Жай ғой менікі...

Өз ойым /
Қазір сағат таңғы 4-18. Мен жұмысымда отырмын. Алматының суығы терезенің бетіне қатқан қырауынан –ақ қаһарына мініп тұрғанын аңғаруға болады.Тыныштық. Үнемі тыныштықта ішкі толғаныс адамды мазалайды ғой. Одан да шуласып уақыт өтіп кетсе деп тілейсін. Егер де мен бар ғой ғарышқа ұшсам… Жоқ одан да, жер жүзін аралап саяхатшы болсам ғой… ай өмір-ай десеңші. Біреуге арман болған, біреуге қайран болған. Қазіргі оқырман палсапалықты ұнатпайды, ақылгөйсіап жазғанды да… Бірақ мен біреуге ұнасын деп жазып отқаным жоқ. Қазір жасым не бәрі жиырмада болсада кейде кейде өзім ді кеспірлерше ойлайтындай сезінем қасымдағы құрбыларымнның қасымда. Ех, мұның астары ауылдық тәрбие жатқан болар немесе менің анамның… Егер де бар ғой… Білмедім, ой шашыраңқы, көңілді түрлі ой мазалайды… «Неге біз осындаймыз»…
Айтқандай ертең туған жеріме жол жүрем… Келер жылда жазбамен бөліскенше…

2 пікір

Kan
адамның көңілі алабұртып тұратыны ол заңдылық қой. Сан ойдың шимайына шырмалған сендей бойжеткенің ақылынан айналдым.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.