіз өзіңізден есеп аласыз ба? Абайша айтсақ, тым болмаса аптасына өзіңіз істеген іс-әрекетке сараптама жасайсыз ба? Қанша тырыссам да осылай өз-өзіммен есептесуді үйрене алмай-ақ қойдым. Мен тек дүйсенбі болғанын, сосын жексенбі туған күнді ғана білемін. Соншалық уақыт жылдам өтетін қандай құдірет десеңші. Адам уақыттың құлы екені де рас-ау. Міне, көзі ашып жұмғанша 2013 жылды аяқтамақпыз. Осы жыл несімен сіздің есіңізде қалды?.. Осыдан бір жыл бұрын жазған күндегілімде 10 басты мақсатты жоспарымды оқыдым. Қарап отсам, оның 3-і орындалмапты. Алайда, оның орны өзгесімен толыққандай сараптап қарасам. Өзімді рухани жақтан жақсы жетілдірдім деп ұялмай айта аламын. Өйткені әлемдік және қазақ классиктерінің әдебиеттерімен жақсы таныстым. Ағылшынымды аз-маз сүйреледім.(Бірақ орындалмай қалған тізімде бұл әзірге). 4 жылдық алған дәрістерімді толықтай жаптым. Яғни, соңғы семестрді ойдағыдай аяқтадым. «Қызылға» үміттімін. Әзірге мамандық бойынша жұмысқа да орналастым(құжат жүзінде 2014-тің несібесіне қалып отыр). Пайда табатын өзге жұмысым тағы бар)))Оған да шүкір. Қуаныш пен қайғыда жан ақтара бөлісетін құрбыларды таптым. Аллам амандық пен бақ-береке берсін оларға. Отбасымда өте жақсы. Қысқасы өткен жылға өкпе жоқ. Келер жылға үміт көп… Ел аманда, бейбіт заманда табыстарға жете берейік!

4 пікір

Flower
Алға қойған мақсаттарыңызға жете беріңіз, жарайсыз!) Универдің ғана емес, өмірдің де "қызыл дипломын" ин ша Аллах ала беріңіз, өмір сынағынан да сүрінбей өтіңіз).
ulzhankzz
рахмет))) айтқаныңыз келсін)
Kan
Абайдың немере қызы болғаныңнан айналайын. Есеп беріп артынан шүкірлік еткенің, жарасымдақ. Келесі жылда саған жақсылық әкелсін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.